*Қазақстандағы жанармай тапшылығы: жанармай бағасының көтерілуі неліктен қажет қадам*«Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа, экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айрылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді», – деп қорытындылады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Қазақстандағы жанармай тапшылығы: жанармай бағасының көтерілуі неліктен қажет қадам
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Жанар-жағармайдың төмен бағасы: Қазақстанның ұлттық мүдделері мен энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді
*Жанар-жағармайдың төмен бағасы: Қазақстанның ұлттық мүдделері мен энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді*Энергетика министрлігінің басшысы Б. Ақшолақов мыналарды қысқаша қорытындылады:Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл бір. Екінші – бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық. Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді. Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстанда ЖЖМ бағасын реттеу шаралары
*Отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстанда ЖЖМ бағасын реттеу шаралары*ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті:– жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды; – ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды; – мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық, – деп атап өтті Энергетика министрі.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Көршілес елдердегі ЖЖМ бағасы Қазақстандағы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді
*Көршілес елдердегі ЖЖМ бағасы Қазақстандағы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді*ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше). Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, – деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Қазақстандық дизель: шетелде қайта сатудан түсетін табыс 120%-ға дейін жетеді

*Қазақстандық дизель: шетелде қайта сатудан түсетін табыс 120%-ға дейін жетеді*Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары. Болат Ақшолақов атап өткендей, Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
