В Казахстане подписан закон о модернизации государственной службы

Президент подписал обновленный закон «О государственной службе Республики Казахстан» и сопутствующие поправки к законодательству. Пакет изменений направлен на масштабную цифровую трансформацию госаппарата, переход к клиентоориентированности и привлечение молодых талантов. О ключевых новшествах на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказал руководитель областного Департамента Агентства по делам государственной службы Нуркат Батыркулов.

Главным вектором реформы станет законодательное закрепление сервисного подхода в работе чиновников. Закон четко прописывает модель поведения, ориентированную на доступность и качество государственных услуг, а также вводит институт безупречной репутации, который станет базовым критерием добропорядочности управленцев. Кроме того, нормативная база приведена в полное соответствие с новой Конституцией страны.

Поправки затронули и правовой статус лиц, содействующих выполнению госфункций, включая контрактных и иностранных работников, а также технический персонал – теперь для них жестко урегулированы вопросы служебной этики, ответственности и предотвращения конфликта интересов.

«Для привлечения молодых и талантливых кадров в регионы внедряется полноценный институт подготовки к государственной службе. Это комплекс образовательных и практических мероприятий, нацеленный на опережающее формирование компетенций, которые необходимы для эффективного выполнения государственных задач», – сообщил Нуркат Батыркулов.

Важным шагом к прозрачности станет перевод процедур отбора в цифровой формат на платформе интегрированной информационной системы «Е-қызмет», которая охватит как действующих служащих, так и кандидатов на руководящие посты в государственных юридических лицах. Карьерное продвижение внутри корпуса «Б» станет более гибким за счет механизма горизонтального роста в рамках одной должности: оклады служащих теперь будут напрямую зависеть от присвоенного должностного уровня.

Одновременно с этим реформируется институт ответственности. Сроки дисциплинарных взысканий теперь разграничены по степени тяжести, а в практику вводятся меры превентивного правового воздействия, такие как профилактические беседы и внеплановые проверки компетенций, позволяющие предупреждать нарушения до их совершения.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В Казахстане подписан закон о модернизации государственной службы отключены

Қазақстанда мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңартылған заңға және оған ілеспе заңнамалық түзетулерге қол қойды. Өзгерістер пакеті мемлекеттік аппаратты ауқымды цифрлық трансформациялауға, халыққа бағдарланған сервистік модельге көшуге және жас таланттарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте негізгі жаңашылдықтар туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов баяндады.

Реформаның басты бағыты – мемлекеттік қызметшілер жұмысына сервистік тәсілді заңнамалық тұрғыда бекіту болмақ. Заңда мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына бағытталған мінез-құлық моделі нақты айқындалған. Сонымен қатар, басқарушылардың адалдығы мен кәсіби тазалығының негізгі өлшеміне айналатын мінсіз бедел институты енгізіледі. Бұдан бөлек, нормативтік-құқықтық база елдің жаңартылған Конституциясына толық сәйкестендірілді.

Түзетулер мемлекеттік функцияларды орындауға жәрдемдесетін тұлғалардың құқықтық мәртебесіне де әсер етті. Атап айтқанда, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер, шетелдік мамандар мен техникалық персонал үшін қызметтік әдеп, жауапкершілік және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері қатаң реттелді.

«Өңірлерге жас әрі талантты кадрларды тарту мақсатында мемлекеттік қызметке даярлаудың толыққанды институты енгізілуде. Бұл – мемлекеттік міндеттерді тиімді орындауға қажетті құзыреттерді алдын ала қалыптастыруға бағытталған білім беру және тәжірибелік іс-шаралардың кешені», – деді Нұрқат Батырқұлов.

Ашықтықты қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі – іріктеу рәсімдерін «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы толық цифрлық форматқа көшіру. Бұл жүйе қолданыстағы мемлекеттік қызметшілерді де, мемлекеттік заңды тұлғалардағы басшылық лауазымдарға үміткерлерді де қамтиды.

Сондай-ақ «Б» корпусы қызметшілерінің мансаптық өсу жүйесі икемдірек бола түседі. Бір лауазым аясындағы көлденең мансаптық өсу тетігі енгізіліп, енді қызметкерлердің еңбекақысы берілген лауазымдық деңгейге тікелей байланысты болады.

Сонымен қатар жауапкершілік институты да реформалануда. Тәртіптік жазалардың мерзімі олардың ауырлық дәрежесіне қарай сараланады. Ал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелесу мен құзыреттерді жоспардан тыс тексеру секілді превентивтік құқықтық ықпал ету шаралары тәжірибеге енгізіледі.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қазақстанда мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы заңға қол қойылды отключены

Подростковая преступность в Акмолинской области снизилась почти на 60%

В регионе отмечается значительное сокращение числа правонарушений среди несовершеннолетних благодаря переходу на усиленный режим превентивной работы. На сегодняшний день за всеми организациями образования области закреплены сотрудники правопорядка, которые ведут системный мониторинг подростковой среды. О мерах по обеспечению безопасности детей на брифинге РСК рассказала старший инспектор по особым поручениям управления местной полицейской службы департамента полиции, майор Айнагуль Куандыкова.

