Ақмола облысының бес педагогы республикалық байқаудың жүлдегерлері атанды

Ақмола облысының мектеп дәліздерінде тек білім беріп қана қоймай, цифрлық дәуірдің жаңа буынын шабыттандыра алатын жаңа педагогикалық элита қалыптасып келеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жуырда өңірдің жас ұстаздары «Дарынды балаға – талантты педагог» атты республикалық педагогикалық олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстандағы білім беру жүйесінің болашағы сенімді, креативті әрі үлкен мақсаттары бар жас мамандардың қолында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы байқау еңбек өтілі бес жылға дейінгі жас педагогтар үшін нағыз интеллектуалдық алаңға айналды. Кеше ғана мектеп партасында отырған жас мамандар бүгінде заманауи мектептің жаңа үрдістерін қалыптастырып келеді.

Байқаудың финалына жету жолы оңай болған жоқ. Қатысушылар алдымен аудандық кезеңдерден өтіп, кейін 2026 жылғы 10–11 наурыз күндері Алматы қаласындағы «Абай атындағы ұлттық мектеп» базасында өткен республикалық финалда бақ сынады.

Облыстық кезеңде өңір намысын қорғау үшін Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен аудан мектептерінен келген 38 үздік педагог өзара бақ сынасты. Қатысушылар тек пәндік білімдерін ғана көрсетіп қоймай, өздерінің кәсіби ұстанымдары мен инновациялық жобаларын қорғады. Олар «Цифрлық дәуірдегі адал азамат», «Болашақ мектебі» және «Эврика!» секілді заманауи тақырыптағы номинациялар бойынша өнер көрсетті.

Алматы қаласында өткен финалдық кезеңнің нәтижесінде Ақмола облысы тағы да талантты ұстаздардың ордасы екенін дәлелдеді. Өңірдің үш өкілі күміс жүлдені иеленді. Атап айтқанда, Жақсы ауданынан тәлімгер Вероника Коцюба, Атбасар қаласынан психолог Айнагүл Сәдуақасова және Қосшы қаласынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Сағат жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Ал қола жүлдені биология пәнінің мұғалімі Айдана Хамид пен филолог Наргиз Майданова жеңіп алды. Сонымен қатар Ирина Вдовина бастаған бірқатар қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталып, өңір командасының жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Бұл есімдер бүгінде өңірлік білім беру саласының тарихына заманауи ұстаздың жаңа бейнесінің символы ретінде жазылып отыр. Өйткені қазіргі мұғалім – зерттеуші, жаңашыл әрі кәсіби биіктерді бағындыра алатын жарқын тұлға.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысының бес педагогы республикалық байқаудың жүлдегерлері атанды отключены

Пять акмолинских педагогов стали призерами республиканского конкурса

В школьных коридорах Акмолинской области рождается новая педагогическая элита, способная не просто учить, а вдохновлять новое поколение цифровой эпохи, сообщает KazFace.kz.

Недавний триумф здешних молодых учителей на республиканской педагогической олимпиаде «Талантливому ребенку – талантливый педагог» стал мощным аккордом, подтверждающим: будущее казахстанского образования находится в надежных, креативных и невероятно амбициозных руках.

Ежегодное состязание, организуемое РНПЦ «Дарын» министерства просвещения РК, превратилось в настоящий интеллектуальный марафон для специалистов со стажем до пяти лет – тех, кто еще вчера сам сидел за партой, а сегодня уже диктует тренды в современной школе.

Путь к вершине был тернист и многогранен: от районных этапов до масштабного финала, прошедшего 10–11 марта 2026 года в Алматы на базе «Национальной школы Абая».

На областном уровне за право представлять регион сражались 38 лучших представителей Кокшетау, Степногорска, Косшы и районов области. Конкурсанты не просто демонстрировали знание предметов, они защищали свою жизненную философию и инновационные проекты в номинациях, звучащих как вызов времени: «Адал азамат» в эпоху цифровых технологий», «Школа будущего» и «Эврика!».

