Жиырма жылда үш президент сайлай аламыз – Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Желмая жобасында президентті жеті жылға сайлаудың мәнісін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Конситуцияға енгізілген бірреттік жеті жылдық мерзім өзгертілмеуі керек.  Төрт жылдан екі рет алсақ сегіз жыл шығады. Бір рет алсақ – жеті жыл. Францияның өзі президенттің қайта сайлану құқығын алып тастап, бір мерзімге ғана сайлауды талқылап жатыр. Израиль де солай. Бұл бір жағынан саяси элитаның жаңаруын тездетеді. Президент келген соң жеті жылда бағдарламасын жүзеге асырып, келесі президентке мүмкіндік береді. Жаңаруға мүмкіндік бар. Бес жылдан екі рет сайланса, он жылда бір ғана президент болады. Келер он жылда да солай. Ал жеті жылдан бір рет қана сайланса, жиырма жылда екі емес, үш президент болады, –  деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина. Ол бұл өзгеріс саяси элитаның жаңаруына, жас адамдардың мемлекеттік билікке келуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айта кетті. Сол кезде бәсеке болады. Президентті бір рет жеті жылға сайлаймыз. Келесі президент келген кезде жастар саяси бәсеке барына, презиенттікее толыққанды өтуге мүмкіндігі бар екеніне көзі жетеді. Көп мемлекетте ұзақ мерзімді стратегия қабылдамайды. Ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға жеті жыл жеткілікті. Жолдауда әлеуметтік бастамалар өте көп болды. Қазір қандай президент келмесін көздеген мақсаты адам капиталына байланысты болуы керек. Мемлекеттің байлығы, берері, бүкіл әлеуетін де, барлық күшін де көрсететін ол – адами капитал. Білім, денсаулық саласын, адамның өмір сүру әл-ауқатын көтеру керек, деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.Алуа Жолдыбалина 2019 жылы басталған саяси реформаларың логикасы осымен аяқталуы керек екенін айта кетті. Биыл саяси институттарға қатысты толыққанды өзгерістер болып жатыр. Ауыл әкімдерін сайлап жатқанымызға екі жыл болды. Маслихат сайлауын өзгерттік. Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын санатты алып тастадық. 30 пайызы –  өзін ұсынатындар, ал 70 пайызы партия атынан сайлауға түседі. 2023 жылы аудан әкімдерін сайлауға көшеміз. Бүкіл реформалардың толыққанды нүктесі ретінде президенттік институтқа да өзгеріс енгізіп жатырмыз. Толыққанды жүйе жаңарып, жаңа мақсаттарды орындаймыз,  –  деді Алуа Жолдыбалина. Ол Қазақстанға геосаяси жағдай да әсерін тигізетінін айтты. Қазақстан бүкіл перимет бойынша шектеседі. Ресей мен Укриана, Қытайдағы Тайвань мәселесі, Қырғызстан мен Тәжікстан, Армения мен Әзербайжан арасындағы жайдай бар. Халықаралық деңгейдегі процестер үлкен қарқын алды. Әрі қарай атқаратын мақсат-міндеттеріміз өте көп. Жаңарған саяси институттармен жұмыс істеу керек. Соңғы жалпыхалықтық референдум сайлауына 70 пайыздан астам адам қатысты. Жақсы көрсеткіш. Азаматтар елдің тағдырына бей-жай қарамайды деген сөз. Адамдар неғұрлым саясатқа, қоғамдық саланың барлығына қатысса, жауапкершілік алса, соғұрлым өздері де елдің тағдырын шешеді, –  деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.    https://baq.kz/zhiyrma-zhylda-ush-prezident-saylay-alamyz-alua-zholdybalina-288775/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Организация ветеранов выдвинула кандидата в Президенты РК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Республиканское общественное объединение «Организация ветеранов» выдвинуло кандидата в Президенты Республики Казахстан, передает корреспондент МИА «Казинформ».В столице состоялся внеочередной Х съезд республиканского общественного объединения «Организация ветеранов». Для участие в работе съезда прибыли более 100 делегатов из всех регионов страны.В ходе съезда участники единогласно проголосовали за кандидатуру Касым-Жомарта Токаева в Президенты Республики Казахстан.«В стране немало образованных, любящих свою страну, открытых граждан. Всегда найдутся и те, кто хочет стать кандидатом в Президенты. Вопрос не заключается в стремлении к власти, а в политическом весе. Предстоящие выборы – это не просто выборы Президента, а политический шаг, ориентированный на определение направлений внутренней политики и позицию Казахстана на международном уровне в целом», – сказал председатель центрального совета объединения Бактыкожа Измухамбетов.Он считает правильным и смелым решением ограничение мандата Президента одним сроком на 7 лет. По его словам, для выполнения поставленных Главой государства программ 7 лет – благоприятный период и достаточно времени для реализации начатых реформ.«Поддерживаю и предложение Касым-Жомарта Токаева провести внеочередные выборы. Будущее нашей страны – за нашими детьми и внуками. В стране должна быть стабильность», – резюмировал Бактыкожа Измухамбетов.Ранее сообщалось, что объединение депутатов маслихатов выдвинуло Касым-Жомарта Токаева кандидатом в Президенты РК.Внеочередные президентские выборы пройдут в Казахстане 20 ноября.https://www.inform.kz/ru/organizaciya-veteranov-vydvinula-kandidata-v-prezidenty-rk_a3987132

