30 номер 8 августа 2025 год
Рубрика: Архив
Комментарии к записи 30 номер 8 августа 2025 год отключены
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы
Қадірлі қауым!
Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын!
Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.
Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.
Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында.
Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді.
Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.
Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!
t.me/aqorda_resmi

Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы
Уважаемые участники!
Поздравляю вас со 180-летним юбилеем Абая Кунанбайулы!
Абай – личность мирового значения, великий поэт, внесший неоценимый вклад в развитие культуры и обновление самосознания нашего народа.
Будучи основоположником современной казахской литературы, он расширил горизонты нашего мировоззрения.
Поэт призывал молодых людей быть образованными, трудолюбивыми и ответственными гражданами. Его идеи и сегодня служат делу формирования нового качества нации, а жизненный путь является образцом любви к Родине и самоотверженного служения обществу.
Богатое наследие Хакима Абая стало духовным ориентиром не только для казахского народа, но и для всего человечества. Его мысли и заповеди никогда не утратят своей актуальности. Поэтому очень важно исследовать и популяризировать творчество Абая, постигая глубокий смысл его произведений.
Этой цели посвящено и сегодняшнее мероприятие, проходящее на священной земле, которая наряду с Абаем дала миру таких великих сыновей, как Шакарим Кудайбердиулы и Мухтар Ауэзов. Государство придает большое значение развитию этого региона как очага национальной культуры.
Бессмертные стихи и мудрые Слова назидания, несомненно, будут служить духовной пищей еще многим поколениям.
Мы всегда будем хранить верность наследию великого Абая!
t.me/aqorda_resmi
Рубрика: Архив
Комментарии к записи ⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы отключены
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Президент Касым-Жомарт Токаев считает подписанное в Вашингтоне соглашение о мире между Азербайджаном и Арменией исторически важным достижением.
Документ положил конец долговременному военному конфликту между двумя государствами и открыл дорогу к установлению дипломатических отношений и развитию сотрудничества между ними на основе прочного мира.
По мнению Главы государства, подписание уникального соглашения между Азербайджаном и Арменией стало возможным благодаря энергичной и эффективной посреднической миссии Президента США Дональда Трампа, который сумел убедить азербайджанского и армянского лидеров проявить в полной мере политическую волю и стратегическую дальновидность.
Президент Касым-Жомарт Токаев отмечает, что и Казахстан внес свою посильную лепту в достижение столь важных договоренностей между Азербайджаном и Арменией, предложив г.Алматы в качестве места переговоров на уровне министров иностранных дел по ключевым параметрам мирного договора.
Там состоялись министерские переговоры.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды.
Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты.
Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.
Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды.
Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.

Рубрика: Архив
Комментарии к записи Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Президент Касым-Жомарт Токаев считает подписанное в Вашингтоне соглашение о мире между Азербайджаном и Арменией исторически важным достижением. отключены
Объединяя этносы, укрепляем единство
Сегодня особую значимость приобретает устойчивое межэтническое согласие и укрепление общественного единства. Одним из действенных инструментов в этом направлении стала работа информационно-разъяснительных групп при Акмолинской ассамблее народа Казахстана, действующих в тесном контакте с местными органами власти.
Этнический состав нашего региона многообразен, здесь в дружбе и согласии проживают представители более ста этносов. Основная цель информационно-разъяснительной работы, охватывающей все населенные пункты, – формирование культуры межэтнического общения, предупреждение конфликтных ситуаций, повышение правовой грамотности, а также укрепление гражданской идентичности на основе казахстанского патриотизма.
Члены информационно-разъяснительных групп регулярно проводят информационные встречи, семинары, круглые столы, конференции, выездные акции в отдаленные населенные пункты. В ходе встреч с населением они проводят разъяснение государственной политики в сфере межэтнических отношений, что, несомненно, способствует формированию позитивного общественного мнения в духе толерантности и взаимоуважения.
Если говорить языком цифр, то с начала года проведено более 90 информационно-разъяснительных встреч, включая 6 семинаров-тренингов, организовано 21 выездное мероприятие в районы области и пять – в Кокшетау. Только в июне информационная группа в составе руководителя, экспертов и специалистов «Қоғамдық келісім» провела межрегиональные семинары-тренинги в области межэтнических отношений и языковой политики в Аккольском, Атбасарском, Бурабайском и Ерейментауском районах с врачами, социальными работниками, молодежью и рабочими коллективами предприятий.
Слушатели узнали об основных направлениях государственной политики в сфере межэтнических отношений, обсудили вопросы в области укрепления межэтнического согласия, ономастики, а также правовой грамотности.
Кроме того, организованы кустовые встречи с участием государственных служащих, акимов сельских округов и представителей органов внутренних дел из 19 районов и городов области. Эта деятельность способствует укреплению доверия между представителями разных этносов, формированию позитивного образа как единого и сплоченного казахстанского общества.
Особое внимание уделяется молодежной аудитории и этнокультурным центрам. Важную роль играют и социальные сети: через официальные аккаунты ассамблеи и этнокультурных объединений ведется активная информационная кампания, продвигаются ценности мира и согласия. Систематически публикуются интервью, подкасты и посты. В печатных изданиях и на телевидении выступают эксперты и лидеры общественного мнения. Жители области могут напрямую задавать вопросы, высказывать свои мнения и предложения, которые учитываются при формировании местных программ. Такая работа демонстрирует стабильные положительные результаты, подтверждающие эффективность применяемых подходов. Благодаря скоординированной работе и поддержке органов власти и общественности в регионе удалось добиться значимых успехов в укреплении социальной стабильности.
Работа информационно-разъяснительных групп в Акмолинской области подтверждает, что последовательная, открытая и ориентированная на диалог деятельность является важным элементом профилактики межэтнических рисков и укрепления единства. В будущем планируется расширение охвата аудитории, активизация просветительской работы в онлайн-пространстве, внедрение интерактивных форматов общения и дальнейшее сотрудничество с институтами гражданского общества. Эти усилия не только улучшают атмосферу в обществе, но и формируют устойчивый фундамент для будущего развития региона.
Куаныш ШАКШАКОВ,
руководитель КГУ «Қоғамдық келісім».
Рубрика: Архив
Комментарии к записи Объединяя этносы, укрепляем единство отключены
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІАқмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – тәулік бойы тынымсыз еңбек пен жедел әрекетті талап ететін күрделі сала. Бұл міндетті өз мойнына алған Жедел басқару орталығы (ЖБО) қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет ету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.Жедел басқару орталығының мамандары кез келген құқық бұзушылықтың алдын алып, орын алған жағдайға дереу әрекет етуге міндетті. Қаладағы қоғамдық тәртіп пен ахуал тәулік бойы онлайн режимде бақылауда. Орталық қызметкерлері «102» жедел желісі арқылы келіп түсетін әрбір қоңырауды жіті қадағалап, тиісті шаралар қабылдайды. Қоңырау арнайы бөлімге тіркеліп, дыбыстық жазбасы жүргізіледі де, аға инспекторға жолданады. Ол өз кезегінде оқиғаның сипатына қарай полицияның кешенді күштерін оқиға орнына бағыттайды.ЖБО бейнебақылау инспекторы Самат Ахметовтың айтуынша, бір тәулік ішінде шамамен 300-ге жуық қоңырау түседі. Бұл қаладағы тұрғындардың белсенділігін, сондай-ақ тәртіп сақшыларына деген сенімін көрсетеді.«Полиция тәулік бойы үздіксіз қызмет етеді. Демалыс және мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Кезекшілік қызмет таңғы 7:30-да басталады. Қаруланып, сап түзейміз. Қаладағы жедел жағдай туралы ақпарат беріледі. Қызмет барысында әртүрлі жағдайлар орын алады, әр күн өзінше ерекше», – дейді инспектор.Қала аумағында шамамен 300-ге жуық тұрақты және қозғалмалы бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар қоғамдық орындардағы ахуалды бақылап қана қоймай, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілей түсетіні байқалады. Себебі тұрғындар көбіне велосипедтерін құлыптамай, қараусыз қалдырып кетеді. Осындай жағдайларды камера арқылы бақылау – құқық бұзушыларды тез арада анықтауға сеп.2025 жылы іске қосылған «Target Eye» бағдарламасы – бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтерді. Аталған жүйе адам бет-әлпетін 99 пайыз дәлдікпен тануға қабілетті және бұл әсіресе сауда-ойын-сауық орталықтары сынды халық көп шоғырланған жерлерде аса маңызды.Бағыттау инспекторы Ержан Әлібековтың айтуынша, орталықтың басты міндеттерінің бірі – қала бойынша полиция автопатрульдерінің қозғалысын бақылау.«Әр автопатрульдің өз аумағы бар. Біз оларды GPS-карта арқылы нақты қадағалап отырамыз. Қаладағы ахуалды бақылау – біздің тікелей міндетіміз. Қылмыстарды жедел ашу үшін бейнебақылау мүмкіндіктерін тиімді пайдаланамыз. Сонымен қатар медицина мекемелерімен, төтенше жағдайлар қызметімен тығыз байланыстамыз», – дейді ол.ЖБО қызметіндегі ең күрделі міндеттердің бірі – ауқымды ақпарат ағынын тиімді өңдеп, оны тиісті құрылымдарға шұғыл жеткізу. Орталықтың тиімді жұмысы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі.Жедел басқару орталығы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі алдыңғы шеп. Тәртіп сақшыларының кәсібилігі, заманауи технологияларды пайдалану және үйлесімді іс-қимыл – өңірдегі тұрақтылық пен тәртіптің басты тірегі. Олар үшін әр күн – жаңа сынақ, ал басты мақсат – азаматтардың амандығы мен тыныштығы.
Рубрика: Архив
Комментарии к записи ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІАқмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – тәулік бойы тынымсыз еңбек пен жедел әрекетті талап ететін күрделі сала. Бұл міндетті өз мойнына алған Жедел басқару орталығы (ЖБО) қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет ету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.Жедел басқару орталығының мамандары кез келген құқық бұзушылықтың алдын алып, орын алған жағдайға дереу әрекет етуге міндетті. Қаладағы қоғамдық тәртіп пен ахуал тәулік бойы онлайн режимде бақылауда. Орталық қызметкерлері «102» жедел желісі арқылы келіп түсетін әрбір қоңырауды жіті қадағалап, тиісті шаралар қабылдайды. Қоңырау арнайы бөлімге тіркеліп, дыбыстық жазбасы жүргізіледі де, аға инспекторға жолданады. Ол өз кезегінде оқиғаның сипатына қарай полицияның кешенді күштерін оқиға орнына бағыттайды.ЖБО бейнебақылау инспекторы Самат Ахметовтың айтуынша, бір тәулік ішінде шамамен 300-ге жуық қоңырау түседі. Бұл қаладағы тұрғындардың белсенділігін, сондай-ақ тәртіп сақшыларына деген сенімін көрсетеді.«Полиция тәулік бойы үздіксіз қызмет етеді. Демалыс және мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Кезекшілік қызмет таңғы 7:30-да басталады. Қаруланып, сап түзейміз. Қаладағы жедел жағдай туралы ақпарат беріледі. Қызмет барысында әртүрлі жағдайлар орын алады, әр күн өзінше ерекше», – дейді инспектор.Қала аумағында шамамен 300-ге жуық тұрақты және қозғалмалы бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар қоғамдық орындардағы ахуалды бақылап қана қоймай, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілей түсетіні байқалады. Себебі тұрғындар көбіне велосипедтерін құлыптамай, қараусыз қалдырып кетеді. Осындай жағдайларды камера арқылы бақылау – құқық бұзушыларды тез арада анықтауға сеп.2025 жылы іске қосылған «Target Eye» бағдарламасы – бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтерді. Аталған жүйе адам бет-әлпетін 99 пайыз дәлдікпен тануға қабілетті және бұл әсіресе сауда-ойын-сауық орталықтары сынды халық көп шоғырланған жерлерде аса маңызды.Бағыттау инспекторы Ержан Әлібековтың айтуынша, орталықтың басты міндеттерінің бірі – қала бойынша полиция автопатрульдерінің қозғалысын бақылау.«Әр автопатрульдің өз аумағы бар. Біз оларды GPS-карта арқылы нақты қадағалап отырамыз. Қаладағы ахуалды бақылау – біздің тікелей міндетіміз. Қылмыстарды жедел ашу үшін бейнебақылау мүмкіндіктерін тиімді пайдаланамыз. Сонымен қатар медицина мекемелерімен, төтенше жағдайлар қызметімен тығыз байланыстамыз», – дейді ол.ЖБО қызметіндегі ең күрделі міндеттердің бірі – ауқымды ақпарат ағынын тиімді өңдеп, оны тиісті құрылымдарға шұғыл жеткізу. Орталықтың тиімді жұмысы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі.Жедел басқару орталығы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі алдыңғы шеп. Тәртіп сақшыларының кәсібилігі, заманауи технологияларды пайдалану және үйлесімді іс-қимыл – өңірдегі тұрақтылық пен тәртіптің басты тірегі. Олар үшін әр күн – жаңа сынақ, ал басты мақсат – азаматтардың амандығы мен тыныштығы. отключены
