Сауалнамаға қатысқан 10 мың студенттің 86 % референдумға баратынын айтқан

Қазақстан студенттері альянсы өткізген онлайн сауалнамаға қатысқан 10 мың студенттің 86 % референдумға баратынын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы аталмыш альянс президенті Ілияс Түстікбаев Л.Гумиев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен дөңгелек үстелде айтты.

«Осы айдың басында, референдум туралы алғашқы түсіндіру жұмыстарын бастаған кезде жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен оқытушыларын қамтимыз деп жоспарладық. Университеттер мен жоғары оқу орындарында 1 миллиондай адам білім алып жатыр. Бірақ олардың бәрі 18-ге толмағанын ескеру керек. Қазір бүкіл колледждер мен униерситеттерде референдумды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп болды. Жасы 18-ге толған 300 мың студент қамтылды», – деді ол.

Айтуынша, түсіндіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік желі арқылы онлайн сауалнама жүргізілген.

«Әлеуметтік желідегі парақшаларымызда 70 мыңдай оқырман бар. Кім референдумды қолдайтынын сұрап, сауалнама жүргізгенбіз. 80% референдумға баратындарын, қолдайтындарын айтты. 70 мың оқырманның 10 мыңы сауалнамаға қатысқан болатын. Нақтырақ айтсақ, 86%-ы референдумға баратынын айтып дауыс берсе, шамамен 11-12% әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты. Яғни, бұларға түсіндіру жұмыстары жетпеген деп есептедік. Немесе толық түсініп үлгермеген», – деді Ілияс Түстікбаев.

Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал.

https://www.inform.kz/kz/saualnamaga-katyskan-10-myn-studenttin-86-referendumga-baratynyn-aytkan_a3939399
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Референдум еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады – ҚР Президенті

Реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін өткізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі жалпыұлттық референдум алғаш рет өтеді. Бұл оқиға еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады. Еліміздің азаматтары конституциялық өзгерістердің мән-маңызын жалпы түсінеді», – деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, референдумға елімізде де, шетелде де қызығушылық жоғары. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұраныстың жоғары екендігін, адамдар алдағы өзгерістерге шынайы сенетіндігін білдіреді.

«Бұл – заңдылық. Өйткені, реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесіне орай өткізіледі. Маған елдің ішінде және шетелден «іс басындағы Мемлекет басшысы референдум арқылы өз өкілеттігі мерзімін ұзартпақ па? Яғни, президенттік мерзімін жаңадан қайта бастамақ па?» деген сұрақтар қойылды. Жауап беремін: Мұндай ниет болған жоқ және болмайды да. Ұсынылған саяси жаңғыру бағдарламасы мазмұны жағынан өте ауқымды. Негізгі басымдық азаматтардың құқықтары мен бостандықтар қорғау жүйесін күшейтуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, билік институттарының транспаренттілігі мен тиімділігін көтеруге жасалған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz/kz/referendum-elimizdegi-demokratiyalyk-dasturlerdi-bekitu-zholyndagy-manyzdy-kadamga-aynalady-kr-prezidenti_a3939582
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Тоқаев: Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес

Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екенін атап өткім келеді. Бұл түптеп келгенде оның бастауы. Жұмыс енді ғана басталады. Өйткені, өмірдің өзі және азаматтардың қажеттілігі біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктейтіні сөзсіз. Біз саяси салада «талдырма терапия» орынсыз екеніне сүйенуміз қажет», – деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының пайымынша, күрделі геосаяси ахуалда ол келеңсіз салдарға, құлдырауға, тіпті мемлекеттіктен айырылып қалуға әкелуі мүмкін.

Сондықтан да осынау күрделі жолда әр қадамды ойластыра отырып, нық әрі сенімді басу қажет. «Тасыған өзеннен өтерде аяғыңның жерге тиетінін білуің қажет» дейді шығыс даналығы. Ең бастысы – қоғамымыз алғашқы қадам жасауға дайын және ол ең соңғысы болмақ емес. Реформаның міндетті түрде жалғасы болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz/kz/tokaev-aldagy-referendum-bul-eldegi-sayasi-transformaciyanyn-songy-satysy-emes_a3939588
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституциялық реформаның ең басты мақсаты мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігімізді нығайту – Әшімбаев

Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның әр қазақстандыққа тікелей қатысы бар. Соның ішінде жастар үшін бүгінгі өзгерістердің маңызы зор. Себебі Жаңа Қазақстанның иесі де, оның қозғаушы күші де қазіргі жас буын екені анық. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондықтан бір топ сенатормен бірге Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, қолға алынған саяси бастамаларды жан-жақты талқыладық. Өзгерістер, ең алдымен, адам құқығын қорғауды, әділеттілік қағидаты мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді және баршаға бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейді. Парламенттің рөлі мен халық алдындағы жауапкершілігін күшейту де негізгі міндеттердің бірі. Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігін арттыру, саяси монополияны болдырмау үшін қолға алынған басымдықтардың да мәні жоғары. Кездесуде осы мәселелерге кеңінен тоқталып, конституциялық реформаның ең басты мақсаты мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігімізді нығайту екенін айттым»,-деп жазды Сенат төрағасы.

«Осы ретте жастарымыздың белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олар жаңару мен жаңғыру жолындағы істерге атсалысуға дайын екендерін жеткізді. Облысқа сапар барысында өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлермен де кездестім. Бұл сала Сенаттың басты назарында екені мәлім. Осы бағытта еңбек етіп жүрген түркістандық кәсіпкерлер бүгінгі реформалардан үлкен үміт күтетіндерін айтты. Облыстағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жай-күйі мен оны әрі қарай дамыту мәселесі де әңгімемізге арқау болды. Кентау қаласындағы трансформатор зауытына да арнайы ат басын бұрдық. Зауыт ұжымымен кездесуде саяси өзгерістердің салмағы мен негізгі басымдықтарын сөз еттік. Жаңа Конституцияда әр азаматтың, оның ішінде еңбек адамдарының құқығын қорғауға және барлық салада әділеттілік орнатуға басымдық берілетінін айттық. Осы орайда Түркістан жұрты алдағы референдумге белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан құру ісіне үлкен үлес қосады деп сенеміз және соған шақырамыз»,-дейді Мәулен Әшімбаев.

https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-en-basty-maksaty-memlekettiligimiz-ben-tauelsizdigimizdi-nygaytu-ashimbaev_a3939736
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Выносимые на референдум поправки – путь к демократии – Альянс студентов РК

Президент Альянса студентов Казахстана Ильяс Тустикбаев сообщил о том, что согласно статистике среди заявителей на получение земли много молодежи. По словам спикера, это говорит о том, что молодые люди верят в реализацию конституционных реформ, передает корреспондент МИА «Казинформ».

«В Конституционных реформах содержатся поправки, необходимые для молодежи. Это только часть законов, которые будут приняты на пути к демократизации страны. После принятия этих поправок будут приняты новые законы касательно земли, прокуратуры, выборов, партий, СМИ. По статистике среди заявителей на получение земли много молодежи. Молодежь активно подает заявки на получение земли. Это говорит о том, что молодые люди верят в реализацию конституционных реформ и уверены в том, что могут получить участок земли. У некоторых граждан в собственности тыс. сотни тыс. га земли, которые даже не освоены. В будущем, думаю, будет принят соответствующий закон и земли вернут в государственную собственность», – сказал президент Альянса студентов Казахстана в ходе круглого стола по разъяснению конституционных реформ.

По его словам, не стоит думать, что «мой голос ничего не решит», «ничего не изменится, если я проголосую». «В эти дни молодежь должна проявить особую активность. Необходимо проявить гражданскую позицию. Если не ошибаюсь, в Швейцарии по каждому важному вопросу проводят референдум. Для них референдум – это всенародное голосование. Например, если возникнет вопрос о запрете курения в общественных местах, проводят референдум. Большинством голосов вопросы находят решение. Мы тоже должны прийти к этому», – добавил Ильяс Тустикбаев. Глава Альянса студентов Казахстана подчеркнул, что в последующем на референдум, возможно, не будет выноситься такой большой пакет изменений как сейчас.

«Те, кто родился после 1997 года, впервые будут голосовать на референдуме. Будет правильно, если любые вопросы решим, учитывая мнение народа. Считаю, что грядут существенные изменения в стране», – добавил президент Альянса студентов Казахстана.

https://www.inform.kz/ru/vynosimye-na-referendum-popravki-put-k-demokratii-al-yans-studentov-rk_a3939466
Рубрика: Архив | Оставить комментарий