Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

📌 Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

– NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады, сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды.

✔️Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді.

Глава государства принял сооснователя и президента компании NVIDIA Дженсена Хуанга
 
📌 В ходе встречи в Акорде Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул значимость визита президента компании NVIDIA для укрепления двустороннего сотрудничества и выразил признательность за его личный вклад в развитие отечественной экосистемы искусственного интеллекта.

– Этот визит имеет для нас большое значение с точки зрения придания серьезного импульса сотрудничеству с NVIDIA. Я хотел бы лично поблагодарить Вас за вклад в укрепление нашего партнерства и за то, что Вы делаете для Казахстана, – отметил Глава государства.

✔️Касым-Жомарт Токаев назвал развитие искусственного интеллекта и цифровизации в качестве национального приоритета, а также напомнил, что текущий год объявлен в стране Годом цифровизации и искусственного интеллекта.

✔️Президент приветствовал партнерство NVIDIA с компанией Higgsfield. По его словам, Казахстан гордится тем, что компания является частью отечественного технологического проекта.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады отключены

Рубрика: Архив | Комментарии к записи отключены

🇰🇿 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні!

Республика күні – еліміздің егемендігін, халқымыздың бірлігін және жарқын болашаққа деген ұмтылысын айшықтайтын маңызды ұлттық мерекелердің бірі.

📜 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болып, қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына негіз қалады.

🇰🇿 Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дамудың маңызды кезеңдерінен өтіп, халықаралық аренадағы беделін нығайтты және түрлі салада елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бұл табыстар халқымыздың бірлігі, қажырлы еңбегі мен жасампаздық әлеуетінің арқасында мүмкін болды.

Бүгінде Республика күні – ұлтына, жасына және кәсібіне қарамастан, барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке. Бұл – ортақ тарихымызды ұлықтап, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын, ел болашағына деген жауапкершілікті сезіндіретін ерекше күн.

✨ Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік, татулық пен бірлік. Дәл осы құндылықтар еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің, халықтың әл-ауқатын арттырудың берік негізі болып табылады.

Әрбір азамат өз еңбегімен, білімімен және игі істерімен туған елінің дамуына үлес қосады. Тарихи мұрамызды сақтап, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, өзара қолдау көрсете отырып, біз қуатты, әділетті және өркендеген Қазақстанды бірге қалыптастырамыз.

💙 Еліміздің аспаны әрдайым ашық, халқымыздың бірлігі бекем болсын! Әр шаңыраққа бақыт, береке мен молшылық тілейміз. Қазақстанымыз жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра берсін!

🇰🇿 Республика күні құтты болсын, құрметті отандастар! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!

РеспубликаКүні #25Қазан #Қазақстан #ТәуелсізҚазақстан #МеніңҚазақстаным #АқмолаОблысы

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні! отключены

⚡️Президент: «Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке. Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз. Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды. Аға буын тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсеріп, ел үшін қажырлы қызмет етті. Халқымыз, әсіресе жастарымыз төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс. Шын мәнінде, тарихқа тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі. Біздің тарихи деректерге толы даңқты жолымызды жігерлі, табанды, жасампаз тұлғалар жазды. Олардың өмірі мен ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Түптеп келгенде, елдігіміздің тұғырын мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал, еңбекқор адамдар нығайтады».

⚡️Президент:
 
«День Республики – это уникальный общенациональный праздник, который объединяет всех наших граждан.
 
Суверенитет и Независимость – наше самое дорогое достояние, наивысшие ценности! Поэтому сохранение и укрепление нашей государственности – наш священный долг.
 
Благодаря твердой воле и стойкости наших предков мы обрели Суверенитет.
 
Память о героях, отдавших жизнь за Независимость и самоотверженно сражавшихся за свободу, навсегда останется в наших сердцах.
 
Старшее поколение выдержало все удары судьбы, преодолело трудности и опасности, продолжая упорно трудиться на благо страны.
 
Все наши соотечественники, особенно молодежь, начали глубоко понимать историю своей страны, относиться к ней с истинным уважением. Это весьма позитивная тенденция.
 
Действительно, историю нельзя рассматривать однобоко. Наше прошлое – это летопись великих побед, славного наследия и непревзойденных традиций.
 
Богатая событиями история нашей страны написана отважными, преданными своему делу, яркими личностями. Их жизнь и идеалы служат примером для подрастающего поколения.
 
В конечном счете, наша страна крепнет благодаря государственникам, патриотам, интеллигентным, ответственными и трудолюбивым людям».

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке. Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз. Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды. Аға буын тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсеріп, ел үшін қажырлы қызмет етті. Халқымыз, әсіресе жастарымыз төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс. Шын мәнінде, тарихқа тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі. Біздің тарихи деректерге толы даңқты жолымызды жігерлі, табанды, жасампаз тұлғалар жазды. Олардың өмірі мен ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Түптеп келгенде, елдігіміздің тұғырын мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал, еңбекқор адамдар нығайтады». отключены

⚡️Мемлекет басшысы: «Өздеріңіз білесіздер, қазір әлем аса жоғары қарқынмен өзгеруде. Өркениет көшінен қалып қоймау үшін заман талабына сай әрекет ету ұдайы маңызды. Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. Біз саналы, жауапкершілігі мол, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті, отаншыл және адал азаматтарды тәрбиелеуіміз керек. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі. Отаншылдық, еңбекқорлық, жасампаздық, өзара сыйластық, жанашырлық құндылықтарын кең ауқымда дәріптеп, қоғамымызда жаңарған этика қалыптастыруымыз қажет. Халықаралық ахуалды, соның ішінде дамыған елдерде болып жатқан соңғы оқиғаларды көріп-біліп отырсыздар.

Расында Заң мен Тәртіп сақталмаса, татулық пен ынтымақ болмаса, ешқандай даму, қысқасы, төрт құбыламыз түгел болмайтыны айдан анық.
 
Біз ауызбіршілігімізді сақтап, ортақ мүдде жолында біртұтас қоғам болып еңбек етсек, кез келген белесті бағындырамыз, барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін!».
 

⚡️Глава государства:
 
«Как известно, мир стремительно меняется, и чтобы не оказаться на обочине прогресса, исключительно важно идти в ногу со временем.
 
Развитие человеческого капитала – стратегическое направление деятельности государства, закрепленное в нашей Конституции.
 
Нам нужно воспитывать сознательных, открытых, конкурентоспособных, патриотичных, ответственных граждан. Именно это обеспечит рост и процветание нашей страны.
 
Необходимо глубоко укоренять ценности патриотизма, трудолюбия, созидания, взаимного уважения и милосердия, а также формировать в нашем обществе обновленную этику.
 
Вам хорошо известно о нынешней международной ситуации, в том числе о последних событиях, происходящих в развитых странах. Несомненно, без обеспечения Закона и Порядка, поддержания мира и гармонии невозможно достичь прогресса и, в конечном итоге, сохранить наше единство.
 
Убежден, что сплоченность общества и синергия усилий ради общих интересов позволят нам преодолеть любые вызовы и достичь всех поставленных целей».

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Мемлекет басшысы: «Өздеріңіз білесіздер, қазір әлем аса жоғары қарқынмен өзгеруде. Өркениет көшінен қалып қоймау үшін заман талабына сай әрекет ету ұдайы маңызды. Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. Біз саналы, жауапкершілігі мол, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті, отаншыл және адал азаматтарды тәрбиелеуіміз керек. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі. Отаншылдық, еңбекқорлық, жасампаздық, өзара сыйластық, жанашырлық құндылықтарын кең ауқымда дәріптеп, қоғамымызда жаңарған этика қалыптастыруымыз қажет. Халықаралық ахуалды, соның ішінде дамыған елдерде болып жатқан соңғы оқиғаларды көріп-біліп отырсыздар. отключены