Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді

📌 2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 11,1 км³ су пайдаланылды, оның 9,4 км³ «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Министр ауыл шаруашылығы құрылымында бұл су көлемдері саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесті 30%-ға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.

Исполнение поручений Президента: до 30% вклада в ВВП сельского хозяйства позволили обеспечить объемы поданной аграриям поливной воды

📌 В 2025 году для орошения 1,2 млн га сельскохозяйственных земель было использовано 11,1 км3 воды, из которых 9,4 км3 обеспечено филиалами РГП «Казводхоз». Об этом сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов на пресс-конференции, посвященной итогам деятельности ведомства за год.

Министр отметил, что в структуре сельского хозяйства данные объемы водоснабжения обеспечили до 30% вклада в ВВП отрасли.

📱 @KZgovernment

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді отключены

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады

📌 Үкіметтің 2025 жылға арналған жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің саланы дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтуде.

2025 жылғы Үкімет жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Astana Hub алаңында саланы дамытуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтуде.

Министр 2025 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылып жатқанын, 300-ге жуық нысан үшін жобалау-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы мен Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау, сонымен қатар Астана қаласының негізгі ауыз су көзі болып саналатын Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды.
@KZgovernment

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады отключены

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру: 795 мың тонна қалдық жиналды

📌 Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы және «Таза Қазақстан» бастамасының нәтижелері туралы баяндады.

Министр Президенттің бастамасымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы еліміздегі экологиялық қозғалысқа жаңа серпін бергенін хабарлады. Осы жылы 1 250 іс-шара өткізілді, оған 6,4 млн адам қатысты. 1 млн гектардан астам аумақ тазартылып, 795 мың тонна қалдық жиналып, 2,8 млн ағаш отырғызылды.

«Азаматтарды тарту мақсатында @TazaQazBot чат-боты іске қосылды. 25 мың өтініш келіп түсті, оның 23,6 мыңы орындалды, бұл оның кері байланыс құралы ретіндегі тиімділігін растады. Бұл тұрғындардың сұраныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді»,
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өз позициясын нығайтуда. 2026 жылы Қазақстан климаттық және экологиялық сын-қатерлер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мақсатында Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру: 795 мың тонна қалдық жиналды отключены

Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы

📌 Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды басқару және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы баяндады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындардың нормативтік шығарындыларының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 148 мың тоннаға немесе 7,2%-ға төмендеді. Бұл ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етілуде

Жағдайды бақылау үшін автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде.Бүгінде кәсіпорындарда орнатылған 78 жүйенің 74-і ауа ластануы туралы деректерді нақты уақыт режимінде беріп отыр.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6%-ға дейін өсті.

«Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,
— деді Ерлан Нысанбаев.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 293 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 827 қоқыс орны анықталып, олардың 3 464-і немесе 91%-ы жойылды. 2018 жылмен салыстырғанда заңсыз қоқыс орындарының саны 45%-ға азайды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы отключены

Около 15 детей пострадали при пищевых отравлениях в Акмолинской области В Акмолинской области продолжается системная работа по предупреждению пищевых отравлений и обеспечению санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Об итогах надзорных и профилактических мероприятий за текущий год на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказала заместитель руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Акмолинской области Сауле Садвакасова.

По ее словам, в Акмолинской области за этот период зафиксированы два случая массовых пищевых отравлений – в Бурабайском и Ерейментауском районах. В общей сложности пострадали более 20 человек, из них около 15 – дети.

По каждому факту санитарной службой был проведен комплекс противоэпидемических мероприятий. В рамках реагирования организованы внеплановые проверки объектов общественного питания, проведены эпидемиологические расследования в домашних очагах, а также лабораторные исследования проб пищевых продуктов, питьевой воды и биологических материалов. В целях предотвращения дальнейших рисков от работы были отстранены более 20 сотрудников, не имевших медицинских книжек и допуска к работе. Материалы по выявленным нарушениям направлены в правоохранительные органы для принятия процессуальных решений.

Кроме того, с начала года в регионе проведено порядка 25 профилактических контролей с посещением объектов общественного питания. Нарушения санитарных требований выявлены на каждом из проверенных объектов. Кроме того, специалисты осуществили около 50 внеплановых проверок по обращениям граждан. 

Как подчеркнула Сауле Садвакасова, приоритетом в работе санитарно-эпидемиологической службы остается профилактика и предупреждение рисков.

«Несоблюдение санитарных требований и игнорирование ранее выданных рекомендаций становятся основной причиной усиления контрольных мер. Наша задача – защитить здоровье населения и не допустить повторения подобных ситуаций», – отметила она.

В преддверии новогодних праздников санитарные врачи обращают внимание жителей на необходимость особой осторожности в период корпоративных и семейных мероприятий. В это время риск пищевых отравлений традиционно возрастает из-за увеличения объемов приготовления блюд, длительного хранения готовой пищи, а также ее транспортировки и повторного использования. Специалисты рекомендуют строго соблюдать санитарные требования, условия хранения продуктов и сроки их годности, чтобы избежать угрозы здоровью.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Около 15 детей пострадали при пищевых отравлениях в Акмолинской области В Акмолинской области продолжается системная работа по предупреждению пищевых отравлений и обеспечению санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Об итогах надзорных и профилактических мероприятий за текущий год на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказала заместитель руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Акмолинской области Сауле Садвакасова. отключены