Сайлаудың жаңа форматына қатысты саясаттанушылар пікірі қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарының кезектен тыс сайлауының жаңа форматы Қазақстандағы саяси жүйенің демократиялануының көрсеткіші саналады. Мұндай пікірді саясаттанушылар мен сарапшылар білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Парламент саяси құрылым тұрғысынан алуан түрлі боладыҚазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев биыл сайлау мажоритарлы-пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша өтетінін айтады.«Мұны саяси жүйені демократияландырудың, оны жаңғыртудың көрсеткіші деуге болады. Бұл қазақстандық саясат үшін, оның көппартиялы болуы үшін тұрақтандыратын фактор. Саяси құрылым тұрғысынан Парламент алуан түрлі болуы мүмкін. Оған қоса, бұл алдағы сайлаудың маңызды интригасы, яғни басым партия мен қалған екі партия сол және оң қанатты тұрақтандырғыш рөлін атқарып келді. Енді бұл партиялық ландшафт Парламентте қалай көрініс табатынын болжау қиын», – деді Эдуард Полетаев.Біріншіден, ол Парламент депутаттарының саны 107-ден 98-ге дейін қысқаратынын, екіншіден, бір мандатты адамдар пайда болатынын, яғни бір мандатты округтер бойынша 29 адам сайланатынын еске салды. Партиялар үшін сайлау шегі 7-ден 5% дейін төмендеді, 30% – жастар, әйелдер, мүгедектігі бар жандар болуы керек деген талап бар.«Нәтижесінде сайлауға көбірек партия қатыса алады, мәслихаттардың рөлі арта бастайды, 3 мыңнан астам адам сайланады, ал мәслихаттар партиялық тізім бойынша – 50%, округтер бойынша – 50%, аудандар деңгейінде – 100% өзін-өзі ұсынушылар қағидатымен сайланады. Бұл да мәслихаттардың ықпалын арттырады және бәсекені күшейтеді. Яғни, өзін-өзі ұсынғандар есебінен сайлау қызықты өтуі мүмкін», – деп толықтырды саясаттанушы.Оның пікірінше, сайлаудың жаңа форматы сайлаушылардың көптеп келуіне ықпал етеді. Билік тарапынан да сайлаушыларды дауыс беруге тарту жұмыстары белсенді бола түсті.«Билік бұл науқанның еш кедергісіз өтуіне, техникалық жарақтануына, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысады. Жасыратыны жоқ, сайлаушыға бірден 4-5 бюллетень беріледі, олардың шатаспауы өте маңызды. Сондықтан ұйымдастырушылық дайындыққа баса мән беріледі», – деп қорытындылады саясаттанушы.Алдағы сайлауда көшбасшылық кімге бұйырадыАл саясаттанушы Данияр Әшімбаев алдағы Мәжіліс сайлауында қай партияның бәсі жоғары болатынына болжам жасауға тырысты.«Алдағы сайлауға қатысты қазір қандай да бір болжам айту қиын. Бұрынғы брендпен және бұрынғы басшылықпен сайлауға тек «Ақ жол» партиясы ғана барады. Ал AMANAT партиясы осыған дейінгі сайлауда «Нұр Отан» деп аталғаны белгілі. Оның атауы, басшылығы, активі өзгерді. «Қазақстан халық партиясы» да басшылығын ауыстырды, сондай-ақ ондағы кикілжің партияның беделіне нұқсан келтірді деп санаймын. Сонымен қатар, сайлау қарсаңында құрылған екі жаңа партия пайда болды. Дәл қазір олардың сайлау алдындағы стратегиясы қандай болатынын, қандай активке ие болатынын бағалау қиындау», – деді Данияр Әшімбаев.Оның пікірінше, тәжірибесі мен ресурстық базасын ескерсек, AMANAT партиясы жеңіске жетуі мүмкін. Партияның ілгерілеуіне көптеп жұмылдырылған белсенділер, Мәжілісте жұмыс істеген фракция, сондай-ақ көпшілікке танымал басшылығы өз әсерін тигізеді.«Екінші орынға «Ақ жол» партиясы шығады деп ойлаймын. Өйткені, олардың бағыты белгілі және ел арасында танымал болып тұр. «Қазақстан халық партиясына» қатысты нақты айту қиындау. Партиялық тізімі де айтарлықтай оптимизммен қарайтын деңгейде емес. Бұған дейін Парламент депутаттарын сайлауда «Ауыл» партиясында елеулі жетістік болмаған еді. Ал партия атынан ұсынылған жаңа тізімді осыған дейін президенттік сайлау науқанындағы екі экс-кандидаттар – Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бастап отыр. Олар былтыр күздегі сайлау кезінде сайлаушылар арасында біраз танылған адамдар. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы өзінің көрсеткіштерін жақсарта алады, бірақ қаншалықты ілгерілейтінін айту қиын», – деді саясаттанушы.Оның сөзіне қарағанда, жаңадан құрылған Respublica және BAYTAQ партиялары кандидаттарының тізімдерінде танымал адамдар болғанымен, айтарлықтай әсер қалдырмай тұр.Сонымен, саясаттанушы сайлауда алдыңғы қатардан көрінетін партияларды тізіп берді. Олардың арасында AMANAT, «Ақ жол», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» бар.Сайлауда бәсекелестік жоғары боладыҚазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров алда өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауының ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстанда жүріп жатқан ірі реформалар саяси доданың тәртіптері мен оның өту процесіне өзгеріс әкелгенін айтады.«2021 жылы парламенттік сайлау карантин жағдайында өтті. Бірақ бұл сайлау конституциялық мерзімде өтті. Алдағы сайлау саяси жүйенің жаңа ережелер бойынша мүмкіндігінше шұғыл жүзеге асыру үшін мерзімінен бұрын болады. Саяси реформалар сайлау өтетін жағдайларды айтарлықтай өзгертті. Мысалы, саяси партиялар Мәжіліске өту үшін сайлаушылардың 5 пайыз дауыстарын жинау керек. Бұл партияларға жеңілдік болып көрінеді. Бірақ жаңа партиялар пайда болды, ал кейбір партиялар ребрендингтен өтіп, оларға жаңа көшбасшылар келді. Бұл сайлаудың ең маңызды ерекшелігі – мажоритарлық жүйе бойынша депутаттардың бір бөлігін сайлау. Олар тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ өзін-өзі ұсынып, сайлауға шыға алады. Мұндай жүйе бұрын болған, бірақ 2021 жылғы сайлауда барлық мәслихаттар партиялық тізімдер бойынша құрылды. Негізінде біз аралас сайлау жүйесіне қайта оралдық», – деді Ермек Тоқтаров.Оның сөзінше, сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидаттарға дауыс беру халықтың саяси процестерге тікелей араласуына, олардың маңызды шешімдер қабылдауда өзіндік үн қосуына ықпал етпек. Яғни, бір мандатты округтер бойынша сайланған депутат азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады.«Өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат болып сайланған жағдайда қоғамдық саясаттың маңызды қатысушылары болады. Олар округтен келген өз сайлаушыларының мүдделерін қорғауға міндетті. Бұл депутаттар азаматтар жағынан мұқият қадағаланады, өйткені олардың мандатын қайтаруға мүмкіндік бар. Жергілікті тұрғындар үшін бұл өз мүдделерін Мәжіліс деңгейінде де, мәслихаттар деңгейінде де қорғауға үлкен мүмкіндік. Мұндай жағдай азаматтарды қызықтырады және олардың саяси қатысуының тиімділігін арттырады деп сенемін», – дейді сарапшы.Естеріңізге сала ктесек, Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді. Сонымен қатар дәл осы күнге жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау да жоспарланған. Сайлауға елімізде тіркелген барлық 7 саяси партия қатысады.https://www.inform.kz/kz/saylaudyn-zhana-formatyna-katysty-sayasattanushylar-pikiri-kanday_a4034600

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Выборы в Мажилис: Центризбирком зарегистрировал партийный список НПК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Центральная избирательная комиссия зарегистрировала партийный список кандидатов в депутаты Мажилиса Народной партии Казахстана, передает корреспондент МИА «Казинформ».«Народная партия Казахстана представила партийный список из 52 человек. В этот список включены 17 человек из представителей женщин, молодежи и людей с инвалидностью, что составляет 32,7 процента от общего числа включенных. Центральная избирательная комиссия совместно с уполномоченными государственными органами провела проверку соответствия кандидатов, включенных в партийный список, требованиям Конституции и Конституционного закона «О выборах». Все лица, включенные в партийный список, соответствуют требованиям Конституции и конституционного закона «О выборах», – сказал член ЦИК Шавкат Утемисов на заседании Центризбиркома.Он отметил, что политические партии, выдвинувшие партийные списки, вносят избирательный взнос из средств политических партий на счет ЦИК в размере 15-кратной минимальной заработной платы, установленной законодательством РК, для каждого лица, включенного в партийный список.«Политические партии, получившие 5 и более процентов голосов избирателей, принявших участие в голосовании на предварительных выборах депутатов Мажилиса Парламента, не платят избирательный взнос. На выборах депутатов Мажилиса, состоявшихся в январе 2021 года партия народа Казахстана получила 9,1 процента голосов избирателей. В связи с этим НПК освобождена от уплаты избирательных взносов», – добавил спикер.Напомним, 8 февраля, во всех регионах завершилось выдвижение кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов. Центральная избирательная комиссия к участию в выборах допустила все семь политических партий.От МИД РК на аккредитацию в комиссию представлены кандидатуры 37 наблюдателей от двух иностранных государств и одной международной организации.В депутаты Мажилиса по партийным спискам выдвинуты 283 кандидата от семи партий. Общее количество кандидатов в Мажилис по мажоритарной системе – 609.https://www.inform.kz/ru/vybory-v-mazhilis-centrizbirkom-zaregistriroval-partiynyy-spisok-npk_a4034417

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мәжіліс сайлауы: ОСК Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Партиялық тізімге әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген. Бұл кандидаттардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», – деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.Оның атап өтуінше, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылы қаңтарда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауында Қазақстан халқы партиясы сайлаушылар дауысының 9,1 пайызын алған. Осыған байланысты ҚХА сайлау жарнасын төлеуден босатылды», – деді ол.Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан халқы партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, ҚХА-ның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.https://www.inform.kz/kz/mazhilis-saylauy-osk-kazakstan-halyk-partiyasynyn-partiyalyk-tizimin-tirkedi_a4034414

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Партии и самовыдвиженцы будут бороться за голоса избирателей – эксперт КИСИ

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Участие новых партий и самовыдвиженцев обеспечит высокую конкурентность на выборах. Партии и самовыдвиженцы будут бороться за голоса избирателей. Таким мнением с корреспондентом МИА «Казинформ» поделился руководитель отдела политических исследований КИСИ при Президенте РК Ермек Токтаров.«В 2021 году парламентские выборы прошли в условиях карантина, и сейчас все еще ощущаются последствия пандемии. Однако выборы тогда прошли в установленный конституционный срок. Предстоящие выборы являются внеочередными, и состоятся уже в ближайшее время для реализации новых правил политической системы. Политические реформы значительно изменили условия проведения выборов. Например, политические партии должны набрать 5% голосов избирателей, чтобы пройти в Мажилис. Это кажется некой скидкой для партий. Однако появились новые партии, некоторые партии провели ребрендинг, появились новые руководители», – отметил эксперт КИСИ.По его словам, отличительная особенность предстоящих выборов – избрание ряда депутатов по мажоритарной системе. Могут выдвигаться не только члены партий, но и представители организаций, также могут избираться путем самовыдвижения. Раньше применялась такая практика, однако в 2021 году на выборах маслихаты были сформированы по партийным спискам. Спикер отметил, что мы вернулись к смешанной системе.«Участие новых партий и самовыдвиженцев обеспечит высокую конкурентность на выборах. Будет конкуренция между различными проектами и идеями. Партии и самовыдвиженцы будут бороться за голоса избирателей. Они будут предлагать пути решения насущных проблем. Это и станет предвыборной основной активностью», – добавил Ермек Токтаров.Он также отметил, что в случае, если самовыдвиженцы станут депутатами, они превратятся в основных участников общественной политики. Они обязаны защищать интересы своих избирателей.