Когда состоятся теледебаты кандидатов в Президенты РК

Телевизионные дебаты кандидатов в Президенты Казахстана планируется провести 11 ноября на телеканале «Хабар». Об этом стало известно на заседании Центральной избирательной комиссии РК, передает корреспондент МИА «Казинформ».«11 ноября мы планируем проведение телевизионных дебатов на телеканале «Хабар» с участием кандидатов в Президенты. Мы говорим об этом заранее, на самом старте предвыборной агитации для того, чтобы у кандидатов и их штабов была возможность заранее полноценно подготовиться», – заявил председатель ЦИК Нурлан Абдиров в ходе заседания.Как пояснила член ЦИК Анастасия Щегорцова, кандидаты в Президенты вправе участвовать в предвыборных дебатах.«Порядок и условия проведения предвыборных дебатов определяет Центральная избирательная комиссия», – добавила член ЦИК.21 октября в 18:00 стартовала предвыборная агитация кандидатов в Президенты Казахстана.Шесть человек зарегистрированы кандидатами в Президенты.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент сайлауы: Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды

21 қазан күні сағат 18:00-де Президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де – кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлаудан бір күн бұрын яғни 2022 жылғы 19 қарашада сағат 0:00-де аяқталады.«Сайлауалды үгіт-насихат үш тәсілмен жүргізіледі: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы, баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару мен тарату арқылы», – деді ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.Материалдарды тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазанға дейін эфир мен баспаны ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялап, Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс болды. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясына БАҚ-тан 320 ақпараттық хабарлама келіп түсті. Жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларды қоспағанда кандидаттардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат кандидаттардың сайлау қорынан төленуі тиіс.19 қарашада республика бойынша тыныштық күні басталады.ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды.Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтті.Айта кетейік, 21 қазан сағат 18.00-де президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталды.Сондай-ақ, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Президенттікке ұсынылған Бақыт Жаңабаевтың, Нұржан Әлтаевтың және Жұматай Әлиевтің кандтидатурасын тіркеуден бас тартты.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

В нашей стране есть гендерное равенство – кандидат в Президенты РК Каракат Абден

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – После заседания Центральной избирательной комиссии, на котором Каракат Абден зарегистрировали кандидатом в Президенты РК, она ответила на вопросы представителей СМИ. Отметим, что Каракат Абден – единственная женщина-кандидат в Президенты РК. По ее словам, политик всегда должен быть на старте, поэтому она готова к предвыборной гонке, передает корреспондент МИА «Казинформ». «Набрала необходимое количество подписей. Сегодня получила свидетельство о том, что являюсь кандидатом в Президенты РК. Хочу выразить благодарность каждому, кто меня поддержал, особенно моему штабу, а также Национальному альянсу профессиональных социальных работников. Нужно признать, что сбор подписей – непростая задача. Мои коллеги, члены штаба в этом мне помогли. Моя предвыборная программа готова. Скоро обнародую ее. Что касается времени на подготовку, нам выбирать не приходится. Есть законодательство. Я считаю, что политик всегда должен быть готов. Во всех регионах штабы открыты. Мы проведем предвыборную гонку на самом высоком уровне. Я в этом уверена», – поделилась кандидат в Президенты РК.Она отметила, что выдвигается в Президенты, чтобы вынести на высокий уровень те вопросы, которыми она занимается.«То, что сегодня я стою за этой трибуной, как женщина-кандидат, думаю, говорит о многом. Все-таки в нашей стране есть гендерное равенство. Я стремлюсь к победе, и в этом я очень уверена», – добавила Каракат Абден.Также Каракат Абден прокомментировала вопросы, связанные с нашумевшей книгой «Ты – казашка, гордись!», в которой девочек учат целомудрию. В книге расписаны также 160 лайфхаков для молодых девушек от автора.«Когда вы задаете вопрос об этой книге, призываю всех прочитать ее. Так получилось, что многие высказывания вырваны из контекста. Я хочу сказать, что казашки по рождению уже феминистки. Мы всегда были наравне с мужчинами. Об этом вся книга, что казахские женщины всегда были свободные, они никогда не покрывались, были наравне с мужчинами, шли в бой, к ним всегда прислушивались. В книге я сделала призыв девочкам, чтобы они не боялись, не строили себе стеклянных потолков и были уверены в своей победе. Мой выход сегодня – тоже об этом. Я, конечно же, за феминизм. И то, что я здесь стою – тоже заслуги феминизма», – отметила Каракат Абден.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Бұл мүмкіндікті көп күттім, сайлауалды бағдарламам дайын – Қарақат Әбден

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына кандидат Қарақат Әбден БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін өмірімде маңызды қадам жасадым. Президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, куәлік алдым. Осы орайда маған қолдау танытқан жандарға алғыс айтамын. Сондай-ақ, менің штабым және кәсіби әлеуметтік жұмысшылар бірлестігіне ризашылығым шексіз. Бүгінде сайлауалды бағдарламам дайын. Таяуда көпшілікке таныстырамын», – деді Қарақат Әбден ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.Сондай-ақ, кандидат үгіт-насихат жұмысының дайындық барысына тоқталды.«Иә, үгіт-насихатқа дайындалуға уақыт аз. Дегенмен заң бар. Саясаткер кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Еліміздің барлық өңірінде штаб жұмыс істейді. Барынша тырысамыз. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырамыз, оған сенімдімін. Мен бұл мүмкіндікті көп күттім. Себебі мен алға қойып отырған мәселелер жоғары деңгейде қаралуы керек. Менің әйел кандидат ретінде тіркеліп, трибунада сөйлеп тұрғанымның өзі біраз дүниеден хабар береді. Елімізде гендерлік тепе-теңдік бар. Әрине, жеңіске ұмтыламын және өзіме сенімдімін», – дейді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Жигули Дайрабаев: Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап беремін

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында журналист сұрақтарына Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Баспасөз мәслихатында Жигули Молдақалықұлына «Сайлаудағы басты қарсыласыңыз кім?» деген сұрақ қойылды.«Сайлау – саяси дода. Бұл саяси додада біз бар тәжірибемізді, білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына жұмсаймыз. Мен сайлауға қорқып, үркіп, біреуді жақтаймын деп қатысып отырған жоқпын. Сайлау нәтижесінде кім жеңеді оны Қазақстан халқының сайлаушылары шешеді»,- деп жауап берді ол.Сондай-ақ, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 дауысты жинаған. Оның 119 975-і анық деп танылған болатын. Үміткер бұл сайлаушылардың сайлау барысында өзін қолдайтынына сенімді.«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясында 300 мыңнан аса мүшесі бар. Одан бөлек, 52 мыңнан  астам Қазақстан фермерлер қауымдастығының мүшелері бар. Осы мені қолдап, сенім артып отырған әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта да Қазақстанның 20 өңірін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сайлаушылардың маған дауыс беретініне сенімдімін»,-деді үміткер.Баспасөз мәлихаты барысында ол журналистің медициналық тексерістер туралы сауалына да жауап берді.«Менің денім сау. Жас жігіттермен күресейік десеңіз, шығып күресе аламын. Салауатты өмір салтын бір адамдай ұстанатын азаматпын. Алатаудай ауылда спортпен айналысқан адам ретінде денсаулығымның жақсы екенін айта аламын»,- деді Жигули Молдақалықұлы. Айта кететін бір жайт, сұраққа орысша жауап беруін сұраған журналиске «Мен қай тілде сұрақ қойсаңыз да, қазақ тілінде жауап қайтарамын» деп баса айтты.Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/zhiguli-dayrabaev-qay-tilde-suraq-qoyylsa-da-qazaqsha-zhauap-beremin-289767/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий