Облыс әкімдерін сайлау мәселесі кезең-кезеңімен қаралады – сенатор

Конституциялық реформаның тағдырын шешетін республикалық референдумға екі-ақ күн қалды. Осы қарбаластың алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменнен сұхбат алудың сәті түсті. Талай жыл Орталық сайлау комиссиясында еңбек еткен сенатор референдумға шығарылатын өзгерістер төңіргеніде ел аузында жүрген даулы пікірлер туралы пайымын айтты. – Ләззат Жаңылысқызы, орталық сайлау комиссиясында талай жыл еңбек еткеніңізді білеміз. Дегенмен біздің елдің референдум өткізу тәжірибесі соншалықты бай деп айтуға келмейтін шығар. Бұл жолғы референдумның халық алдындағы, халықаралық аренадағы легитимділігі қалай қамтамасыз етіледі? – Иә, біздің елде референдум өткізу тәжірибесі қалыптасқан деп айтуға келмейді. Осы 30 жыл ішіндегі бұл үшінші референдум. Референдум кезінде байқаушылар қатысады. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларынан ТМД байқаушылар миссиясынан, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан, Түркі мемлекеттері ұйымынан байқаушылар миссиясынан, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды Бағалау жөніндегі миссиясынан байқаушылар қатысуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Тайланд Корольдігі, Армения, Қырғызстан, Молдова, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Франция, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия Республикаларынан шет мемлекеттер байқаушылары да қатысады. Байқаушылар референдум комиссияларының жұмысына араласпайды, бірақ толыққанды бүкіл үрдіске бақылау жасауға құқығы болады. – Сіздің пайымыңызша, республикалық референдумға шығарылып отырған мәселелердің ішіндегі ең маңыздылары қайсысы? – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз», – бұл Президент пікірі. Яғни, Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру – реформалардың берік саяси-құқықтық іргетасы, мақсаты. Меніңше, ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістердің барлығы маңызды. Олар өзара байланысты жəне бір мақсатты көздейді, атап айтқанда: Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау. Суперпрезиденттік басқару үлгісінен бас тарту; Билік өкілеттіктерін қайта бөлу арқылы биліктің тепе-теңдігі мен теңгерімдігін қамтамасыз ету; Парламентті күшейту; Елді басқару ісіне халықты белсенді қатыстыруға конституциялық негіз қалыптастыру. – Қазақстандықтардың өмірінде барынша жылдам көрініс табатын қандай конституциялық өзгерістер бар деп есептейсіз? – Ең алдымен, менің ойымша, елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігінің кеңеюі. Бұл бағытта ұсынылып отырған қадамдар саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландырады. Сайлау жүйесінің өзгеруіне байланысты бір мандатты округтерден белсенді азаматтардың Мәжіліске, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға келуі саяси плюрализм ауқымын кеңейтеді. Өйткені, Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін және тиісті заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Мәжіліс, мәслихаттар жаңа сайлау жүйесімен сайлануға міндетті. Сол кезде аудандарда мәслихаттар тек қана бір мандаттық округтерден сайланады. Облыстық мәслихаттың 50%-н, Мәжілістің 30%-ы жекелеген азаматтарға бір мандатты округтер бойынша сайлануға мүмкіндік береді. Бұл қоғам өмірінде бірден көрінетін мәселе деп ойлаймын. Екіншіден, азаматтардың конституциялық құқын қорғау үшін жасалып отырған қадамдар. Конституциялық Сот Ата заң кепілдік беретін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты өтініштерін және нормативтік-құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды. Прокуратураның құзыреті, оның жасақталуы мен қызмет тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді. Үшіншіден, жаңа партиялардың қалыптасуы. Қазірдің өзінде де бірнеше танымал, белсенді азамат өз партияларын құру туралы бастамаларын көтеріп отыр. Саяси партия құру тәртібі жеңілдетілді. Ол үшін 5000 партия мүшесі жеткілікті және облыстардағы өкілдіктерінің ашылуы туралы талаптардың бәріне жеңілдіктер енгізіледі. – Жердің асты мен үстіндегі байлықтың бәрі халықтың игілігі екені Конституцияға жазылмақшы. Халық мұны құптағанымен осы өзгертудегі екінші сөйлемге күмәнмен қарап отыр. Мемлекет халықтың атынан аталған игіліктерді пайдалану бойынша шешім қабылдайды дегенді қабылдағысы келмейді. Жұрттың бұл қаупі қаншалықты орынды? Бұған дейін Конституцияда жердің асты мен үстіндегі байлықтың халық игілігі екенінің жазылмауы салдарынан қандай да бір келеңсіздіктерге жол берілген бе? Жалпы бұл сөйлемді жазу не үшін қажет болып отыр? Ол жазудың Ата заңда болуы жер қойнауы мен табиғи ресурстарды игеру ісіне қандай өзгеріс әкеледі? – Қазіргі Конституцияда жер қойнауы мемлекетке тиесілі деп жазылып тұр. Әкімдер мемлекет атынан жер мәселесін өздері шешіп, халық мүддесін ескермеген жағдайлар аз емес. Халықтың жайылым жерлерінің жоқтығына байланысты-ақ жүздеген мысал келтіруге болады. Бұл мәселені шешу туралы кездесулер кезінде халық депутаттарға нақты талап қойып отыр. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы осы мәселелерді сараптап, мынадай түзетулерді енгізді: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Бұл қадам өте маңызды, енді жер – халықтың меншігі. Мемлекет жер ресурсын басқару процесінде ең алдымен халықтың, қоғамның мүддесін басшылыққа алу керек. Осылайша, әкімдер жерді өз қалауымен жекеменшікке беруі сияқты тәуекелдер жойылуы тиіс. Кез келген уақытта жер мәселесі туралы келісім болмаса, оны талқылауға шығаруға, шешімді жою мәселесін қоюға құқылы болады. Жерді басқаруда қате кетсе, тиісті адамдар жауапкершілік тартады, яғни жер мәселесін шешу үшін халықтан сұрау керек. Бұл Конституциялық түзетудің ауқымында қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізілуі, жерді басқарудың тиімді тетіктері қарастырылуға тиіс. – Конституциялық реформадағы облыс әкімдерін жанама сайлау мәселесін де халық екіұшты қабылдап отыр. Халықтың өзі тікелей дауыс бермегендіктен, жұртқа жақын басшы келе қоятынына күмәнмен қарайтындар бар. Оның үстіне әкім лауазымына үміткер екі адамды да халық ұсына алмайды. Референдумға бұл мәселе неге осы күйінде ұсынылып отыр деп ойлайсыз? – Иә, халық тікелей ұсына алмаса да, өзінің өкілдері мәслихат депутаттары арқылы облыс әкімдерін сайлайды, яғни облыс әкімдерін сайлауда – жанама сайлау құқығы енгізіліп отыр. Облыстың барлық мәслихат депутаттары жиналып, Президент ұсынған кандидаттарға дауыс береді. Бұған дейін облыс әкіміне бір-ақ кандидат ұсынылатын, мәслихаттың келісімімен жалпы дауыс берумен шешілетін. Қазір кемінде екі, мүмкін одан да көп азаматтың кандидатурасы ұсынылады және депутаттар оларды жақтап немесе қарсы дауыс береді. Бұл тәртіп те алға ілгерілеушілік деп ойлаймын. Жалпы атқарушы билікті халықтың тікелей сайлауы ауыл әкімдерін сайлаудан басталды, енді аудан әкімдерін сайлау енгізіледі. Одан кейін барып, облыс әкімдеріне кезең-кезеңмен келу мүмкіндігі қарастырылатын болар. Жалпы жергілікті атқарушы биліктегі негізгі буын – аудан әкімдері. Өйткені жерге, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты мәселелер аудан әкімінің шешімімен жүзеге асырылады. – 23-баптың 2-тармағындағы түзету бойынша, «Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс», – деп жазылмақшы. Бұрын бұл санатта ондай тыйым болмаған еді. Демек, аталған лауазым иелері елдегі сайлау процестеріне араласып келген деп айтуға бола ма? Оның қандай мысалдарын айта аласыз? Ал егер бұған дейін ондай проблема туындамаса, өзгеріс енгізу не үшін қажет болып тұр? – Конституциялық өзгерістерге сәйкес өзіңіз атап отырған жоғарғы лауазымды азаматтар енді саяси партияның мүшелері болмайды. Яғни жаңа саяси конструкцияда бұл лауазымдар партиялар мүддесінен жоғары тұрады. Жасыратыны жоқ, осыған дейін, Нұр-Отанның билік партиясы болып, үстемдікке ие болғаны белгілі. Ондай проблемалар болды, ендігі кезеңде бұндай тәжірибеге жол берілмеуі тиіс. Конституциялық реформалардың мақсаты да осы. – 44-баптың 4-тармағында Президент қайта құрылатын Конституциялық Соттың төрағасын тағайындайтыны айтылған. Бұл елдегі сот билігін Президентке тікелей тәуелді ететін норма емес пе? Мысалы, Германияда Конституциялық Сот төрағасын канцлер тағайындай ма? – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде 1995 жылы жұмысын тоқтатқан Конституциялық Сотты қайта құруды тапсырды, конституциялық бақылау органы қайта жанданады. Конституциялық сотты ұйымдастыру және оның қызметі, атап айтқанда нормативтік-құқықтық актілердің, оның ішінде заңдардың күшін жою жөніндегі өкілеттіктерге қатысты түпкілікті шешімдер Конституциялық Сот туралы тиісті Конституциялық Заңда реттелетін болады. Соттың өзі Төрағаны қосқанда 11 судьядан тұрады. Төрт судьяны Президент тағайындайды, алты судьяны Парламенттің қос палатасы тағайындайды. Президент Сот Төрағасын Сенаттың келісімімен, Төрағаның орынбасарын Сот Төрағасының ұсынуы бойынша судьялар арасынан тағайындайды. Бұл процесс Конституциялық сотта теңгерімділікті қамтамасыз етеді. Өзіңіз айтқандай, Германияда Конституциялық сот – ең жоғарғы сот органы. Төраға 12 жыл мерзімге сайланады. Он алты судьяның сегізін Бундестаг сайлау комиссиясы, қалған сегізін Бундесрат федералды жерлерінің өкілдері таңдайды. Сот ГФР-дің негізгі заңына түсінік береді және конституциялылықты, яғни Конституцияға федералды және жер заңдарының сәйкестігін тексереді, Бундестаг пен Бундесраттың шешімдерінің күшін жоюға құқылы. Қазақстанның Конституциялық сотының да конституциялық емес деп танылған заңдар мен баптардың күшін жоятын өкілеттілігі болады, ол арнайын заңдарда қаралады. Әр түрлі деңгейдегі судьяларды сайлау коғам көтеріп жүрген мәселелердің бірі. Бұл да кезең-кезеңімен қаралатын маңызды реформалар болмақ. – Жоғары аудиторлық палата мен Есеп комитетінің айырмашылығы қандай? – Есеп комитетінің Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылуы ең алдымен мемлекеттік бюджетті бақылауды күшейтеді, мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттырады. Бұл құрылым Мәжіліске есепті болмақ. Мәжіліс депутаттары – 98 адам халықтың өкілдері, яғни бюджет қаражатына Мәжіліс арқылы халық бақылауын күшейтеді деп айтсақ артық болмас. Бұл жерде Жоғары аудиторлық палата тек қана республикалық бюджеттің орындалуын ғана емес, квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қаражат, жергілікті бюджет – барлығына сараптама жасайды және жылына екі рет Мәжілістің алдында есеп береді, – деп Конституция жобасына енгізіліп отыр. Аудиторлық палата тек қана жылына екі рет есеп беріп қана отырады деп ойламаймын, нақты жобалар бойынша, депутаттармен қоян-қолтық жұмыс істеу арқылы бюджеттің атқарылуының сапасын арттыруға ықпал ететін мықты институт болмақ. – Заң қабылдау процесіндегі Мәжіліс пен Сенаттың құзыретіне қатысты өзгертулерді қарапайым тілмен түсіндіріп беріңізші. Заңды қабылдау құзыреті екі палатаның біріне ғана берілетін болса, екіншісін ұстаудың қажеті қандай? – Қазіргі тәжірибеге қарасаңыздар заңдардың көпшілігі қоғамда Мәжілісте шешім қабылданғаннан кейін талқыланады. Бұл жерде Сенаттың көпшіліктің мүддесін ескере отырып, Мәжіліске қайтару мүмкіндігі бар. Оның үстіне аймақтардың мүдделері, ұлттар мәселесі және т.б. Сенат жұмысында шоғырландырылады. Заңдарды қабылдау тәртібі Мәжіліске басымдық беріле отырып, Конституциялық өзгерістерде көрсетілген. Парламентке байланысты Конституциялық өзгерістер заңдардың сапасын жақсартуға, қоғамдағы өзекті мәселелердің Парламентте талқылануына бағытталған. – 83-бапта «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді» деген сөйлем енгізіліп жатыр. Бұл не үшін қажет? Бұған дейін аталған уәкіл осындай кедергілерге тап келіп, соның кесірінен адам құқықтары елімізде табанға тапталған жайттар болды ма? Солай болса, қандай нақты мысал келтіре аласыз? – Халық арасында құқықтарымыз бұзылды деген пікір жиі естілетін болды. Сенатқа қабылдауға келген азаматтар да, халықпен кездесулерімізде де осы мәселе көтерілді, яғни проблема бар. Әлемдік тәжірибеде адам құқықтарын қорғаумен тек құқық қорғау органдары ғана емес, тәуелсіз институттар да айналыса алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті азаматтардың құқықтарын қорғау. Бұл да ҚР азаматтарының құқын қорғауға бағытталған қадам. Қаңтардағы оқиғаларды тергеу кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл іс жүзінде алғашқы күннен бастап белсенді жұмыс атқарғаны белгілі. Омбудсмен, беделді заңгерлер бастаған тәуелсіз қоғамдық комиссиялар прокуратура органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасап, өз ұстанымдарын ашық білдірді және азаматтарымызды қорғады. Нәтижесінде заңсыз үкімдердің тәуекелдерін едәуір төмендетуге қол жеткізілді. Омбудсменнің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелсіздігі мен есеп бермейтіндігі, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеуі кепілдігі бекітілетін болады және өз жұмысы кезеңінде Сенаттың келісімінсіз тұтқындауға немесе күштеп әкелуге де болмайды. Уәкілдің тек Сенаттың келісімімен ғана құқық қорғау органдарымен ұсталуы мүмкін деген сөз. Бұл оны құқық қорғау және басқа мүдделі органдарының қысымынан қорғау, яғни оны тәуелсіз ету үшін қажет. Бұл орайда да Конституциялық заңның қабылдануы көзделеді, яғни бұл тетік қалай іске асырылатынын біз талқылап, нақты ұсыныс енгізуге тиіспіз. Барлығы Адам құқықтарын қорғау институтын күшейтуге бағытталған. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жергілікті жерлерде де уәкілдері болады. Бұл қадамдардың бәрі маңызды, жергілікті жерлерде азаматтардың құқықтарын қорғалуына сапалық өзгерістер әкеледі. – 87-баптың 4-тармағында Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметінен босатуға құқылы екені айтылған. Мәслихат өкілдерінің келісімі ескерілмей ме? Тағайындаған кезде солардың жанама дауыс беруі арқылы шешім қабылданды емес пе? – Мәслихат депутаттарының облыстың да, қаланың да, ауданның да әкімдерін қызметінен босатуға құқығы бар. Қазіргі заңнама бойынша, егер мәслихат депутаттарының 1/5 тиісті әкімді орнынан алу туралы бастамашылық жасаса, ол мәслихат сессиясында қабылданса, әкімді орнынан босату туралы мәселені Президенттің немесе жоғары тұрған әкімнің алдына қою құқығы бар. Сондықтан да мәслихат депутаттарының пікірі әкімді жұмыстан босатуда есепке алынады. -Сұхбатыңызға рахмет!

