Елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет – Мәулен Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бүгінгі халықтық коалицияның бірауыздан қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.Осыған орай, бүгін халықтық коалиция құрылып, оның құрамына енген барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұл – мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту жолында жасалған маңызды қадам. Өйткені, қазіргідей күрделі кезеңде бізге осындай ортақ пайым мен бекем бірлік ауадай қажет», – деп жазады Сенат төрағасы.Мәулен Әшімбаев бүгін өткен қолдаушылар форумында Президенттің ел ынтымағына баса мән беріп, ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындап бергеніне тоқталады.«Бұл орайда, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік, жеріміздің тұтастығы, мемлекеттік мүдде, рухани үндестік, заңдылық пен тәртіп, жасампаздық және достық пейіл мен мейірімділік біздің елдік жолындағы ең басты құндылықтарымыз екенін айрықша атап өтті», – дейді ол.Кейінгі жылдарда Президент бастамасымен елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты іске асырылып келе жатқанын жазған Сенат төрағасы саяси жүйеміздің айтарлықтай жаңғыртылғанына назар аударады.Сондай-ақ, қазіргі таңда бүкіл әлеммен бірге Қазақстан да түрлі жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартып, халықтық коалицияның ұсынысы ұтымды болғанын атап өтеді.«Осындай алмағайып шақта бізге елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет. Осы тұрғыдан келгенде, көпшіліктің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауы халықтың Мемлекет басшысына деген сенімі екені сөзсіз. Сондықтан, халықтық коалицияның ұсынысы – еліміздің ертеңі үшін ең ұтымды шешім.Алдағы сайлау халқымыздың береке-бірлігін арттырып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз», – деп түйіндейді Мәулен Әшімбаев.Айта кетсек, бүгін елордада кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы өтті.«Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе», – деді Президент аталған форумда.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты.https://www.inform.kz/kz/eldi-barlyk-synaktan-surindirmey-alyp-shygatyn-nagyz-koshbasshy-kazhet-maulen-ashimbaev_a3987745

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады. Менің нық сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс», – деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.Президент Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайтынын баса айтты.«Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтын болады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhakyn-arada-saylaualdy-tugyrnamasyn-zhariyalaydy_a3987627

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Когда будет представлена предвыборная платформа Касым-Жомарта Токаева

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Наше государство должно осуществлять сбалансированную, разнонаправленную, конструктивную внешнюю политику. Об этом заявил Президент РК Касым-Жомарт Токаев на Форуме народной коалиции по поддержке его кандидатуры на выборах, передает корреспондент МИА «Казинформ».«В ближайшее время мною будет представлена предвыборная платформа, в которой найдут свое отражение меры по всесторонней трансформации страны, повышению благосостояния граждан. По моему глубокому убеждению, наше государство должно осуществлять сбалансированную, разнонаправленную, конструктивную внешнюю политику, нацеленную на обеспечение региональной и глобальной безопасности», – сказал Касым-Жомарт Токаев.Глава государства отметил, что Казахстан будет неизменно выступать за неуклонное соблюдение принципов равенства и демократии в международных отношениях, международного права и Устава ООН. Казахстан будет предпринимать активные усилия для укрепления авторитета ООН как универсальной и безальтернативной международной организации.«Мы будем сотрудничать с такими важными организациями, как Содружество Независимых Государств, Шанхайская организация сотрудничества, Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе, Организация тюркских государств и другими международными организациями, а также укреплять потенциал Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии», – добавил Касым-Жомарт Токаев.https://www.inform.kz/ru/kogda-budet-predstavlena-predvybornaya-platforma-kasym-zhomarta-tokaeva_a3987641

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Объединение депутатов маслихатов выдвинуло Касым-Жомарта Токаева кандидатом в Президенты РК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Сегодня во Дворце мира и согласия проходит конференция Объединения депутатов маслихатов всех уровней. Депутаты выступили с предложением выдвинуть Касым-Жомарта Токаева кандидатом в Президенты РК, передает корреспондент МИА «Казинформ».В своих выступлениях депутаты отметили, что поддержат курс Президента и предлагаемые реформы. Они единогласно поддержали инициативу о выдвижении Главы государства Касым-Жомарта Токаева в кандидаты в Президенты. В зале собрались около 40 человек – делегаты маслихатов городов и областей Казахстана.«Выбор очевиден. Мы всецело полагаемся на политический талант Касым-Жомарта Токаева. За тот короткой период, за который ему удалось проработать на посту Президента, мы увидели насколько он дальновидный. Его политика единства, укрепления межнационального согласия дает свои плоды. В это непростое время политический климат оставляет желать лучшего. Мы – относительно стабильный островок согласия. Поэтому мы должны всецело следовать поручениям, указаниям Президента, его выступлениям. Каждый от себя должен соблюдать простые правила, сохранять любовь, единство, межнациональное согласие, чтобы в нашем обществе были мир и согласие», – сказал секретарь маслихата ВКО Денис Рыпаков.Ранее молодежное объединение «Qazaqstan Team» выдвинуло Касым-Жомарта Токаева в кандидаты в Президенты РК. Волонтеры также выступили с инициативой выдвижения Касым-Жомарта Токаева в кандидаты в Президенты. Также сообщалось, что Гражданский альянс Казахстана поддержал предложение выдвинуть кандидатуру действующего Главы государства Касым-Жомарта Токаева на пост Президента РК.Фото: akorda.kzhttps://www.inform.kz/ru/ob-edinenie-deputatov-maslihatov-vydvinulo-kasym-zhomarta-tokaeva-kandidatom-v-prezidenty-rk_a3987064

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент сайлауы: Мәслихат депутаттарының бірлестігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестік ҚР Президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгін Астанада Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігінің отырысы өтті.Аталған жиынға еліміздің барлық өңірінен мәслихат депутаттары мен өкілдері қатысты.Бірлестік мүшелері 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.«Қараша айында еліміз үшін маңызды науқан, Президент сайлауы өтеді. Қазір кандидаттарды ұсыну, тіркеу процесі жүріп жатыр. Қазақстанның алдағы 7 жыл ішінде дамуы сол сайлаудан кейін айқындалады. Біздің бірлестік ақылдаса келе, бірауыздан 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамыз. Қазір әлемдегі геосаяси ахуалды баршаңыз біліп отырсыздар. Осы орайда біз ел бірлігін сақтап, Мемлекет басшысы жүргізіп келген саясатты қолдап, жаңа Қазақстанды бірге құруымыз қажет», – деді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Баһадүр Нарымбетов.Оның айтуынша, аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысының ел тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау қалуда тәжірибесі мол.«Біздің бірлестік республика бойынша мәслихат депутаттарынан құрылған. Халықпен кездесу кезінде депутаттар алдында түрлі мәселелер көтеріледі. Осыған орай халықтың қалауы да Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсіп отыр. Халық Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көргісі келеді», – дейді ол.https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-maslihat-deputattarynyn-birlestigi-kasym-zhomart-tokaevtyn-kandidaturasyn-usyndy_a3987065

Рубрика: Архив | Оставить комментарий