В общей сложности профилактическую работу в школах и колледжах региона ведут около 400 сотрудников полиции. С начала года для учащихся провели более 3 тысяч разъяснительных встреч. Особое внимание уделяется раннему выявлению фактов буллинга, вымогательства и лудомании, в том числе через мониторинг скрытых конфликтов в социальных сетях.

«Наша главная цель – профилактика правонарушений. Поэтому сотрудники полиции на постоянной основе проводят в школах разъяснительную работу. В результате принятых мер количество преступлений, совершенных несовершеннолетними в области, снизилось более чем на 59%», – отметила Айнагуль Куандыкова.

Параллельно полиция усиливает контроль за благополучием в семьях. Сейчас на учете в регионе состоят порядка 680 семей, находящихся в сложной жизненной ситуации, где воспитываются около тысячи детей. С начала года за ненадлежащее исполнение обязанностей по воспитанию к административной ответственности привлечено более 420 родителей.

Отдельно спикер остановилась на рисках, с которыми подростки сталкиваются в виртуальном пространстве. Контент, пропагандирующий агрессию в интернете, напрямую влияет на психологию несовершеннолетних, что требует повышенной бдительности со стороны старшего поколения.

В преддверии летних каникул департамент полиции призвал родительскую общественность региона усилить контроль за досугом детей, не оставлять их без присмотра вблизи водоемов и строго соблюдать правила дорожной безопасности.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Подростковая преступность в Акмолинской области снизилась почти на 60% отключены

Ақмола облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейді

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауындағы маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты Ақмола облысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айнагүл Қуандықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде облыстағы барлық білім беру ұйымдарына полиция қызметкерлері бекітілген. Жалпы 396 қызметкер мектептер мен колледждерде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған.

«Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алу. Сондықтан полиция қызметкерлері мектептерде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді», – деді спикер.

Сонымен қатар буллинг, бопсалау, лудомания және басқа да келеңсіз әрекеттердің алдын алу үшін жастар ортасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік желілердегі балалар арасындағы жанжалдар да бақылауда.

Қазіргі таңда облыста 970 бала тәрбиеленіп отырған 678 қолайсыз отбасы есепте тұр. Жыл басынан бері бала тәрбиесіне жауапсыз қарағаны үшін 425 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Спикер интернеттің балалар тәрбиесіне теріс әсеріне де тоқталды.

«Қазіргі балалардың көп уақыты әлеуметтік желілерде өтеді. Интернеттегі агрессия мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контент жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді», – деді Айнагүл Қуандықова.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 59,1 пайызға төмендеген.

Жазғы демалыс қарсаңында полиция департаменті ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, су айдындары маңында бақылауды күшейтуге және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.

«Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Бала әрқашан үлкендердің іс-әрекетін қайталайды», – деп қорытындылады Айнагүл Қуандықова.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейді отключены

Ақмола облысында оқу жылы аяқталды: 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштастыАқмола облысында биылғы оқу жылы аяқталып, 140 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шыққалы отыр.

Ақмола облысында оқу жылы аяқталды: 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Ақмола облысында биылғы оқу жылы аяқталып, 140 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шыққалы отыр. Өңірдегі 523 мектепте соңғы қоңырау соғылып, 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Ал мыңдаған оқушы оқу жылын үздік нәтижемен аяқтап, түрлі олимпиада мен байқауларда облыс намысын қорғады. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Биыл облыста 441 оқушы «Алтын белгіге» үміткер атанса, 495 түлек үздік аттестат алуға ниетті. Сонымен қатар, 9-сынып оқушыларының арасында 1052 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр.
«Біздің басты мақсатымыз – балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды елжанды, білімді әрі жауапкершілігі жоғары азамат ретінде тәрбиелеу. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымыз үшін табысты болды», – деді Айнагүл Балташева.
25 мамыр күні облыстың барлық мектептерінде дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанаты өтеді. Сонымен қатар, «Білім – Отаныма!» атты бірыңғай республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады.
Оқу жылы Ақмола облысының оқушылары үшін жетістіктерге толы болды. Жыл ішінде 3533 оқушы түрлі олимпиада мен байқауларға қатысып, халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде 1408 марапатқа ие болған. Оның ішінде 260 алтын, 434 күміс және 714 қола медаль бар.
Өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Қосшы қаласында 1500 орындық жаңа мектептің құрылысы басталып, өткен оқу жылында облыс бойынша 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдауға арналған алғашқы орталық ашылды.
Білім беру ұйымдарын цифрландыруға да басымдық берілуде. Облыстағы барлық мектеп кең жолақты интернетпен қамтылған. Оның ішінде 166 мектеп Starlink жүйесіне қосылған.
Тәрбие жұмыстары аясында «Адал азамат» бағдарламасы бойынша 101 іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңға жуық бала қатысты. Ал облыс прокуратурасының бастамасымен құрылған «Жас ұрпақ» қозғалысына бүгінде 7 мыңнан астам оқушы тартылған.
Брифинг соңында Айнагүл Балташева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Соңғы қоңырау» шараларына қатысып, мектеп бітірушілердің қуанышты сәттерін көпшілікпен бөлісуге шақырды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында оқу жылы аяқталды: 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштастыАқмола облысында биылғы оқу жылы аяқталып, 140 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шыққалы отыр. отключены