Ақмола облысында үш жылдық реновация бағдарламасы басталды: 2027 жылға дейін 90 мектеп жаңартылады|Акмолинская область запускает трехлетнюю программу реновации: 90 школ обновят к 2027 году

Ақмола облысында үш жылдық реновация бағдарламасы басталды: 2027 жылға дейін 90 мектеп жаңартылады
Ақмола облысында білім беру жүйесін жаңарту енді формальды іс емес, аймақтың басты басымдықтарының біріне айналды. Мұнда мектептер мен балабақшаларды жаңғырту жай жөндеу ғана емес, болашаққа – білім сапасына, балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына салынған инвестиция ретінде қарастырылады. Бұл туралы Ақмола облыстық білім басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.
2023 жылы облыс үшін өзекті болған үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапқан еді. Сол жылы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 300 орындық жаңа мектеп, ал қарқынды дамып жатқан Қосшы қаласында 1200 оқушыға арналған заманауи оқу орны ашылды. Бұл жобалар жаңа мектеп – жай ғана ғимарат емес, ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндік екенін көрсетті.
Білім басқармасының мәліметінше, қазір облыс бойынша 78 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 34 нысанда – 28 мектепте, екі балабақшада, қосымша білім беру ұйымында, колледж жатақханасында және Урюпинка ауылындағы «балабақша – мектеп – интернат» кешенінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл 34 нысанның 22-сі екі жылдық жобалармен қамтылған: 15-і биыл аяқталады, алтауы 2026 жылға өтеді. Қалған 13 нысан бір жылдық жоба аясында жөнделуде.
«Президент тапсырмасына сәйкес реновация бағдарламасына енгізілген мектептерге ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 28 мектептің 20-сы осы бағдарламаға енген. Облыста 2027 жылға дейін кешенді жөндеуді қажет ететін 90 білім беру мекемесін жаңарту бойынша үш жылдық жоспар бекітілді. Жөндеу жұмыстарының кестесі жылдарға бөлінген: 2025 жылы – 20 мектеп, 2026 жылы – 29, ал 2027 жылы – 41 мектеп жаңартылады», – деді басқарма өкілдері.
Бағдарламаның алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Мәселен, Сандықтау ауданы Белгородское ауылындағы мектептің шатыры мен терезелері жөнделді, ал Жарқайың ауданы Костычево ауылында «Айгөлек» шағын орталығы толық жаңартылды. Қалған нысандарда мердігерлер жұмысын жалғастыруда.
Бұл — аймақ үшін бір реттік науқан емес, жүйелі жұмыс. Жаңартылған кабинеттер, заманауи сыныптар мен жайлы ғимараттар – Ақмола облысының оқушылары үшін қалыпты жағдайға айналады. Мектептерді жаңғырту – есеп үшін ғана емес, жаңарған қабырғаларда өтетін әрбір сабақта өз жемісін беретін ұзақмерзімді инвестиция.

Акмолинская область запускает трехлетнюю программу реновации: 90 школ обновят к 2027 году
В Акмолинской области обновление системы образования перестало быть формальностью и превратилось в один из ключевых приоритетов региональной политики. Здесь модернизация школ и детских садов рассматривается не как ремонт ради ремонта, а как вложение в будущее – в качество обучения, безопасность и комфорт детей. Об этом сообщило управление образования Акмолинской области в ходе брифинга РСК.
Еще в 2023 году был решен один из самых острых вопросов -проблема трехсменного обучения. Тогда в селе Жибек Жолы Аршалынского района открылась школа на 300 мест, а в быстрорастущем городе Косшы – современное учебное заведение на 1200 учеников. Эти проекты наглядно показали, что новые школы – это не только кирпичи и бетон, но и новые возможности для педагогов и учеников.
Как сообщили в управлении образования Акмолинской области, сегодня ремонтные работы идут сразу на 78 объектах. Капитальные ремонты охватывают 34 из них – 28 школ, два детских сада, организацию дополнительного образования, общежитие колледжа и комплекс «детский сад – школа – интернат» в селе Урюпинка. Из этих 34 объектов 22 рассчитаны на два года: 15 будут завершены уже в этом сезоне, еще шесть перейдут на 2026-й. Остальные 13 ремонтируются в рамках одногодичных проектов.
«Отдельный акцент – на школах, включенных в программу реновации по поручению Президента. Таких уже 20 из 28 капитально ремонтируемых. В регионе утвержден трехлетний план: до 2027 года обновят 90 учебных заведений, которые нуждаются в комплексной реконструкции. График расписан по годам: 20 школ – в 2025 году, 29 – в 2026-м и 41 – в 2027-м», – отметили в облуправлении.
Первые результаты видны уже сейчас. В школе села Белгородское Сандыктауского района отремонтированы кровля и окна, а в селе Костычево Жаркаинского района полностью обновлено здание мини-центра «Айголек». По остальным объектам подрядчики продолжают работы.
Для региона это не разовая кампания, а системная работа. Новые классы, современные кабинеты и благоустроенные здания станут нормой для детей Акмолинской области. Модернизация школ – это долгосрочная инвестиция, которая даст результат не только в отчетах, но и в каждом уроке, проведенном в обновленных стенах.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.