Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.
Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.
«Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының аясында ғана қалмауы мен үшін аса маңызды болды», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Өңірлерде және еңбек ұжымдарында өткен талқылаулар барысында адал еңбек етіп жүрген адамдардың күнделікті өміріне тікелей қатысты мәселелер көтерілген.
«Талқылау азаматтармен бетпе-бет, кейде қызу пікірталас түрінде, бірақ шынайы әңгіме сипатында өтті. Адамдар еңбек қауіпсіздігі, балаларының болашағы туралы айтты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады. Себебі ол көп жағдайда біз еңбек адамдарынан естіп отырған ой-пікірлермен сәйкес келді», – деп толықтырды спикер.
Өз сөзінде ол әлеуметтік мемлекет қағидатына және адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне де назар аударды. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының пікірінше, бұл – мемлекеттік шешімдер үшін негізгі бағдар.
«Алғашқы баптың өзінде-ақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары аталады. Жалдамалы жұмыскер үшін бұл – аса маңызды белгі. Мемлекет енді сандар мен есептердің айналасында емес, еңбек етіп, өнім өндіретін, еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар айналасында құрылады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Еңбек құқықтары туралы айта келе, Сатыбалды Дәулеталин экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыспен қамту саласына және еңбек жағдайларына мемлекет жауапкершілігінің сапалық тұрғыдан өзгергеніне тоқталды.
«Еңбек адамның жеке тәуекелі ретінде емес, лайықты өмірдің негізі ретінде мойындалады. Тағы бір маңызды бағыт – ынтымақтастық қағидаты. Мұнда ол өзінің нағыз шынайы мәніне қайта оралады. Бұл – мемлекет, бизнес және еңбек арасындағы ынтымақтастық. Тәуекелді жұмыскердің мойнына іле салу емес. Біржақты жауапкершілік те емес. Бұл – мемлекет белсенді қатысушы бола отырып, адамдардың тұрмыс жағдайына жауапкершілік алатын мүдделердің әділ теңгерімі. Жұмысшы үшін бұл, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенім», – деп мәлімдеді спикер.
Сөз соңында Сатыбалды Дәулеталин ауызбіршілік пен қоғамның бір кісідей атсалысуы тұрақты дамудың негізгі тетігі екенін тағы еске салды. Сондай-ақ, Конституциялық комиссия мүшелеріне ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс айтты.
«Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді
Рубрика: Архив
Комментарии к записи «Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді отключены
Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов
Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.
«Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы адамдар үшін қосымша қауіпсіздік береді», – деді Бақтығожа Ізмұхамбетов Конституциялық комиссия X отырысында.
Констуцияның жаңа жобасында Преамбулаға тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау − мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі деген тұжырым енгізілді. Осылайша ел болашағын қалыптастыруда, ең алдымен жинақталған білім, тәжірибе және тәрбиені ұрпаққа жеткізу арқылы аға буынның айрықша рөлі мойындалып отыр.
«Бұрынғы консультативтік құрылымдардың орнына «Қазақстанның Халық Кеңесі» құрылып, құрамына барлық өңірлердің өкілдері енеді. Бұл да аға буынға маңызды мемлекеттік шешімдер мен заңдарды талқылауға қатысу мүмкіндігін береді», – дейді депутат.
Аға буын үшін маңызды тармақ − кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекіту ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтастықты күшейтеді.
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өмірін қорғауды да күшейтеді. Мемлекет банк салымдардың, жинақтардың сақталуына және қаржылық операциялардың құпия болуына кепілдік береді.
«Онда жеке деректерді алаяқтардан және заңсыз пайдаланудан, оның ішінде интернет-кеңістікте қорғау жеке норма болып бекітіледі. Бұл цифрлық технологияларды пайдалана алмайтын және мемлекеттік қызметтерді, медициналық көмекті алу немесе қаржылық операция жүргізуде сын-қатерге жиі тап болатын егде адамдар үшін ерекше маңызды», – деп толықтырды Ардагерлер ұйымының төрағасы.
Сондай-ақ, ел ардагерлері 3-бапта жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгеніне де риза.
Сөз соңында Бақтығожа Ізмұхамбетов ардагерлер қауымы осы әзірленген Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.
Рубрика: Архив
Комментарии к записи Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов отключены
В проект новой Конституции включены важные для старшего поколения нормы – Бактыгожа ИзмухамбетовДепутат Мажилиса, председатель РОО «Организация ветеранов» Бактыгожа Измухамбетов рассказал о ключевых нормах проекта новой Конституции, имеющих важное значение для граждан пожилого возраста.
В проект новой Конституции включены важные для старшего поколения нормы – Бактыгожа ИзмухамбетовДепутат Мажилиса, председатель РОО «Организация ветеранов» Бактыгожа Измухамбетов рассказал о ключевых нормах проекта новой Конституции, имеющих важное значение для граждан пожилого возраста.«В проекте новой Конституции каждому гражданину гарантируется право на минимальный размер заработной платы и пенсии, а также на социальное обеспечение по возрасту, в случае болезни или инвалидности. Кроме того, государство берет на себя обязательство содействовать развитию различных форм социальной поддержки и благотворительности, что создает дополнительные гарантии безопасности для людей пожилого возраста», – отметил Бактыгожа Измухамбетов на 10-ом заседании Конституционной комиссии.В проекте новой Конституции в Преамбулу включено положение о сохранении историко-культурного наследия и поддержке национальной культуры как одного из ключевых принципов деятельности государства. Таким образом, при формировании будущего страны признается особая роль старшего поколения – через призму передачи накопленных знаний, опыта и ценностей последующим поколениям.«Вместо прежних консультативных структур создается «Халық Кеңесі», в состав которого войдут представители всех регионов. Это позволит представителям старшего поколения участвовать в обсуждении важных государственных решений и законов», – подчеркнул депутат.Еще одной значимой нормой для старшего поколения стало конституционное закрепление обязанности совершеннолетних трудоспособных детей заботиться о нетрудоспособных родителях. Эта норма направлена на укрепление преемственности поколений и семейной солидарности.Проект новой Конституции также усиливает защиту личных средств и жизни граждан. Государство гарантирует сохранность банковских вкладов и сбережений, а также конфиденциальность финансовых операций.«Отдельной нормой закрепляется защита персональных данных от мошенничества и незаконного использования, в том числе в интернет-пространстве. Это имеет особое значение для пожилых людей, которые не всегда уверенно пользуются цифровыми технологиями и чаще сталкиваются с рисками при получении государственных услуг, медицинской помощи или совершении финансовых операций», –добавил председатель Организации ветеранов.Кроме того, представители ветеранского сообщества положительно оценили, что на конституционном уровне закреплен принцип формирования высокой экологической культуры и бережного отношения к природе.В завершение Бактыгожа Измухамбетов сообщил, что ветеранское сообщество страны поддерживает разработанный проект новой Конституции.
Рубрика: Архив
Комментарии к записи В проект новой Конституции включены важные для старшего поколения нормы – Бактыгожа ИзмухамбетовДепутат Мажилиса, председатель РОО «Организация ветеранов» Бактыгожа Измухамбетов рассказал о ключевых нормах проекта новой Конституции, имеющих важное значение для граждан пожилого возраста. отключены
Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймынСаясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды.
Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймынСаясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.Марат Шибұтов Парламентті тарату тетіктерін неғұрлым икемді және ымыраға келуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.«Таратады» деген сөздің орнына мен үзілді-кесілділікті алып тастап, келісімге келу мүмкіндігін қалдырып, «таратуға құқылы» дегенді қолдануды ұсынамын. Бұл «Президент» бөліміндегі 46-баптың 2, 4, 8-тармақтарына және «Құрылтай» бөліміндегі 62-баптың 1, 2-тармақтарына қатысты. Осылайша, біз саяси жүйені икемді және ымыраға келуге бейім етеміз. Құрметті Комиссия, менің ұсынысымды қолдауды сұраймын», – деді ол.Саясаттанушы сондай-ақ ҚР жаңа Конституциясына ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда қызу талқылаудан өтіп, ашық қоғамдық бағалаумен сүйемелденгенін атап өтті.«Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адал үдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңде бізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығаруға дайын деп санаймын», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.
Рубрика: Архив
Комментарии к записи Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймынСаясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. отключены
Политолог Марат Шибутов: считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародный референдумПолитолог Марат Шибутов предложил более детально сформулировать конституционную норму о возможности роспуска будущего однопалатного Парламента – Курултая – при неоднократном отказе согласовать ключевые кадровые назначения.
Политолог Марат Шибутов: считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародный референдумПолитолог Марат Шибутов предложил более детально сформулировать конституционную норму о возможности роспуска будущего однопалатного Парламента – Курултая – при неоднократном отказе согласовать ключевые кадровые назначения. Свое мнение он озвучил на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.Марат Шибутов сообщил, что Курултай будет вправе согласовывать назначение ряда высших должностных лиц. В их числе Вице-президент, Премьер-министр, 10 судей Конституционного суда, 6 членов Центральной избирательной комиссии и 8 членов Высшей аудиторской палаты. То есть существенно больше, чем сейчас.Марат Шибутов предложил сделать механизм роспуска Парламента более гибким и нацеленным на поиск компромисса.«Вместо формулировки «распускает» предлагаю использовать «вправе распустить», убрав однозначность и оставив возможность договориться. Это касается пунктов 2, 4, 8 статьи 46 в разделе «Президент» и пунктов 1, 2 статьи 62 в разделе «Курултай». Таким образом, сделаем политическую систему более гибкой и склонной к компромиссу. Прошу уважаемую Комиссию поддержать мое предложение», – озвучил он.Политолог также подчеркнул, что каждая формулировка, предлагаемая в новую Конституцию РК, прошла через насыщенные обсуждения внутри Конституционной комиссии и сопровождалась открытой общественной оценкой.«Это был сложный, иногда неудобный, но честный процесс. В результате на текущем этапе мы имеем проект, который является результатом совместного труда и различных подходов, опыта и мировоззрений экспертов из разных сфер. Именно поэтому считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародное голосование», – заключил Марат Шибутов.
Рубрика: Архив
Комментарии к записи Политолог Марат Шибутов: считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародный референдумПолитолог Марат Шибутов предложил более детально сформулировать конституционную норму о возможности роспуска будущего однопалатного Парламента – Курултая – при неоднократном отказе согласовать ключевые кадровые назначения. отключены
