Батырларға қамқорлық: Ақмола облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 9 мамырға орай қаржылық төлемдер алды

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай берілетін біржолғы материалдық көмек төлемдері аяқталды және барлық қаражат ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің және оларға теңестірілген өзге де санаттағы азаматтардың шоттарына түсіп үлгерді.

Өңірлік жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы хабарлағандай аймақта тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне ерекше көңіл бөлініп, Қосшы қаласында тұратын майдангерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем жасалды.

Бейбіт аспан мен ел мүддесін қорғауға үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттары назардан тыс қалған жоқ және 25-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі төлемдерді ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар соның ішінде Ленинград құрсауында бір тұрға мен концлагерлердің сегіз бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде мүгедек болған 17 әскери қызметші мен Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан 329 адам алды.

Сонымен қатар тұратын ауданына байланысты 10-нан 25 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі мемлекеттік қолдаумен 1301 тыл еңбеккері мен қаза тапқан жауынгерлердің 36 жесірі, қаза тапқан әскери қызметшілердің 45 отбасы мен қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 30 жұбайы қамтылды. Осындай сомалар бейбіт уақытта қаза тапқан 68 әскери қызметшінің отбасына және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою кезінде қаза тапқандардың 5 отбасына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде жарақат алу салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген 27 тұлғаға төленді.

«Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау ең басты міндет саналад, қазіргі уақытта барлық қаржылық төлемдер толық көлемде аяқталды», -деп атап өтті жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында.

Бұған қоса, 108 125 теңге көлеміндегі төлемдер өзге мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 380 ардагеріне, соның ішінде Тәжік-Ауған учаскесінде және Ирактағы бітімгершілік операциясында міндеттерін орындаған әскери қызметшілерге, Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысушыларға аударылды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Батырларға қамқорлық: Ақмола облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 9 мамырға орай қаржылық төлемдер алды отключены

Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды


Указом Президента за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского и служебного долга, вклад в обеспечение национальной безопасности и обороноспособности страны, укрепление законности и правопорядка группа граждан отмечена государственными наградами

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды отключены

Мемлекет басшысы «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды

**

Глава государства в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

🎦 t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды отключены

Президент: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел»

– Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп есептейміз, әрқашанда «ас пен тас» стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет. Біз халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек деп санаймыз. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді. Осы мызғымас ұстанымдар жаңа Ата заңымызда нақты айқындалды. Бірақ бұл қамсыз отыру қажет деген сөз емес. Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуға тиіс. Сондықтан мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді ең бірінші кезекте технологиялық тұрғыдан жаңғырта беруіміз қажет. Бұл – қазіргі тұрақсыз, құбылмалы заманның талабы, соны ескере отырып, ең алдымен, Қарулы күштерімізді және әскери мекемелерімізді түбегейлі реформалау керек. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет, оны созбай, екі жыл ішінде орындау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел» отключены

️Президент: «Ерлік ешқашан ескірмейді»

– Баһадүр бабаларымыз рухы асқақ, намысы биік екенін ерен ерлігімен дәлелдеп келді. Даңқты ерлеріміз Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтпас қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Алайда, көптеген майдангердің ерлігі еленбей қалғаны да жасырын емес. Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек. Бұл – біздің перзенттік парызымыз, – деді Президент.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда отандасымыз Кенжебай Мәденовтің ерлігін ерекше атап өтті.

– Ұлы Отан соғысының соңында ол взвод командирі ретінде қандыкөйлек жолдастарымен бірге Берлиннің Ратуша ғимаратына Жеңіс туын ілді. Бұл нацистік режимнің күйреуін көрсеткен, майдангерлердің рухын көтерген, шабуылды одан әрі үдете түсуге дем берген сәт еді. Оның қаһармандық жолы туралы маршал Георгий Жуков және басқа да мықты қолбасшылар, сондай-ақ жеңіспен аяқталған қанды шайқас жөнінде қалам тербеген журналистер де жазды. Өкінішке қарай, бұл тарихи мән-маңызы айрықша даңқты ерлік осы кезге дейін лайықты бағасын алған жоқ. Сондықтан мен Ұлы Отан соғысында көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы үшін марқұм Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, біз бүгін бір ел болып тарихи әділдікті қалпына келтіріп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ️Президент: «Ерлік ешқашан ескірмейді» отключены