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстан ардагерлер қауымдастығы президенттікке кандидатты ұсынды

Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан ардагерлер қауымдастығының отырысы барысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.Күн тәртібінде Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жетекшілері қауымдастық атынан ел Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқыға салды. Әлемдік аренада зор беделге ие ұлдар осы елді жаһан жұртшылығына сыйлы етті. Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің үлкен мәселелерінде ұлттық мүддемізге сай ұстанымды үлгі етемін. Бүгінде біз тағы сынақ алдында тұрмыз. Мұнда қазақ мемлекетінің күш-қуаты, халықтың бірлігі сыналады. Осы шақта дауылдың аласапыранынан, хас жаулардың апатынан, алдағы 7 жыл бойы азат Қазақстанды аман болып өтетін көшбасшы қажет. Ардагерлеріміздің байқауынша, мұндай тұлға елімізде бар. Ардагерлер қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдадық, – деп атап өтті Ардагерлер қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл. Айтуынша, қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құру туралы идеясын жүзеге асыратындығына риясыз сенеді. Алдағы сайлауда Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бір үйдің баласындай жұмыла қатысады деген үміттеміз, – деді қауымдастық басшысы. https://baq.kz/qazaqstan-ardagerler-qauymdastygy-prezidenttikke-kandidatty-usyndy-288819/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстан спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі елордадағы «Барыс Арена» кешенінде елдің спорт қауымдастығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шара аясында спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.«Елімізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңа реформалар күтіп тұр. Ол әлеуметтік әділдік пен баршаға тең мүмкіндіктерді басты бағыт ретінде ұсынады. Бүгінде спортшыларымыз Қазақстанның атынан түрлі халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүр. Мықты экономика мен бірліктің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Оның ішінде спорт саласының жетістіктері де бар», – деді одақ мүшесі, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.Шараға жиналғандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.https://www.inform.kz/kz/kazakstan-sportshylar-odagy-kasym-zhomart-tokaevty-prezidenttikke-kandidat-retinde-usyndy_a3987002

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Казахстанский союз спортсменов выдвинул Касым-Жомарта Токаева кандидатом в Президенты

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – В столице состоялась встреча спортивной общественности Казахстана, организованная Республиканским общественным объединением «Казахстанский союз спортсменов», передает корреспондент МИА «Казинформ».В рамках мероприятия Казахстанский союз спортсменов принял решение выдвинуть действующего Президента РК Касым-Жомарта Токаева кандидатом на предстоящие выборы.«Страну ждут новые реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым. Он выступает за социальную справедливость и равные возможности для всех. Сегодня наши спортсмены представляют Казахстан на различных международных аренах. Благодаря сильной экономике и единству в обществе, мы достигли больших успехов, в том числе на спортивном поприще», – сказал член Союза, олимпийский чемпион по боксу 2012 года Серик Сапиев.Кандидатуру Касым-Жомарта Токаева все собравшиеся поддержали единогласно.https://www.inform.kz/ru/kazahstanskiy-soyuz-sportsmenov-vydvinul-kasym-zhomarta-tokaeva-kandidatom-v-prezidenty_a3986981

Рубрика: Архив | Оставить комментарий