


Ақмола облысының спортшылары бірінші жартыжылдықта мынадай нәтижелерге қол жеткізген еді:
Паралимпиада ойындары мен әлем және Азия чемпионаттарында облысымыздың спортшылары түрлі номинациядағы 104 медаль жеңіп алды. (Паралимпиада ойындары 1 – алтын, 1 – күміс; Олимпиада ойындары бойынша әлем чемпионаттары: 1 алтын, 1 күміс; Олимпиадалық жарыстар бойынша Азия чемпионаты: 5 алтын, 8 күміс, 10 қола.)
Олардың арасында шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Никиша Денис (Роттердам, Нидерланды).
Любляна қаласында (Словения) өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы брейкинг бойынша әлем чемпионатында алғаш рет 10-12 жас аралығындағы спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алған Қалышбаев Әміре.
Мациев Юсуф – грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Бішкек, Қырғызстан).
Давид Дегтярев 54 келі салмақта пара пауэрлифтингтен Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы.
Еркін Ғаббасов – Парижде өткен Паралимпиада ойындарының пара атудан күміс жүлдегері.
Думан Көгершін – Бес асықтан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы.
Бекбол Нұрлан – Алыш күресінен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері.
Әбеуова Толғанай – Кураш күресінен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері.
«Ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Якутск қаласында (Ресей) өткен «Азия балалары» 8-ші халықаралық спорт ойындарына облыс спортшылары қатысып, жүлдері орындарға ие болды» – деп, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Тулендин өз сөзін аяқтады.

Бұл жайында бүгінгі брифингте Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тулендин Ардақ Болатұлы баяндап берді.
Жалпы, облыстағы спорт ұйымдарының жұмысындағы негізгі бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты және элиталық спортты дамыту.
Облыста 1824 спорт нысаны болса, оның 1066-сы ауылдық жерлерде.
Бірінші жартыжылдықта Есіл және Қосшы қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда екі нысан да пайдалануға берілді.
Биылғы жылы Степногорск қаласында «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен құрастырмалы спорт кешенінің құрылысы басталды, ал, «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметі аясында Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында әуе қамтамасыз ету құрылымдары негізіндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталуда.
Облыста кәсіпқой спорт саласында қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Чемпионатында 6 команда– шайбалы хоккейден – «Арлан» ХК, футболдан – «Оқжетпес» ФК (ерлер мен әйелдер), баскетболдан – «Оқжетпес» БК (әйелдер) , «Ұшқын Көкшетау» волейболдан ерлер командасы бақ сынауда.
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Тулендиннің айтуынша қыркүйек және қазан айларында ұлттық және халықтық спорт түрлерінен (бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, шәйнектер көтеру, қол күресі,асық ату) «Құлагер» спартакиадасын өткізу жоспарлануда. 2000-нан астам адамды қамту күтіледі.
Облыста бұқаралық спортпен қатар элиталық спорт түрлері де дамып келеді.

Атомная энергия играет важную роль в развитии как местных сообществ, так и целых стран. На территории Казахстана в свое время было создано 2 города для развития атомной промышленности и проведения фундаментальных ядерных исследований – Курчатов и Шевченко (ныне Актау).
Атом энергетикасы жергілікті қауымдастықтардың да, тұтас елдердің де дамуында маңызды рөл атқарады. Кезінде атом өнеркәсібін дамыту және іргелі ядролық зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан аумағында 2 қала – Курчатов және Шевченко (қазіргі Ақтау) құрылды.
Атомная энергия играет важную роль в развитии как местных сообществ, так и целых стран. На территории Казахстана в свое время было создано 2 города для развития атомной промышленности и проведения фундаментальных ядерных исследований – Курчатов и Шевченко (ныне Актау).



