Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында журналист сұрақтарына Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Баспасөз мәслихатында Жигули Молдақалықұлына «Сайлаудағы басты қарсыласыңыз кім?» деген сұрақ қойылды.«Сайлау – саяси дода. Бұл саяси додада біз бар тәжірибемізді, білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына жұмсаймыз. Мен сайлауға қорқып, үркіп, біреуді жақтаймын деп қатысып отырған жоқпын. Сайлау нәтижесінде кім жеңеді оны Қазақстан халқының сайлаушылары шешеді»,- деп жауап берді ол.Сондай-ақ, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 дауысты жинаған. Оның 119 975-і анық деп танылған болатын. Үміткер бұл сайлаушылардың сайлау барысында өзін қолдайтынына сенімді.«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясында 300 мыңнан аса мүшесі бар. Одан бөлек, 52 мыңнан астам Қазақстан фермерлер қауымдастығының мүшелері бар. Осы мені қолдап, сенім артып отырған әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта да Қазақстанның 20 өңірін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сайлаушылардың маған дауыс беретініне сенімдімін»,-деді үміткер.Баспасөз мәлихаты барысында ол журналистің медициналық тексерістер туралы сауалына да жауап берді.«Менің денім сау. Жас жігіттермен күресейік десеңіз, шығып күресе аламын. Салауатты өмір салтын бір адамдай ұстанатын азаматпын. Алатаудай ауылда спортпен айналысқан адам ретінде денсаулығымның жақсы екенін айта аламын»,- деді Жигули Молдақалықұлы. Айта кететін бір жайт, сұраққа орысша жауап беруін сұраған журналиске «Мен қай тілде сұрақ қойсаңыз да, қазақ тілінде жауап қайтарамын» деп баса айтты.Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/zhiguli-dayrabaev-qay-tilde-suraq-qoyylsa-da-qazaqsha-zhauap-beremin-289767/
Жигули Дайрабаев: Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап беремін
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.