Президент Жолдауын іске асыру: экономикалық даму мен тұрақтылықты нығайту үшін өңірлердің дербестігін арттыру
Президент Жолдауын іске асыру: экономикалық даму мен тұрақтылықты нығайту үшін өңірлердің дербестігін арттыру

ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл процесс жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беруді көздейді.
Өңірлік органдардың өкілеттіктерін кеңейту халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.
Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша:
Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы келесі көрсеткіштер жүзеге асырылды:
- Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;
Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды. Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.
- Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық (төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС, жеке және заңды тұлғалардан мүлікке, жерге, көлікке салынатын салық, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы) және 17 салықтық емес төлемдер берілді.
Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер (БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер және жер учаскелерін сатқаны үшін төлем) берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:
- ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту (көше саудасын қадағалау; қоғамдық орындардың сыртқы безендірілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; ойын алаңдарына арналған жабдықтар жұмысын қадағалау; ақылы негізде қызмет көрсету және т.б.);
- салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге мүлік салығы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алым, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер);
- мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту (әкiмдердiң халықпен кездесулерiнде көтерiлген мәселелердiң шешiмiн әкiмдiктердiң қадағалауы; депутаттардың әкiмдiк бюджет комиссияларының жұмысына қатысуы; қажет болған жағдайда бюджеттi нақтылауға бастамашылық ету);
- мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу (мәслихат сессиялары, депутаттық сауалдарды бақылау, тұрақты комиссиялардың қызметін үйлестіру және т.б.) және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу (кадр мәселелері, дисциплинарлық және конкурстық комиссиялар және т.б.);
- ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі (механизатор, дәнекерлеуші, сантехник, электрик, заңгер, есепші және т.б.)
Орталықсыздандыру бойынша:
Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, жеке деректерді қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлер әкімдіктеріне қайта бөлінді.
Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау, Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлердің әкімдіктеріне қайта бөлінді.
Сондай-ақ бүгінде Парламент Мәжілісінде аймақтар әкімдіктеріне 38-ге жуық функцияны және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға 18 функцияны беру арқылы мемлекеттік басқаруды әрі қарай орталықсыздандыруға бағытталған бірқатар түзетулер қарастырылуда.
Жалпы бұл шаралар мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың тиісті саясатты қалыптастыруына және барлық деңгейдегі әкімдердің оны жүзеге асыруға жауапкершіліктерін арттырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік дербестік бойынша:
Жаңа Бюджет кодексінің жобасында кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аудару көзделген.
Қосымша, республикалық деңгейден жергілікті деңгейге төлемдер, алымдар, баждар, айыппұлдар және басқа да төлемдерді беру пысықталуда.
Сонымен қатар өңірлердегі өмір сүру сапасындағы дисбалансты төмендету бойынша өңірлік саясаттың басым міндетін бюджеттік жоспарлауда пайдаланудың минималды стандарттарын енгізу арқылы орындау жоспарланған.
Осы мақсатта жаңа Бюджет кодексі шеңберінде минималды стандарттар түсінігі енгізілуде, атап айтқанда, әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және және басқа да инфрақұрылымның минималды стандарттарын (желілерін) ескере отырып, бюджет шығыстарды жоспарлаудың заңнамалық негізі қаланған.
Аталған қағидалар Құрылыс кодексінің жобасына да енгізілген.
Осы ретте алдағы уақытта республикалық деңгейде тек республикалық маңызы бар жобаларды ғана қаржыландыру жоспарлануда, ал барлық базалық инфрақұрылым ЖБ есебінен қаржыландырылатын болады.#Экономика
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Социсследование показало, сколько казахстанцев поддерживают строительство АЭС
Социсследование показало, сколько казахстанцев поддерживают строительство АЭС
Фото: Zakon.kz
По заказу Казахстанского института стратегических исследований при президенте РК (КИСИ) с 7 по 18 августа 2024 года был проведен телефонный опрос населения по поводу отношения к строительству в стране АЭС, сообщает Zakon.kz.
Как рассказали в КИСИ 22 августа, было опрошено 1200 респондентов старше 18 лет из 17 областей и городов республиканского значения – Астаны, Алматы и Шымкента.
“В целом, большинство опрошенных (53,1%) поддерживают идею строительства АЭС. Поддерживающие идею строительства АЭС связывают с ней большие надежды, в том числе решение проблемы дефицита электроэнергии к 2030 году”, – сообщили в КИСИ.
Противники же идеи строительства АЭС (32,5%) в основном опасаются возможных аварий и их последствий для окружающей среды.
“При этом практически каждый десятый респондент (14,4%) еще не определился со своим выбором. Также половина респондентов (51%) считают, что обладают достаточной информацией и уровнем знаний, чтобы проголосовать на референдуме “за” или “против” строительства АЭС”, – рассказали в институте.
Кроме того, 12,2% респондентов признались, что имеют фрагментарную информацию, 31,6% опрошенных не владеют ею вовсе, а 5,2% затруднились дать ответ.
“При опросе 42,6% респондентов выразили твердое намерение принять участие в референдуме по вопросу строительства АЭС в случае его проведения. Еще 16,4% ответили, что скорее примут участие. Не планируют принимать участие в референдуме 25,3% респондентов, 8,9% – скорее не пойдут, а 6,8% затруднились ответить”, – заключили в КИСИ.
20 августа 2024 года в Астане прошлипубличные обсуждения, которые закрыли цикл общественных дискуссий по вопросу строительства атомной электростанции в Казахстане.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Ерлан Кошанов: Атомная энергетика нужна для успешного будущего страны
Ерлан Кошанов: Атомная энергетика нужна для успешного будущего страны
Фото: пресс-служба партии Amanat
Сегодня, 23 августа 2024 года, спикер Мажилиса, председатель партии Amanat Ерлан Кошанов принял участие в работе республиканского молодежного политического лагеря “Жастар Рухы”. В селе Нысанбек Туркестанской области собрались 420 делегатов со всего Казахстана, сообщает Zakon.kz.
Как отметил в своем выступлении Ерлан Кошанов, молодежь всегда находится в авангарде трендов и, будучи движущей силой нашего государства, является будущим Справедливого Казахстана. Он подчеркнул, что сегодня государство многое делает для решения социальных проблем молодежи. Также Ерлан Кошанов обратил внимание на эффективность волонтерской деятельности “Жастар Рухы”.
Отдельно участники мероприятия обсудили вопрос строительства АЭС в Казахстане. Активисты и члены “Жастар Рухы” подчеркнули прогрессивность этой инициативы и выступили в поддержку возведения АЭС.
Председатель Мажилиса отметил, что в большой дискуссии вокруг АЭС именно молодежь должна принимать самое активное участие и выражать свою гражданскую позицию.
“Как сказал наш президент, самые важные для нашей страны решения принимаются только с учетом мнения народа. Это принципиальная позиция главы государства. Следовательно, основное решение в вопросе строительства АЭС примет народ. Зачем нам нужна атомная энергетика? Она нужна для нашего будущего, повышения конкурентоспособности нашего государства, развития науки и технологий. В конечном итоге, она необходима для укрепления независимости нашей страны и устойчивого развития экономики”, – заявил Ерлан Кошанов.

Фото: пресс-служба партии Amanat
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстан Үкіметі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады
Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстан Үкіметі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады

Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда. Атап айтқанда, ол еліміздің көлік желісін дамытуға бағытталған.
2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды. Қалған 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңда, мысалы, «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» сияқты ірі көлік күре жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл жобалар жол жүру уақытын қысқартады, көлік шығындарын азайтады әрі жол қауіпсіздігін арттырады. Аталған жобалардың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым.
Түркістан облысында Шақпақ баба асуында туннель құрылысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы – 840 метр. Құрылыс аймақ үшін үлкен маңызға ие, өйткені асу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің күрделі бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта бетон мен асфальт төселіп, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінде бейнебақылау жүйелерін, желдету және өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша іске қосу-реттеу жұмысы жүргізілуде.
Көлік инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды объект – Алматы облысындағы Шамалған стансасында автомобиль жолы өтпесінің салынуы. Өткелдің ашылуы автокөліктердің темір жолдардан қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстанның шығысында ұзындығы 1 316 метр Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы аяқталуда. Көпірдің өзінен бөлек, жоба жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын кірме жолдың құрылысын қамтиды, бұл Шығыс Қазақстан облысында көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 21 тіректі орнату және 20 металл аралықты монтаждау жұмыстары аяқталды. Көпір мен кірме жолға асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмысы жүргізілуде.
Бұл көпір өңір үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұрын шалғай аудандардың тұрғындары паром өткелін пайдалануға мәжбүр болған. Жаңа көпір жол жүру уақытын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жол инфрақұрылымын дамытудың 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясын одан әрі іске асыруда. Мәселен, бұл бағдарламаға «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» сияқты перспективалы жобалар және Сарыағаш қаласын айналып өту құрылысы енгізілген. Барлық жоба бір мердігер ұйымның жолды жобалап, салуын және кейіннен күтіп ұстауын көздейтін ЕРСМ-келісімшарты бойынша іске асырылатын болады.
Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» автожолын реконструкциялау жұмысы басталды. Реконструкция жол төсемін жақсарту, жол жиектерін нығайту және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмысты қамтиды. Бұл жоба ұзақ уақытқа созылған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді және осы магистраль бойынша қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, автожол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде ҚДБ арқылы қаржыландырылатын, құрылымды күшейте отырып, жолдарды орташа жөндеудің ауқымды бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама 20 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген учаскелермен қоса, 2,5 мың шақырым республикалық жолдарды қамтиды.
Жобалар тізбесіне «Жезқазған – Петропавл», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Қарағанды – Аягөз – Боғас» және «Семей – Барнаул» жолдарын орташа жөндеуден өткізу енгізілген. Бұл жобаларды іске асыру алдағы жылдарға қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз ете отырып, бүкіл ел бойынша жолдардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий