Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алдыАСТАНА.

Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алдыАСТАНА. ҚазАқпарат – Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», – деді Мемлекет басшысы.Бұдан бұрын хабарланғандай, ПрезидентҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатынын айтты.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек – ПрезидентАСТАНА. ҚазАқпарат

«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек – ПрезидентАСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында«Отбасы банк» қызметін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға аударған жөн», – деді Мемлекет басшысы.Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екенін жеткізді.«Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Бәсеке дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», – деді Президент.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Важно перезагрузить деятельность «Отбасы банка» – Глава государстваАСТАНА.

Важно перезагрузить деятельность «Отбасы банка» – Глава государстваАСТАНА. КАЗИНФОРМ – Развитие предпринимательства – приоритетная задача для Правительства. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».«Принятые в последние годы меры обеспечили стабильный рост малого и крупного бизнеса. Однако темпы развития среднего предпринимательства недостаточны. Для успешного перехода на новую экономическую модель придется поднимать его практически в «ручном режиме». В первую очередь необходимо устранить перекосы, сдерживающие средний бизнес. Не секрет, что большая его часть, вырастая, дробится, чтобы остаться в «удобном» сегменте малого бизнеса. Правительству следует внести изменения в законодательство, стимулирующие укрупнение субъектов малого предпринимательства. В стране не так много успешных средних предприятий, активно осваивающих рынки. Их нужно поддерживать. По каждому из них надо составить конкретный план, нацеленный на увеличение возможностей и расширение производства в два-три раза», – отметил Президент РК.По словам Главы государства, следует объединить программы «Дорожная карта бизнеса» и «Экономика простых вещей» в комплексную программу поддержки малого и среднего предпринимательства»«Государственную поддержку важно дифференцировать по уровню технологической сложности производств и категориям бизнеса. Крайне важна операционная эффективность государственной поддержки. Поэтому нужно осуществить структурную трансформацию холдинга «Байтерек» и его масштабную цифровизацию. Самого пристального внимания требует стимулирование экспорта. Механизмы для этого имеются, но нет системного подхода. Поэтому на базе компании KazakhExport следует создать полноценный институт продвижения экспорта с консолидацией в нем всех необходимых инструментов. Кроме того, важно перезагрузить деятельность «Отбасы банка», переориентировав фокус с областных центров на районы, моногорода и села», – отметил Глава государства.Успешное развитие предпринимательства невозможно без развития конкуренции. Сегодня в целом ряде базовых отраслей доминируют несколько крупных игроков. Это ведет к искажениям рынка.«Агентство по защите и развитию конкуренции совместно с Правительством должны принять меры для демонополизации ключевых рынков. Мы создали благоприятные условия для функционирования товарных бирж, что должно было способствовать организованной торговле. Но недостаточно эффективное регулирование привело к появлению так называемых «карманных» товарных бирж. Они превратились в площадки для устранения конкуренции, обхода закупочных процедур в пользу импорта и непродуктивного посредничества. Следует ужесточить регуляторные требования и полностью устранить указанные недостатки. При этом важно обеспечить полноценный доступ отечественных производителей к передовым торговым инструментам. Нельзя замыкаться только в пределах национальной торговой системы. Совместно с бизнесом следует проработать вопрос создания сильной региональной товарно-сырьевой биржи», – резюмировал Глава государства.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді – ЖолдауАСТАНА.

Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді – ЖолдауАСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар қауымын цифрландыр саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеу жүргізумен айналысуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады.«Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын», – деді Президент.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

⚡️Мемлекет басшысы:«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық

⚡️Мемлекет басшысы:«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз»

Рубрика: Архив | Оставить комментарий