ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНІҢ ІРГЕТАСЫ Бүгінде еліміз аса маңызды тарихи оқиғаның – жаңа Конституцияны қабылдаудың қарсаңындатұр.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіздіктің жаңа дәуірінің, құқықтық жүйені жаңғырту және билік институттары мен азаматтар арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастырудың бастауы болатын жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Бұл құжат азаматтар мен келешек ұрпақтың өмір жолын айқындайды.

Біз еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституция жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары туралы Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асыловпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Егемен Қазақстан 28.02.2026 жылы

https://egemen.kz/article/407934-berik-asylov-bas-prokuror-bul-qudgat-dganha-dauirdinh-irgetasyna-aynalady
Рубрика: Архив | Комментарии к записи ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНІҢ ІРГЕТАСЫ Бүгінде еліміз аса маңызды тарихи оқиғаның – жаңа Конституцияны қабылдаудың қарсаңындатұр. отключены

Ошакбаев Әбілқайыр ТілеуғабылұлыАқмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер

Құрметті жерлестер!

Бүгін еліміз даму жолының жауапты әрі тарихи кезеңінде тұр. Жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар мемлекет басқару тетіктерін жетілдіруге, әділетті қоғам қалыптастыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Ең алдымен, өкілді органдардың, соның ішінде мәслихаттардың рөлі күшейтілуде. Бұл — жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға, халық пікірін ескеруге және аймақ мүддесін нақты қорғауға жасалған маңызды қадам. Мәслихат – тек бақылаушы емес, өңірдің стратегиялық дамуына тікелей ықпал ететін орган.

Екіншіден, «Заң және Тәртіп» қағидаты нақты мазмұнға ие болуда. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлік орта үшін аса маңызды. Бизнестің тұрақты дамуы айқын ережелерге, әділ бәсекеге және меншік құқығының қорғалуына тікелей байланысты. Құқық үстемдігі орныққан жерде инвестиция тартылады, жаңа жұмыс орындары ашылады, экономика серпінді дамиды.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтіліп, басқарудың жаңа мәдениеті қалыптасуда. Бұл — халыққа қызмет ету қағидатын нақты іспен дәлелдеу деген сөз.

Ақмола облысы үшін бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ауыл шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын кеңейту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — барлығы да өңірдің тұрақты дамуына бағытталған нақты басымдықтар.

Біз реформаларды тек қолдап қана қоймай, оларды іске асыруға белсенді қатысуымыз қажет. Себебі мемлекеттің болашағы — ортақ жауапкершілік.

Бірлік пен сенім, ашықтық пен кәсібилік — алдағы жұмыстың басты ұстанымы болуы тиіс. Сонда ғана біз Әділетті Қазақстанды бірге құрып, келер ұрпаққа берік әрі өркендеген ел қалдыра аламыз.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ошакбаев Әбілқайыр ТілеуғабылұлыАқмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер отключены

“АСКОП” ЖШС еңбек ұжымымен”Референдум және құқық үстемдігі қағидатын нығайту” тақырыбында кездесу өтті

Встреча с трудовым коллективом ТОО «АСКОП» на тему:
«Референдум и укрепление принципа верховенства права»

Рубрика: Архив | Комментарии к записи “АСКОП” ЖШС еңбек ұжымымен”Референдум және құқық үстемдігі қағидатын нығайту” тақырыбында кездесу өтті отключены

Сербия Президенті мұндай марапатты иелену зор мәртебе екенін айтып, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне тоқталды

– «Алтын Қыран» орденін ерекше құрметпен қабыл алдым. Бұл марапат маған өзара байланыстарымызды арттыру және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ортақ істе зор жауапкершілік жүктейді. Келешек ұрпақтың игілігі үшін Сербия мен Қазақстанның достығы нығая беруіне тілектеспін, – деді Александр Вучич.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Сербия Президенті мұндай марапатты иелену зор мәртебе екенін айтып, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне тоқталды отключены

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді.

– Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген. Барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатыр. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Көпжақты құрылымдар аясындағы байланысымыз күшейе түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз, – деді Президент.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады отключены