Сайлау: Мемлекеттік тілден емтихан тапсырған кандидаттар қандай нәтиже көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лингвистикалық комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер кандидаттардың мемлекеттік тілден тапсырған емтиханының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтайтын линвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист ғалымдар, профессорлар, академиктер, филология ғылымдарының докторлары және ішінде филология ғылымының бір кандидаты бар. Комиссия мүшелері алқалы талдау өткізіп содан кейін ғана шешім қабылдады. Емтихандар әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, тең құқылы негізде жүзеге асты. Кандидаттардың емтиханға дайындалуына, комиссия алдында жауап беруіне қажетті жағдай толық жасалды. «Ауыл» партиясының атынан түскен [Жигули Дайрабаев] азаматта қате өте аз болды. Өйткені, тілі жүйрік екен. Ол ауылда туып-өскен азамат болғаннан кейін барлық тақырыпта таза сөйлеп, ойын еркін жеткізді. Мысалы, әйел кандидаттардың ішінде де ондай азаматтарды байқадық. Ой-өрісі кең, ойын анық жеткізе алады. Біз тек емле қателерін ғана емес, олардың тәжірибесін, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, тақырыпты аша білуін жан-жақты талдай отырып бағаладық», – деді лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов.Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова емтихан тапсырған бүкіл үміткерде емле қателері болғанын атап өтті.«Жасыратыны жоқ, үміткерлердің ішінде бір де бір емле қатесін жібермей мәтін жазғаны болған жоқ. Бұл үміткерлеріміздің жазу дағдысының осалдығын білдірмейді. Бұл жазу коммуникациясының тілдің ең күрделі саласы екенін білдіреді», – деді Анар Фазылжанова.Айта кетейік, бұған дейін құжат тапсырған 12 кандидаттың 8-і мемлекеттік тіл сынағынан өтіп, барлығы қазақ тілін еркін меңгергенін растады.Ал халықтық коалиция атынан ұсынылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлеттік тілден емтихан тапсырмайды.Сонымен қатар, бүгін Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырған 3 кандидатты тіркеуден бас тартты. Жауапты орган мәліметінше, олардың кандидатурасы заң талаптарына сай келмейді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Кандидат в Президенты РК Бакыт Жанабаев сдал экзамен на знание госязыка

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Кандидат в Президенты РК Бакыт Жанабаев сдал экзамен на знание государственного языка, передает корреспондент МИА «Казинформ».«На повестке дня стоит вопрос о результатах экзамена на знание государственного языка кандидата в Президенты РК Бакыта Жанабаева. По каждому заданию кандидат в Президенты РК сам выбрал темы. Первое задание – написание сочинения на тему «Экология – бүгіннің басты мәселесі». Во втором задании кандидат прочитал отрывок из сборника Миржакыпа Дулатова «Оян, қазақ!». Третьим заданием было публичное выступление на тему «Адал еңбек – игілік көзі», – сказал председатель лингвистической комиссии ЦИК РК Адиль Ахметов.По его словам, в ходе выполнения первого задания кандидат ясно выразил свою мысль в письменной форме, допущены орфографические ошибки. На втором задании кандидат соблюдал нормы выразительного чтения. На третьем задании кандидат ясно выразил свою мысль, раскрыл идею выбранной темы.Лингвистическая комиссия большинством голосов и при одном воздержавшемся приняла решение о том, что кандидат в Президенты РК Бакыт Жанабаев владеет государственным языком.Ранее сообщалось, что в последний день регистрации кандидатов в Президенты РК свои документы в Центральную избирательную комиссию сдал Бакыт Жанабаев от общественного объединения «Казахстанская лига любителей футбола».Бакыту Жанабаеву 46 лет. Работает на государственной службе с 2001 года. На сегодняшний день является сотрудником департамента государственных доходов Министерства финансов РК.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы сәттерде құжат тапсырған ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев әр тапсырма бойынша тақырыптарды өзі таңдады. Бірінші, жазба тапсырмада «Экология – бүгіннің басты мәселесі», екінші, ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші, жұрт алдында сөйлеу тапсырмасы «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын білдірді. Нәтижесі бойынша ойын еркін жеткізе алады, мәтін мазмұнын түсінікті жеткізді, тақырып идеясы ашылды. Бірақ емле қателері болды. Осыған сәйкес, лингвистикалық комисссия Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергенін дауысқа салғанда, комиссияның 1 мүшесі қалыс қалды, 5 мүшесі қолдады. Нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген делінген қорытынды жасалды», – деп емтихан қорытындысын жариялады лингвистикалық комиссияның төрағасы Әділ Ахметов.Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

ЦИК не зарегистрировала трех кандидатов в президенты

ЦИК отказала в регистрации главе Союза строителей Казахстана Талгату Ергалиеву, кандидату от объединения оралманов Хайрулле Габжалилову и кандидату от РОО “Практическая психология” Фатиме Бизаковой, сообщает Zakon.kz.ЦИК РК сообщила, что кандидаты не соответствует требованиям.Хайрулла Габжалилов не является гражданином Казахстана по рождению, не имеет опыта работы на госслужбе.Для выдвижения в президенты опыт работы на госслужбе должен составлять не менее пяти лет. У Талгата Ергалиева опыт – три с половиной года.Фатима Бизакова не имеет опыта работы на госслужбе.12 октября объединение “Мұқалмас” через суд требует признать недействительным выдвижение Нуржана Альтаева.20 ноября состоятся внеочередные выборы президента Казахстана.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

ОСК президенттікке үш кандидатты тіркемеді

ОСК Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиевті, қандастар қауымдастығының кандидаты Хайрулла Ғабжалиловты және “Практикалық психология” ҮЕҰ кандидаты Фатима Бизақованы тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың талаптарға сай келмейтінін хабарлады.Хайрулла Ғабжалилов тумысынан Қазақстан азаматы емес және мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.Президенттікке ұсынылу үшін кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуы керек. Талғат Ерғалиевтің үш жарым жылдық тәжірибесі бар.Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.12 қазанда “Мұқамас” қауымдастығы сот арқылы Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын жарамсыз деп тануды талап етті.20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий