Қадамдық нұсқаулық: атыңызға алаяқтық жолмен кредит рәсімделсе не істеу керекБүгінгі күні адамға беймәлім кредит ресімделетін жағдайлар, өкінішке орай, сирек емес. Алаяқтар банк сервистеріне қол жеткізу үшін дербес деректердің жария болуын, фишинг сайттарды, зиянды қосымшалар мен психологиялық айла-шарғыларды пайдаланады. Мұндай кезде Сіздің құқықтарыңыз Заңмен қорғалатынын білу маңызды, алайда бұл сіздің қаншалықты жылдам және дұрыс әрекет ететініңізге байланысты болады.Fingramota.kz алаяқтық кредит ресімделген жағдайда не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындады.Сізге кредит ресімделгенін қалай түсінуге боладыКөп жағдайда адам алаяқтық кредит туралы кездейсоқ: банктен хабарлау, коллектордың қоңырауы немесе кредиттік тарихтың кенеттен нашарлауы арқылы біледі. Кейде адамға сұрамаған SMS-кодтар келеді немесе шығу тегі түсініксіз есептен шығарулар тіркеледі. Осы кезеңде мұндай белгілерге енжарлық танытпай, жағдайды бірден анықтай бастау маңызды.1-қадам. Дереу кредитормен байланысыңызЕң алдымен – сіздің атыңызға кредит ресімделген банкпен немесе микроқаржы ұйымымен дереу хабарласу керек. Оны тек ресми арналар арқылы жасау керек: колл-орталық, мобильді қосымша немесе бөлімше.Сөйлесу кезінде алаяқтық фактісін тіркеп, мыналарды талап ету қажет:

  • картаны, шотты және бағдарламаға кіруді бұғаттау;
  • сіздің жүгінген күніңіз бен уақытты көрсете отырып, ресми түрде тіркеу;
  • жүгінудің тіркелгенін растауды ұсыну.
    Бұл банкпен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл үшін маңызды.
    2- қадам. Барлық дәлелдемелерді жазып қойыңыз
    Сонымен бір мезгілде барлық ықтимал дәлелдемелерді барынша жылдам тіркеу қажет. Кез келген ақпараттың маңызды болуы мүмкін: SMS-хабарламалар, растау кодтары, мессенджерлердегі хат жазысу, қоңыраулар жазбасы, банктен хабарламалар, операциялардың тарихы, алушылардың деректемелері.
    Бұл деректерді түпнұсқа түрінде: скриншот немесе көшірме түрінде, редакциялаусыз сақтау маңызды. Тіпті бір қарағанда елеусіз жағдай тергеу кезінде негізгі рөл атқаруы мүмкін.
    3-қадам. Полицияға жүгініңіз
    Өтінішті eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға жеке тапсыруға болады. Өтініште мән-жайларды егжей-тегжейлі сипаттау қажет: кредит қашан және қандай сомаға ресімделген, қандай кредитор көрсетілген, сіз ресімдеу фактісі туралы қалай білдіңіз, сондай-ақ қолда бар барлық дәлелдемелерді қоса беру қажет. Тіркелгеннен кейін ақпарат Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі және алаяқтық фактісі бойынша тексеру басталады.

Полицияға жүгіну – формальдылық емес, негізгі кезең. Тергеп-тексеру шеңберінде кредитті ресімдеу мән-жайлары анықталады, дербес деректердің қалай пайдаланылғаны тексеріледі және қаржы ұйымы тарапынан ықтимал бұзушылықтар анықталады. Қорытындылары бойынша жәбірленушінің мәртебесін растайтын немесе істің мән-жайын белгілейтін процестік құжат беріледі (құжатта кредиттің сомасы, күні және кредитордың атауы көрсетілуге тиіс). Дәл осы құжат кредитормен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға негіз болады.
4-қадам. Кредиторға қайта жүгініңіз
Оны алғаннан кейін банкке немесе МҚҰ-ға қайта жүгіну қажет. Бұл жағдайда кредитор 3 күн iшiнде берешектi өндiрiп алуды тоқтата тұруға, айыппұл есептеудi тоқтатуға және шағым-талап жұмысын тоқтатуға мiндеттi.
Егер борыш коллекторларға берілсе, оларға да қылмыстық істің бар екендігі туралы хабарлау қажет. Бұл ретте түсіну маңызды: өндіріп алуды тоқтата тұру – бұл түпкілікті шешім емес, талқылау уақыты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі кезінде тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін e-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.
Алаяқтық кредитті есептен шығаруға бола ма?
Бұл ең жиі кездесетін сұрақтардың бірі. Бұл жерде кең таралған жаңылысуға әкелмеу маңызды: алаяқтық фактісінің өзі міндеттемелерден автоматты түрде босатуды білдірмейді. Есептен шығару үшін қылмыс фактісінің өзін ғана емес, сонымен қатар қарыз беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтардың болуын да анықтау қажет.
Жағдайға байланысты: соттан тыс есептен шығару (айқын бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі қолданылады.
Борышты соттан тыс есептен шығару
Егер алаяқтық фактісін полиция бір мезгілде растаса және кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтарға жол берілсе, соттан тыс есептен шығаруға жол беріледі.
Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:

  • онлайн-кредит алу кезінде міндетті биометрияның болмауы;
  • клиент eGov-те кредиттер алуға тыйым салуды белгілеген жағдайда кезде кредит беру;
  • жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптарын сақтамау (расталған келісімсіз 21 жасқа дейін және 55 жастан жоғары);
  • бірінші кепілсіз тұтынушылық кредитті биометриясыз немесе жеке қатысуынсыз онлайн ресімдеу (белгіленген шектерден асқан кезде);
  • «шешім қабылдау кезеңін» бұзу: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі банктік қарыздар үшін 8 сағаттан ерте және банктік қарыздар бойынша 255 АЕК-тен жоғары және микрокредиттер бойынша 75 АЕК-тен жоғары және қарыз алушының қосымша растауынсыз 24 сағаттан ерте.
    Ерекше жағдайлар:
  • тауарлардың немесе қызметтердің ақысын тікелей сатушыға төлеу;
  • сол банкте немесе МҚҰ-да берешекті өтеу;
  • 150 АЕК дейінгі лимит шегінде карта бойынша операциялар;
  • атқарушылық іс жүргізу бойынша салықтарды, айыппұлдарды және берешектерді төлеу.
    Мұндай жағдайларда қаржы ұйымы борышты есептен шығаруға, ұсталған қаражатты қайтаруға және кредиттік тарихты түзетуге міндетті.
    Борышты сот арқылы есептен шығару
    Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ кредитор тарапынан бұзушылықтардың болуы сот тәртібімен белгілеуді талап етсе қолданылады.
    Сот полиция жинаған дәлелдер базасының негізінде кредиттің алаяқтықпен ресімделу фактісін анықтайды және банктің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтарына байланысты алаяқтардың әрекеттері мүмкін болғанын анықтайды.
    Мұндай бұзушылықтарға:
    – үшінші тұлғалардың клиенттің дербес деректерін пайдалануы (оның ішінде қашықтан қол жеткізуді қолдана отырып);
    – биометрия рәсімінің бұзылуы;
    – алаяқтық операцияларды анықтау және болдырмау жөніндегі талаптарды сақтамауы жатады.
    Бұл жағдайда сот істің мән-жайын анықтайды және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.
    Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредит беруші:
  • қарызды есептен шығаруға;
  • ұсталған соманы қайтаруға;
  • кредит тарихына өзгерістер енгізуге міндетті.
    Әрекетсіздіктің ықтимал тәуекелдерін де түсіну маңызды. Егер дереу қадам жасамаса, қарыз ұлғая береді, сот өндіріп алуы мүмкін, ал сіздің шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін. Бұдан басқа, кредиттік тарих айтарлықтай нашарлайды, бұл болашақта қаржылық қызметтерге қол жеткізуді шектейді.
    Профилактикаға ерекше назар аудару керек. Мұндай жағдайлардың көпшілігі кодтарды беруден, күмәнді қосымшаларды орнатудан немесе күмәнді сілтемелерге көшуден туындайды. Өзіңізді қарапайым, бірақ тиімді шаралармен қорғауға болады: SMS-кодтарды ешкімге бермеу, екі факторлы аутентификацияны пайдалану, кредиттік тарихты үнемі тексеру және қажет болған жағдайда «Стоп-кредит» қызметін қосу.

Ең бастысы есте сақтау керек: егер сіздің атыңызға кредит рәсімделген болса, әрекет жылдамдығы мен дәйектілігі шешуші рөл атқарады. Сіз алаяқтық фактісін неғұрлым ерте тіркеп, уәкілетті органдарға жүгінсеңіз, өз құқықтарыңызды қорғау, қаржылық шығындарды тоқтату және кредиттік беделіңізді қалпына келтіру ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Источник: https://fingramota.kz/kk/post/adamdy-nsauly-atyyza-alayaty-zholmen-kredit-rsimdelse-ne-isteu-kerek

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қадамдық нұсқаулық: атыңызға алаяқтық жолмен кредит рәсімделсе не істеу керекБүгінгі күні адамға беймәлім кредит ресімделетін жағдайлар, өкінішке орай, сирек емес. Алаяқтар банк сервистеріне қол жеткізу үшін дербес деректердің жария болуын, фишинг сайттарды, зиянды қосымшалар мен психологиялық айла-шарғыларды пайдаланады. Мұндай кезде Сіздің құқықтарыңыз Заңмен қорғалатынын білу маңызды, алайда бұл сіздің қаншалықты жылдам және дұрыс әрекет ететініңізге байланысты болады.Fingramota.kz алаяқтық кредит ресімделген жағдайда не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындады.Сізге кредит ресімделгенін қалай түсінуге боладыКөп жағдайда адам алаяқтық кредит туралы кездейсоқ: банктен хабарлау, коллектордың қоңырауы немесе кредиттік тарихтың кенеттен нашарлауы арқылы біледі. Кейде адамға сұрамаған SMS-кодтар келеді немесе шығу тегі түсініксіз есептен шығарулар тіркеледі. Осы кезеңде мұндай белгілерге енжарлық танытпай, жағдайды бірден анықтай бастау маңызды.1-қадам. Дереу кредитормен байланысыңызЕң алдымен – сіздің атыңызға кредит ресімделген банкпен немесе микроқаржы ұйымымен дереу хабарласу керек. Оны тек ресми арналар арқылы жасау керек: колл-орталық, мобильді қосымша немесе бөлімше.Сөйлесу кезінде алаяқтық фактісін тіркеп, мыналарды талап ету қажет: отключены

17 номер 4 мая 2026 год

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 17 номер 4 мая 2026 год отключены

На площадке Палаты предпринимателей «Атамекен» состоялась встреча с потенциальными участниками конкурса «Одно село — один продукт» (ОСОП).

На площадке Палаты предпринимателей «Атамекен» состоялась встреча с потенциальными участниками конкурса «Одно село — один продукт» (ОСОП).
Это проект реализуемый в рамках программы «Мен кәсіпкер», направлен на поддержку местных производителей и продвижение уникальных региональных товаров.
Основная цель инициативы — выявление самобытных продуктов, создание локальных брендов и их системный вывод на внутренний и внешний рынки.
В числе участников от Егиндыкольского района свои проекты представили:
Окрушко Алина Владимировна (ИП «Окрушко В.В.») — производство натурального меда и продукции пчеловодства. Помимо чистого меда, в ассортимент входят ценнейшие продукты: маточное молочко, прополис и мёд в сотах.
Майер Галина Сергеевна (ИП «GalVan») — кондитерские изделия ручной работы. Предпринимательница предлагает широкий выбор домашних тортов и изысканных пирожных.
Курманова Елена Николаевна (ИП «Курманова Е.Н.») — натуральная молочная продукция. В линейке представлены домашний творог, сметана, сливочное масло, свежий курт и несколько видов сыров.
Мартынец Дмитрий Валерьевич (ИП «Валерия») — художественные изделия из металла и дерева. Мастер изготавливает кованые мангалы, садовые беседки и другие архитектурные формы.
В ходе встречи было отмечено, что в рамках проекта ОСОП предприниматели получают всестороннюю поддержку от государства: от профессиональных консультаций и сопровождения до помощи в вопросах брендинга, дизайна упаковки и сертификации продукции.
Участие в данном проекте открывает для предпринимателей нашего района новые горизонты для масштабирования бизнеса, повышения качества товаров и подготовки к выходу на экспорт.
Кусаинов Нурлан,
Директор Палаты предпринимателей “Атамекен” Егиндыкольского района

Рубрика: Архив | Комментарии к записи На площадке Палаты предпринимателей «Атамекен» состоялась встреча с потенциальными участниками конкурса «Одно село — один продукт» (ОСОП). отключены

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Мемлекеттік тіл ‑ кез келген тәуелсіз елдің ең басты құндылықтарының бірі. Қазақстан үшін бұл ‑ қазақ тілі. Ол тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихы, мәдениеті мен рухани болмысының айнасы.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Білім беру, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет және қызмет көрсету салаларында қазақ тілінің маңызы артып отыр. Әсіресе жастар арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың өсуі ‑ тілдің болашағына деген сенімді күшейтеді.

Дегенмен, мемлекеттік тілдің толыққанды дамуы үшін әлі де атқарылар жұмыстар бар. Кейбір салаларда қазақ тілінің қолданылуы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі мемлекеттік тілді құрметтеп, оны күнделікті өмірде қолдануға ұмтылуы қажет.

Мемлекеттік тілдің болашағы ‑ білім мен технологиямен тығыз байланысты. Қазақ тілінің цифрлық кеңістікте дамуы, жаңа бағдарламалар мен қосымшалардың қазақша нұсқасының көбеюі ‑ заман талабынан туындаған қажеттілік. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар тілдің заманға сай дамуына мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тіл ‑ ұлттың тірегі. Оның бүгіні ‑ біздің қолымызда, ал болашағы ‑ біздің ұрпақтың жауапкершілігінде. Әрбір азамат қазақ тілінің дамуына үлес қосса, мемлекеттік тілдің мәртебесі одан әрі нығая түседі.

Егіндікөл аудандық сотының әкімшісінің басшысы     А.Ауесханова
Рубрика: Архив | Комментарии к записи МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ отключены

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -бүгінгі күн талабы»

        Қазақстан Республикасының    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу, ашу. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп көрсетілген. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресте қарапайым тұрғындардың көмегіне жүгінеді.

      Елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жеткізу, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне жағдайлар туғызып жатқан да жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, өйткені Қазақстан Республикасының  негізгі бағытының бірі осы кесапатпен күрес болып табылады.

      Осы тұрғыда  кез-келген ортада пара беру, пара алудың жолын кесуге қоғам болып белсенділік танытқанымыз жөн.

      Мемлекеттік органдар басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруға ынта танытулары керек.

     Парақорлық кез-келген мемлекеттік органның тиісті қызмет атқаруына теріс әсер ететіні сөзсіз. Ол мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүделерінің бұзылуына түрткі болатыны анық.

    «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен қызметкерлер жүргізуі қажет.

     Мемлекеттік органның басшылары өз өкілеттігі шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

     Алайда бұл дерттің алдын алу тек қана мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің қолындағы шара емес, бұл дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.

    Өйткені Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы ел мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықпен күресуі керек.

     Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге тиісті.

                                                                   Егіндікөл аудандық сотының

                                                                   Аға сот приставы А.Базылбеков

Рубрика: Архив | Комментарии к записи «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -бүгінгі күн талабы» отключены