Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді.

Келіссөздер шеңберінде тараптар техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық-фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау стандарттау саласындағы, оның ішінде ұлттық стандарттарды халықаралық және өңірлік нормативтермен үйлестіру контекстіндегі өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын да қамтыды. Тараптар техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама туралы ақпарат алмасты, осы саладағы құқықтық қамтамасыз етудің ағымдағы тәсілдерін талқылады және реттеуші тәжірибелерді одан әрі жақындастыруға мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындыларының бірі – «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК мен «Өзбек ғылыми сынақтар және сапаны бақылау орталығы» мемлекеттік мекемесі арасындағы сәйкестікті бағалау саласындағы 2025-2026 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметті іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжат екі тараптың практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, білім алмасуға және халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға деген ұмтылысын көздейді.

Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы техникалық реттеу және стандарттау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады отключены

18 номер 19 мая 2025 год

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 18 номер 19 мая 2025 год отключены

Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Мектеп – интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда.

Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Мектеп – интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда.
Қатысушылар «Арт-ложки» аспаптық ансамблі номинациясы бойынша өнер көрсетеді.
Байқау нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ұжым финалға өтіп, Гран-при жүлдесіне үміткер атанып отыр.
Қазіргі уақытта https://fest.juldizai.kz/ сайтында ашық халықтық дауыс беру жүріп жатыр.
Өңір тұрғындарын финалистерімізге қолдау көрсетіп, өз дауыстарын беруге шақырамыз!

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Мектеп – интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда. отключены

В рамках Республиканского фестиваля творчества детей с особыми образовательными потребностями «Жулдызай»

В рамках Республиканского фестиваля творчества детей с особыми образовательными потребностями «Жулдызай» Акмолинскую область представляет коллектив коммунального государственного учреждения «Специальный комплекс «детский сад – школа – интернат» села Урюпинка Аккольского района, подведомственного управлению образования Акмолинской области.
Участники выступают в номинации «Инструментальное исполнение» – «Арт-ложки». По итогам конкурсного отбора и решения профессионального жюри коллектив вышел в финал и претендует на Гран-при.
В настоящее время на сайте https://fest.juldizai.kz/ проходит открытое народное голосование.
Просим жителей региона поддержать наших финалистов и отдать за них свой голос!

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В рамках Республиканского фестиваля творчества детей с особыми образовательными потребностями «Жулдызай» отключены

Неделя репродуктивного здоровья

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Неделя репродуктивного здоровья отключены