⚡️Президент: «Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті»

«Қазақстан «волонтер болам, қоғамдық іспен айналысам» деген әрбір азаматты қолдайды.

Қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты.

Қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол.
Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын.

Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды. Сондықтан еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталайын».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті» отключены

⚡️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что именно в периоды суровых испытаний наши волонтеры самоотверженно трудятся, проявляя исключительную ответственность

«Весь Казахстан стал свидетелем героизма волонтеров во время пандемии. В это сложное время тысячи добровольцев находились на передовой, помогая врачам, сотрудникам правоохранительных органов, учителям и всем нуждающимся.

Ярким примером сплоченности стала борьба с беспрецедентными паводками, когда 50 тысяч волонтеров плечом к плечу со спасателями противостояли стихии. Подобных примеров немало.

Казахи говорят: «Жақсыны ісінен таны» («Хорошего человека узнаешь по его делам»).

Своей деятельностью вы воплощаете в жизнь исконное добросердечие нашего народа.

Вы знаете, что я как Глава государства придаю особое значение добровольческому движению».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что именно в периоды суровых испытаний наши волонтеры самоотверженно трудятся, проявляя исключительную ответственность отключены

⚡️Президент: «Сіздер «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүрсіздер»

«Қазақ – болмысынан кеңпейіл халық. Қиналған адамға қол ұшын беру – ұлтымыздың бойында бар асыл қасиет.

Бабаларымыз жақыныңа жанашыр болуды, табиғатты аялауды адамгершіліктің белгісі санаған. Әрдайым ынтымақ пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүруді ұрпағына өсиет еткен.

Ұлы Абай «толық адам» болудың бір шарты – жұртқа жақсылық жасау, шапағатыңды тигізу деген.

Сіздер осы өсиетке сай еңбек етіп, «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүрсіздер».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Сіздер «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүрсіздер» отключены

⚡️Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді

«Нағыз волонтер тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат екені сөзсіз.

Осы орайда, бүгін мен барша еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер! Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер.

Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйледі, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін.

Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған.

Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу»

«Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын!

Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар.

Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын.

Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Біз өркениетті ел ретінде күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейміз, оны келешек ұрпаққа аманат етеміз.

Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз.

Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді.

Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу» отключены