Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін президент сайлауына үмкіткер ұсынуға берілген уақыт 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталды. ҚазАқпарат сайлаудың күнтізбелік жоспарына сүйене отырып, саяси науқанның әрі қарай қалай өрбитінін баяндайды.Үміткер ұсынуға 19 күн берілді2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қолданыстағы сайлау туралы заңнама бойынша әзірленген.Мәселен, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан сағат 18.00-де аяқталды. Осы кезеңде 5 үміткердің талаптарға сәйкестігі анықталған. Кеше ОСК тағы екі үміткердің ҚР Президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес екендігі туралы қаулы қабылдады. Олар – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі үміт артып отырған Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова мен «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Жұматай Әлиев.Ал, Нұржан Әлтаевтың үміткер ретінде тапсырған құжаттарының төңірегіндегі дау ушығып барады. Президенттікке ұсынды делінген «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп, сотқа жүгінген. Соны алға тартып, Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады.«Біз кандидат тапсырған құжаттарды құзырлы органдарға жіберіп, сәйкестігін анықтадық. Кеше Астана қалалық соты бізге Н. Әлтаевты кандидат ретінде қабылдау туралы хаттаманы уақытша тоқтату туралы ұйғарымын ұсынды. Сол себептен, Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді уақытша тоқтата тұрады», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.Қалған 4 үміткердің де Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралып жатыр.Ол талаптар мынандай:- тумысынан Республика азаматы болуға тиіс;- ҚР аумағында соңғы он бес жыл бойы тұруға тиіс;- жоғары білім;- қырық жасқа толған;- белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс;- мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға тиіс;- мемлекеттік тілді еркін меңгеруi тиіс.Үміткерлерді тіркеуге 29 күн беріледіСондай-ақ, кеше ОСК кезектен тыс президент сайлауының үгіт-насихат кезеңіне өткен алғашқы кандидатты тіркеді. Ол – халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев.Жалпы, үміткер ұсынуға ұзын саны 19 күн берілсе, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауға 29 күн көзделген, яғни бұл шара 21 қазанға дейін жалғасады.Осы аралықта сайлау заңнамасына сай толық іріктелген кандидаттар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1% қолын жинау қажет. 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізген. Осылайша, әр кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың 118 273 сенім қолы жиналуы керек.Ол жиналған қолдардың дұрыстығы да 21 қазанға дейін тексеріліп бітуі керек.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағы бойынша, ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мына құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:1) қоғамдық бірлестіктің жоғары органының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті Республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген хаттаманың үзіндісі;2) Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш;3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;4) кандидаттың өмірбаяндық деректері;4.2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.Үгіт-насихат қашан басталады?Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін басталып, 2022 жылғы 22 қазаннан 19 қараша сағат 00-00-ге дейін жалғасады. Бұл процеске берілген 28 күн түгесілген шақта «тыныштық күні» жарияланады – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (22 қарашадан кешіктірмей) жеткізіледі. Демек, сайлаудың алдын ала қорытындылары 21-22 қараша аралығында жариялануы шарт.Заңнамада сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, сайланған Президентті тіркеу сайлаудан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде көзделген. Бұл жолы сайлау қорытындыларын анықтап, сайланған Президентті тіркеуге 7 күн беріліп отыр – 21.11.2022 ж. – 27.11.2022 ж.Қорытып айтсақ, кезектен тыс президент сайлауы дауыс беру күнін қоса есептесек, Жарлық жарияланған күннен бастап 60 күннің ішінде өтуі керек. Үміткер ұсыну кезеңі 19 күнге, қолдардың сәйкестігін анықтау, беру, жинау және тексеру 29 күнге, сайлау алдындағы үгіт-насихат 28 күнге, дауыс беру алдындағы «тыныштық күні» 1 күнге, дауыс беру процесі 1 күнге, қорытындыларды белгілеп, сайланған Президентті тіркеу 7 күнге созылады. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы ақпараттық хабар сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен қалмай, яғни 30 қарашадан кешіктірмей жариялануы керек.Байқаушылар мен БАҚ өкілдерін аккредиттеуШет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттейді. Аккредиттеуді өткізу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2022 жылғы 14 қарашада елорда уақыты бойынша 18.00-де аяқталады.Сондай-ақ, 1 қарашаға дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын оқытуды аяқтау,18 қарашаға дейін учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін оқыту жоспарланған.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Кандидатура Cалтанат Турсынбековой соответствует требованиям закона – ЦИК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Центральной избирательной комиссией установлено, что кандидат в Президенты РК Салтанат Турсынбекова соответствует требованиям, предъявляемым к ней Конституцией РК и Конституционным законом РК «О выборах в РК», передает корреспондент МИА «Казинформ».На повестке дня стоял вопрос об установлении соответствия кандидата Салтанат Турсынбековой в Президенты РК. Член Центральной избирательной комиссии Алтынбек Смагулов напомнил, что Салтанат Турсынбекова была выдвинута от общественной организации «Қазақ аналары – дәстүрге жол».Ранее лингвистическая комиссия Центральной избирательной комиссии приняла решение о том, что кандидат в Президенты Республики Казахстан Салтанат Турсынбекова владеет государственным языком.Так, как сообщил председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров, в соответствии подпунктом вторым пункта третьего статьи 54, пунктом шестым статьи 56 Конституционного закона РК кандидат в Президенты РК Салтанат Турсынбекова соответствует требованиям, предъявляемым к ней Конституцией РК и Конституционным законом РК «О выборах в РК».Всего ЦИК приняла документы от 12 кандидатов. Выборы назначены на 20 ноября. Кандидат в Президенты должен иметь гражданство РК по рождению, высшее образование, проживать на территории РК последние 15 лет. Возраст должен быть не моложе 40 лет. Претендент должен обладать активным избирательным правом, иметь опыт работы на государственной службе или на выборных должностях не менее 5 лет, свободно владеть государственным языком. Каждый кандидат в Президенты РК должен собрать 118 тысяч подписей.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.«Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Кандидатура Жуматая Алиева соответствует требованиям закона – ЦИК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Центральная избирательная комиссия установила, что кандидат в президенты РК Жуматай Алиев соответствует требованиям, предъявляемым к нему Конституцией РК и Конституционным законом РК «О выборах в РК», передает корреспондент МИА «Казинформ».«В соответствии с подпунктом вторым, пункта третьего статьи 54, пункту шестому статьи 56 Конституционного закона РК Центральная избирательная комиссия постановляет, что кандидат в президенты РК Жуматай Алиев соответствует требованиям, предъявляемым к нему Конституцией РК и Конституционным законом РК «О выборах в РК», – сообщил председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров.Всего ЦИК приняла документы от 12 кандидатов.Выборы назначены на 20 ноября. Кандидат в Президенты должен иметь гражданство РК по рождению, высшее образование, проживать на территории РК последние 15 лет. Возраст должен быть не моложе 40 лет. Претендент должен обладать активным избирательным правом, иметь опыт работы на государственной службе или на выборных должностях не менее 5 лет, свободно владеть государственным языком. Каждый кандидат в Президенты РК должен собрать 118 тысяч подписей.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді – ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҚР Конституциялық Заңының 54 -бабы, 3-тармағына және 2-тармақшасы, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін қаулы етеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Пезидентігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру сынағанын сәтті өтті.«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», – делінген хабарламада.Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, көпшілік дауыспен кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергені туралы шешім қабылдады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий