АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», – делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.Бұған дейін хабарланғанындай, Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия, сондай-ақ бүгін Respublica, Amanat, және «Ауыл» партиялары 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысты құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекіткен болатын.«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», – деген еді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.