Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді – ЖолдауАСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар қауымын цифрландыр саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеу жүргізумен айналысуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады.«Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын», – деді Президент.
Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді – ЖолдауАСТАНА.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.