Результаты финала в Алматы закрепили за Акмолинской областью статус кузницы талантов. Сразу три представителя региона взошли на вторую ступень пьедестала: вожатая из Жаксынского района Вероника Коцюба, психолог из Атбасара Айнагуль Садуокасова и учитель английского языка из города Косшы Мадина Сағат продемонстрировали филигранное мастерство и стальную волю к победе. Бронзовые медали в копилку области принесли биолог Айдана Хамид и филолог Наргиз Майданова, а почетные грамоты, включая фактически четвертое место Ирины Вдовиной, подтвердили высочайший уровень подготовки всей команды.

Эти имена теперь вписаны в историю регионального образования как символ того, что современный учитель – это исследователь, новатор и яркая личность, способная преодолевать любые профессиональные планки.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Пять акмолинских педагогов стали призерами республиканского конкурса отключены

ЦКР: судебных исков по вопросам подготовки и проведения референдума не поступало

«В соответствии с Конституционным законом «О республиканском референдуме» комиссии референдума уполномочены рассматривать заявления и жалобы о возможных нарушениях законодательства. Центральная комиссия осуществляет эту деятельность в установленном правовом порядке, руководствуясь нормами конституционных законов о референдуме и о выборах, а также положениями Административного процедурно-процессуального кодекса», – отметила Асель Жанабилова.
Она сообщила, что с момента издания Указа о проведении республиканского референдума в Центральную комиссию поступило 228 обращений, из которых 200 направлены физическими лицами и 28 – юридическими.
Как отметила член ЦКР, наибольшее количество обращений связано с разъяснением законодательства о референдуме.
«Более половины обращений – 52% связаны с разъяснением законодательства о референдуме, 20% касаются вопросов предмета референдума, ещё 5% – проведения опросов общественного мнения. По каждому обращению обеспечивается своевременное рассмотрение и предоставляются исчерпывающие ответы со ссылками на нормы действующего законодательства», – подчеркнула она.
В завершение член Центральной комиссии референдума констатировала, что на сегодняшний день жалоб на ответы Центральной комиссии и территориальных комиссий референдума не поступало.
Также в судебные органы не подано исков, связанных с подготовкой и проведением республиканского референдума.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ЦКР: судебных исков по вопросам подготовки и проведения референдума не поступало отключены

ОРК: референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап арыздар түспеген

Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде Орталық референдум комиссиясына түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова комиссияның отырысында ақпарат берді.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес, референдум комиссиялары заңнама бұзу ықтималдығы туралы өтініштер мен шағымдарды қарауға өкілетті. Орталық комиссия бұл қызметті референдум және сайлау туралы конституциялық заңдардың нормаларына, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сүйене отырып белгіленген құқықтық тәртіпте жүзеге асырады», – деді Әсел Жанәбілова.
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова атап өткендей, Республикалық референдумды өткізу туралы жарлық қабылданғаннан бері Орталық комиссияға 228 өтініш түскен, оның ішінде 200-і жеке тұлғалардан, ал 28-і заңды тұлғалардан келіп түскен.
ОРК мүшесінің айтуынша, өтініштердің ең көп бөлігі референдум туралы заңнаманы түсіндіруге қатысты.
«Өтініштердің жартысынан көбіне жуығы, яғни 52%-ы референдум заңнамасын түсіндіруге, 20%-ы референдумның мәні мен тақырыбына, тағы 5%-ы қоғамдық пікірге сауал салудың өткізілуіне байланысты. Әр өтініш бойынша уақытылы қарау қамтамасыз етіліп, қолданыстағы заңнаманың нормаларына сілтеме жасау жолымен толық жауап берілуде», – деді ол.
Соңында Орталық референдум комиссиясының мүшесі бүгінгі күнге дейін Орталық комиссия мен аумақтық комиссиялардың жауаптарына шағым түспегенін, сондай-ақ республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап-арыздар да берілмегенін атап өтті.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ОРК: референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап арыздар түспеген отключены

ІІМ азаматтарға үндеу жасады

– Құрметті қазақстандықтар!

15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.
Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.

Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.

Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.

Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.

Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ІІМ азаматтарға үндеу жасады отключены