«Граждане будут пристально следить за их действиями, так как есть возможность лишить мандата депутата. Это большая возможность для местных жителей защитить свои интересы на уровне маслихатов и Мажилиса. Суть реформ Президента Касым-Жомарта Токаева заключается в создании эффективной системы государственного управления путем проведения выборов и обновления органов власти. Новые депутатский корпус должен дать импульс работе Парламента. Этого ждет народ, избранные депутаты должны отвечать этим запросам. Выборы показывают наше стремление к демократизации, обновлению и повышению эффективности управления» – добавил он.https://www.inform.kz/ru/partii-i-samovydvizhency-budut-borot-sya-za-golosa-izbirateley-ekspert-kisi_a4034051

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың дауысы үшін күреседі – сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың дауысы үшін күреседі. Мұндай пікірді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сарапшы алда өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауының ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстанда жүріп жатқан ірі реформалар саяси доданың тәртіптері мен оның өту процесіне өзгеріс әкелгенін айтты.«2021 жылы парламенттік сайлау карантин жағдайында өтті. Бірақ бұл сайлау конституциялық мерзімде өтті. Алдағы сайлау саяси жүйенің жаңа ережелер бойынша мүмкіндігінше шұғыл жүзеге асыру үшін мерзімінен бұрын болады. Саяси реформалар сайлау өтетін жағдайларды айтарлықтай өзгертті. Мысалы, саяси партиялар Мәжіліске өту үшін сайлаушылардың 5 пайыз дауыстарын жинау керек. Бұл партияларға жеңілдік болып көрінеді. Бірақ жаңа партиялар пайда болды, ал кейбір партиялар ребрендингтен өтіп, оларға жаңа көшбасшылар келді.Бұл сайлаудың ең маңызды ерекшелігі – мажоритарлық жүйе бойынша депутаттардың бір бөлігін сайлау. Олар тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ өзін-өзі ұсынып, сайлауға шыға алады. Мұндай жүйе бұрын болған, бірақ 2021 жылғы сайлауда барлық мәслихаттар партиялық тізімдер бойынша құрылды. Негізінде біз аралас сайлау жүйесіне қайта оралдық», – деп пікір білдірді Ермек Тоқтаров.Оның сөзінше, сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидаттарға дауыс беру халықтың саяси процестерге тікелей араласуына, олардың маңызды шешімдер қабылдауда өзіндік үн қосуына ықпал етпек. Яғни, бір мандатты округтер бойынша сайланған депутат азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады.«Өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат болып сайланған жағдайда қоғамдық саясаттың маңызды қатысушылары болады. Олар округтен келген өз сайлаушыларының мүдделерін қорғауға міндетті. Бұл депутаттар азаматтар жағынан мұқият қадағаланады, өйткені олардың мандатын қайтаруға мүмкіндік бар. Жергілікті тұрғындар үшін бұл өз мүдделерін Мәжіліс деңгейінде де, мәслихаттар деңгейінде де қорғауға үлкен мүмкіндік. Мұндай жағдай азаматтарды қызықтырады және олардың саяси қатысуының тиімділігін арттырады деп сенемін», – дейді сарапшы.Сонымен қатар Ермек Тоқтаров биылғы Мәжіліс және маслихат сайлауында жоғары бәсекелестік күтіліп отырғанын атап өтті.«Жаңа партиялардың пайда болуы және бір мандатты округтерден өзін-өзі ұсынушылардың қатысуы сайлаудағы жоғары бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Әртүрлі идеялар мен жобалар арасындағы бәсекелестік болады. Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың дауысы үшін күреседі. Олар елдің болашағы туралы өз көзқарастарын, мәселелерді шешу жаңа тәсілдерін ұсынатын болады. Бұл негізгі сайлауалды белсенділік болады», – деп бөлісті ол.Ермек Тоқтаровтың айтуынша, еліміздегі реформалар мен алдағы сайлау процесі билік органдарын жаңарту арқылы тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құруға бағытталған.https://www.inform.kz/kz/partiyalar-men-ozin-ozi-usynushylar-saylaushylardyn-dauysy-ushin-kuresedi-sarapshy_a4034004

Рубрика: Архив | Оставить комментарий