https://www.inform.kz/kz/oblys-akimderin-saylau-maselesi-kezen-kezenimen-karalady-senator_a3939840
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституциялық реформаның мақсаты мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру – елші

Қазақстанның конституциялық реформасы – бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Бұл туралы қазақстанның Израильдегі елшілігінде өткен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстанның конституциялық реформасы – бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Ол мыналарды қамтиды: қолданыстағы саяси модельді түбегейлі трансформациялау, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру», – деп атап өтті ол. Өз баяндамаларында Израиль сарапшылары Қазақстан билігінің саяси жүйені трансформациялаудағы және мемлекеттің одан әрі өркендеуі жолындағы жүйелі тәсіліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқандығын мәлімдеп, өзара ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады. Айта кетейік, дөңгелек үстелді 31 мамыр күні Қазақстанның Израильдегі Елшілігі жетекші саясаттанушылар, Израиль БАҚ өкілдері және Қазақстан достары клубының қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шара Израиль сарапшылар қауымдастығының Қазақстандағы ауқымды саяси өзгерістерге қызығушылығын көрсететін белсенді пікірталас форматында өтті. Қазақстаннан шыққан бүкіл израильдік иммигранттар қауымдастығының төрайымы Зинаида Полянскаяның ұсынысы бойынша жиын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстандағы Конституциялық реформалар бойынша ICES президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер, Еуроазиялық еврейлер конгресінің бас директоры доктор Хаим Бен Яаков, «Israel Hayom» күнделікті газетінің аға шолушысы Ариэль Бульштейн, Қазақстан мен Орталық Азиядан келген еврейлер халықаралық ұйымының төрайымы Наталья Дивинская Иерусалим университетінің профессоры доктор Владимир Месамед, профессор Зив Ханин, саясаттанушы Юрий Бочаров және басқа да қатысушылар баяндама жасады. Теги:

https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-maksaty-memleket-pen-kogam-arasynda-tiimdi-dialog-kuru-elshi_a3940040
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Каждому дается шанс стать субъектом законодательного процесса – юрист о референдуме

Осталось несколько дней до проведения республиканского референдума. По словам доктора юридических наук, члена комитета науки КАЗГЮУ Индиры Аубакировой, на референдуме решится, хотят ли казахстанцы того, чтобы в их жизни было больше таких ценностей, как справедливость, законность, демократия.

Корреспондент МИА «Казинформ» узнала у Индиры Аубакировой настроение студентов: достаточно ли они информированы и какого мнения придерживаются. Спикер также ответила на главный вопрос – ради чего будут голосовать казахстанцы. – Как поправки, по Вашему мнению, окажут влияние на улучшение благосостояния казахстанцев? – Как член рабочей группы по поправкам в Конституцию, как ученый-юрист могу смело заявить, что весь комплекс разработанных поправок, каждое новое положение разрабатывалось только с одной целью – повысить уровень благосостояния нашего народа, каждой казахстанской семьи. Любую поправку невозможно рассматривать изолированно от других. Например, поправка, направленная на демократизацию политической системы, не может не влиять на усиление прав и свобод граждан. Допустим, мера, направленная на усиление правозащитных институтов, не может не влиять на систему сдержек и противовесов. Государство не может быть демократическим и при этом неправовым. Все вносимые в текст Конституции идеи взаимосвязаны и взаимообусловлены. Курс на демократизацию, инициированный Главой государства, поднимает ценность верховенства права, разделения властей и развития институтов гражданского общества. Поэтому весь перечень конституционных новшеств, безусловно, окажет общее позитивное влияние на будущее казахстанцев. Однако, если выделить главенствующую идею, которая лежит в основе конституционной реформы в целом, на мой взгляд, это идея справедливого общественного устройства, направленная на создание равных возможностей для каждого казахстанца. Равенство политических, экономических, социальных возможностей – это, когда все позиции в обществе достигаются на основе личных успехов, труда, таланта. Вторая республика будет базироваться на идейном фундаменте равного права на доступ к разным благам, собственности и государственным должностям. Благосостояние казахстанцев должно зависеть не от принадлежности к какому-то клану или близости к высшему должностному лицу. Приобретение собственности, перемещение на высокие этажи социального статуса и другие достижения должны зависеть от потраченных человеком собственных умственных усилий, его трудолюбия, предприимчивости, и других личных качеств. И поправки в Конституцию закладывают именно эти ценности, ориентированные на создание равных условий для всех. – Ради чего будут голосовать казахстанцы на референдуме? – Однозначно ради появления новых возможностей. Не будет преувеличением считать, что на референдуме решится, хотят ли казахстанцы, чтобы в их жизни было больше таких ценностей, как справедливость, законность, демократия. Референдум – это возможность всему казахстанскому обществу сказать «нет» семейственности, коррупции, злоупотреблению властью, правовому нигилизму, скрытым схемам распределения природных ресурсов, олигополии. Референдум – это возможность сказать «да» сокращению полномочий президента, политической конкуренции, большей правовой защищенности граждан, усилению контроля за расходованием государственного бюджета, обеспечению права выбирать не только партию, а конкретных людей в Мажилис и другие представительные органы. Придя на референдум, голосующий делает выбор о внепартийности Главы государства как лица, уравновешивающего все ветви государственной власти, внепартийности президента, запрете близким родственникам Главы государства занимать высокие должностные позиции. Сейчас у каждого гражданина нашей страны есть шанс выбрать новые перспективы для всех казахстанцев. При проведении референдума гражданин выражает свою позицию напрямую, и каждому дается шанс стать не объектом, а субъектом законодательного процесса, показать, что его мнение имеет значение. – Как после референдума изменится система выборов акимов и депутатов? – В результате конституционной реформы расширяются возможности для вовлечения всех граждан в выборные и политические процессы. Реформы нацелены на обеспечение реального права граждан на выбор, на альтернативу. Мажилис предлагается формировать по смешанному принципу: 70% по партийному списку и 30% по одномандатным округам. Причем из Мажилиса исключается квота для Ассамблеи народа Казахстана. Следует отметить, что у населения того или иного избирательного округа есть право отозвать депутата, избранного от этого округа, что повышает ответственность народного избранника за осуществление деятельности в интересах людей. Теперь как минимум треть состава депутатского корпуса нижней палаты будет действовать, исходя из приоритета интересов своих избирателей. Если в действующей Конституции в Сенате 15 депутатов назначались Президентом, то теперь только 10 депутатов назначаются им, при этом 5 из них – по предложению Ассамблеи народа Казахстана. Здесь стоит подчеркнуть, что Глава государства указал, что следует разработать эффективные и прозрачные процедуры отбора кандидатов в депутаты Сената от Ассамблеи. На областном уровне и в городах республиканского значения появляется возможность посредством голосования в маслихатах выбирать из не менее двух кандидатур на должность акима, предложенных Главой государства. Иными словами, устанавливается возможность альтернативы кандидатур акимов. Что это влечет для населения? То, что выбирать будут того, кто предложит более качественную программу решения проблем своей области или города. Аким становится подконтролен обществу и будет понимать, что оценка его эффективности напрямую связана с реализацией предвыборной его программы. По сути, поправками вводится косвенная выборная система. В заключении отметим, что процесс конституционной модернизации в Казахстане закладывает идейный и ценностный потенциал, который сделает механизм функционирования государственного аппарата и взаимоотношения власти и общества более справедливыми, демократичными. У нашей страны сейчас есть исторический шанс стать пространством равных возможностей и равных условий для каждого ее жителя. Главной институциональной гарантией прав человека является гарантия именно судебной защиты. Поэтому то, что в обновленной Конституции предусматривается создание Конституционного суда, является важнейшим шагом на пути обеспечения большей правовой защищенности личности, построения конституционного государства. В отличие от Конституционного совета Конституционный суд наделяется полномочием осуществлять конституционное правосудие. Не будет преувеличением сказать, что роль Конституционного совета преимущественно сводилась к функции юридического консультанта Президента. Теперь круг субъектов, кто наделяется правом обращения в Конституционный суд оспаривать конституционность нормативных правовых актов, существенно расширяется. Так, граждане Казахстана наделяются правом обращения в Конституционный суд. Сейчас граждане лишены права обращаться в Конституционный совет. Правом обращения в Конституционный суд наделяется также Уполномоченный по правам человека. Согласно поправкам, и органы прокуратуры, призванные оперативно реагировать на любые нарушения законов, приобретают конституционный статус и право обратиться в Конституционный суд. Иными словами, гарантии ввиду появления указанных инстанций, к которым может обратиться казахстанец за защитой своих прав и интересов, усиливаются. При этом поправки предусматривают, что судей Конституционного суда будет 11, назначаются они на шесть лет и занимать должность могут не более двух раз. Конституционное правосудие этими нормами приобретает максимально беспристрастный характер. – Что думают Ваши студенты о проведении референдума? – Мои студенты в том возрасте, когда последний референдум в Казахстане проводился в их младенчестве. Поскольку они обучаются на юристов, предстоящее событие вызывает у них неподдельный интерес. Они осознают, что 5 июня 2022 года войдет в учебники конституционного права, истории, политологии. Поэтому все изменения и дополнения, которые предлагаются в модернизированной версии Конституции, ими анализируются и сравниваются с опытом других государств. Как рассказала мне одна из студенток, она так прониклась новыми конституционными идеями, что это подтолкнуло к обсуждению вносимых поправок в семье. После этого ее родители планируют проголосовать за поправки. Что касается информированности населения, сейчас можем наблюдать, насколько активно задействовано множество источников информации по разъяснению смысла вносимых конституционных новшеств. Надо отдать должное – проводится масштабный объем работ, чтобы широкие слои населения могли вникнуть в содержание вносимых изменений в Конституцию и пойти на референдум осознанно. Судя по информации, которая появляется на телевидении, в газетах, социальных сетях, казахстанцы стараются уяснить для себя смысл предлагаемых поправок. Заметно, как информационное пространство Казахстана наполнилось размышлениями и комментариями экспертного сообщества – юристов, политологов, социологов и других специалистов. Представители самых различных общественных и политических организаций активно приглашаются на различные диалоговые площадки для конструктивного обсуждения новых конституционных идей. Люди обсуждают их в социальных сетях, комментируют отдельные поправки. Причем многие из тех, кто изначально был настроен скептически, после проникновения в смысл предлагаемых поправок и комментариев со стороны своих подписчиков, заметно умерили свой скепсис. Они стали понимать, что с помощью внесения поправок в текст Конституции решается задача избавления от того, что мешает двигаться нам вперед и появляются реальные политические и правовые инструменты, способные вывести развитие Казахстана на качественно другой уровень. Сейчас прослеживается явная тенденция одобрения большинством внесения разработанных поправок в Конституцию.

https://www.inform.kz/ru/kazhdomu-daetsya-shans-stat-sub-ektom-zakonodatel-nogo-processa-yurist-o-referendume_a3939931
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Спикер Сената РК и председатель ОБСЕ обсудили предстоящий референдум

Председатель Сената Парламента Республики Казахстан Маулен Ашимбаев встретился с действующим председателем ОБСЕ, министром иностранных дел Республики Польша Збигневом Рау. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Сената.

В ходе беседы Маулен Ашимбаев проинформировал о системных реформах в общественно-политической сфере, которые реализуются в Казахстане. Спикер Сената отметил, что выдвинутые инициативы кардинально трансформируют действующую политическую систему страны и предполагают проведение масштабной конституционной реформы. Также Маулен Ашимбаев подробно остановился на основных изменениях, предложенных к внесению в Конституцию и значимости проведения референдума на нынешнем историческом этапе развития страны. Спикер Сената подчеркнул, что Казахстан намерен провести референдум открыто и транспарентно в соответствии с законодательством страны и международными нормами. В ходе встречи было отмечено, что в этом году исполняется 30 лет с момента присоединения Казахстана к ОБСЕ. В связи с этим собеседники выразили заинтересованность и в дальнейшем развитии конструктивного сотрудничества, в том числе в рамках парламентского измерения. «Парламентская Ассамблея ОБСЕ имеет большой потенциал для совместной работы депутатов по содействию решению актуальных вопросов безопасности и сотрудничества на всём пространстве ОБСЕ. Казахстанские парламентарии на постоянной основе принимают участие в сессиях Ассамблеи. Сенат Парламента Казахстана готов к продолжению активного и конструктивного сотрудничества с ОБСЕ и Парламентской Ассамблеей ОБСЕ», – сказал Маулен Ашимбаев.

Собеседники затронули ряд актуальных вопросов двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Польшей, а также выразили уверенность в укреплении взаимоотношений между странами в предстоящий период.

https://www.inform.kz/ru/spiker-senata-rk-i-predsedatel-obse-obsudili-predstoyaschiy-referendum_a3940068
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Реформы в Казахстане являются примером для Азербайджана – политолог

Референдум станет серьезным событием в политической жизни Казахстана, считает азербайджанский историк, политический аналитик, независимый журналист, директор Центра истории Кавказа Ризван Гусейнов. Об этом передает собственный корреспондент МИА «Казинформ».

«Одним из наиболее актуальных и важных тем на повестке в Казахстане является референдум по поправкам в Конституцию, намеченный на 5 июня. Чем будет отличаться старая версия от новой? Во-первых, речь идет о том, что в современном мире – повышенная централизация власти в руках одной личности либо небольшого круга. Это в итоге приводит к тому, что властный аппарат теряет свою мобильность и оперативность: ослабляется делегирование полномочий. Они централизируются в руках определенного высшего круга чиновников. Таким образом, значительно снижается роль народа и политически активной части общества, партий, неправительственных организаций и других видов общественной деятельности, общин в жизни страны. Такое положение однозначно спустя определенный период создает серьезные проблемы и дисбаланс в общественно-политической жизни государства. По всей видимости, новые поправки, вынесенные на обсуждение в рамках референдума, имеют цели решить именно эти вопросы и проблемы», – сказал Ризван Гусейнов. По словам спикера, Конституция в любой стране является основным законом, который контролирует и регулирует жизнедеятельность страны. «У казахстанского народа есть большой опыт еще до создания современной республики в течение большого исторического периода. Со средних веков казахский народ, тюркские народы имеют четкое представление о том, что такой основной закон. Допустим «Яса» Чингисхана и другие подобные законы, которые регулировали все спектры жизни общества – и политическую, и военную, и культурно-гуманитарную. Поэтому в наши дни очень важным является сохранение конституционных норм и недопущение того, чтобы статьи конституции приносились в жертву ради постоянных поправок, дополнений и изменений, вносимых на обсуждение и принимаемых депутатами Парламента. Создаются новые механизмы контроля над деятельностью Главы государства. Это активизирует деятельность общества. Другим важным моментом является то, что после принятия поправок чиновничий аппарат, политики будут больше считаться с мнением народа. Более того, я считаю очень важным то, что активизация общественных организаций и органов местного самоуправления – маслихатов позволит снять значительную часть нагрузки, возложенную на государственные департаменты. Общественные структуры и муниципалитет могут и обязаны сами решать большинство своих вопросов и проблем тех общин, в которых они находятся», – сказал политолог. Как подчеркнул Ризван Гусейнов, можно давать разные прогнозы, но в любом случае необходимо определенное время, чтобы выросло самосознание простых людей, укрепилась этика общественно-политической деятельности, чтобы широкие слои общества привыкли нести ответственность, которая будет им дана после референдума.

«Ошибаются те, кто считает, что свобода снимает какие-либо понятия ответственности с человека. Напротив, сложным является быть свободным и нести ответственность за себя, за свою деятельность и за окружение. Поэтому на реализацию реформ понадобится определенное количество лет в общей сложности, подключение системы образования, медиапространства, просветительские программы и, естественно, большой опыт, в результате которого будет сформирован, как предполагается, наиболее активная позиция общественно-политических организаций и общества страны в политической жизни государства», – резюмировал Р.Гусейнов.

https://www.inform.kz/ru/reformy-v-kazahstane-yavlyayutsya-primerom-dlya-azerbaydzhana-politolog_a3940004
Рубрика: Архив | Оставить комментарий