Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан екі мәрте үздік ондыққа ендіАСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында қылышпен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды. 

Қазақстандық Артём Саркисян үздік ондыққа еніп, жетінші орынға ие болды. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапониялық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді – 14:15. Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы 31, Назарабай Саттархан 36-орынға тұрақтады. 

София Актаева Азия чемпионатын 8-орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті. Күлжан Түсіпбекова 28, Алёна Гноева 31-орынды еншіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуден Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болғанын жазған едік.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан екі мәрте үздік ондыққа ендіАСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында қылышпен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды.  отключены

— Этот головной убор в традиционной культуре казахского народа носили только замужние женщины. Он символизировал их особый статус в семье и обществе. Автор проекта — известный дизайнер-мастер Гуляим Акумбаева, вдохновившаяся местным фольклором и традициями. Мероприятие организовано РОО «Қазақ аналары — дәстүрге жол» при поддержке акимата города, — сообщили в акимате Павлодара.

Представители международной организации Global BOOK of RECORDS/GbR официально зарегистрировали огромный головной убор как рекорд и внесли его в новую Книгу мировых рекордов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи — Этот головной убор в традиционной культуре казахского народа носили только замужние женщины. Он символизировал их особый статус в семье и обществе. Автор проекта — известный дизайнер-мастер Гуляим Акумбаева, вдохновившаяся местным фольклором и традициями. Мероприятие организовано РОО «Қазақ аналары — дәстүрге жол» при поддержке акимата города, — сообщили в акимате Павлодара. отключены

POST SCRIPTUM

Тарих өзінің сабағын қабылдауға дайын адамдарды ғана үйретеді. Біздің бұрынғы абырой-беделіміз бен атақ-даңқымыз өткен уақыттың еншісінде қалып, қазіргі бар міндетіміз әлемді бөліске салатын жаһандық ойыншылар арасында аман қалу ғана болып көрінуі мүмкін. Бірақ тарих болжанған тараулардан тұратын оқулық емес, ол – қорытындысын ешкім біл­мейтін үздіксіз процесс. Біз – оның бір бөл­шегіміз. Тарих біздің бүгініміз бен бола­шағымызды қамтиды. Біз Ұлы тарихтың мұрагерлері ғана емеспіз. Ата-бабамыздың асыл арманы, тарихтың бұралаң жолының жаңа соқпағында қайталану үшін өз уақы­тын күткен әлеует болып біздің бойымызда өмір сүреді. Біз болашақты, санамызда сәу­ле шашып тұрған алтын ғасырды жа­қын­дата отырып, сол уақытқа батыл қадам басуымыз керек.
…Қыпшақ ауылынан шығып, қатардағы құлдан даңқты қолбасшыға дейін көтеріл­ген әмір, қос Киенің қорғаушысы, Мысыр мен Шамның билеушісі, санаңа айрықша қуат, бойыңа ерекше күш беретін жусан иі­сін ешқашан ұмытпаған Сұлтан Бей­барыс­тың арманы да осы еді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи POST SCRIPTUM отключены

КЕЛЕШЕК КӨКЖИЕГІ

2022 жыл еліміз үшін халықтың санасын оятқан, ұлттың бірегейлігін қалыптастыру про­цесін жандандырып, жаңа бағыт-бағдар берген межелі жыл болды. Цифрлық дәуірдегі геосаяси сын-қатер көбейген осынау уақытта ұлтты біріктіретін тұрақты және саналы біре­гейлікті сақтап, нығайту жеткіліксіз еке­ні анық. Сондықтан бірнеше қадам алда жүру және ХХІ ғасырда ұлтты жаһандық гео­саяси аренада бәсекеге қабілетті ететін құн­дылықтарды қалыптастыруды қазірдің өзінде бастау аса маңызды. Бұл – Қазақ­стан­ның әлемнің болашақ саяси картасынан ала­тын орнына тікелей қатысты мәселе.
Бүгінде Қазақстан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жан-жақты ойластырылған және жүйелі қадамдарының арқасында өзінің әлемдегі лайықты орнын иеленді. Сондықтан біз әлі де айналасында дау-жанжал белең алған ортада бейбітшілік мекені болып қалып отыр­мыз. Біздің жауымыз жоқ, өз көзқара­сымыз бен мүддемізді сақтай отырып, бәрі­мен достық қарым-қатынас орнаттық. Өзі­мізді Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы жаңа Жібек жолының маңызды логис­тика­лық тармағы ретінде таныта алдық. Ресей, Қытай және жаһандық Оңтүстік сияқты гео­саяси алыптардың ортасында өзіміздің бағ­дарымызды сақтап қана қоймай, маңыз­ды өңірлік күш ретінде дамып келеміз. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның саяси ла­герьлерден тыс мультилатерализм саясатын ұстанатын орта держава ретіндегі мәртебесі ай­рықша маңызға ие. Сыртқы саяси бағдар­дың бұл өзгерісі туралы 2024 жылдың жа­зын­­да Еуропалық Одақтың сол кездегі Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі Жо­ғарғы өкілі Жозеп Боррель: «Бұрын Қа­зақ­стан периферияның орталығы саналатын еді. Ал ол қазір бәрінің нақ ортасына жай­ғасты», – деп пікір білдірген болатын.
Қазақстан көп елмен салыстырғанда, бү­кіл әлемді шарпыған бірегейлік дағда­ры­сынан шығатын жолды тапты. Кейбір мем­лекеттерде, оның ішінде әлемдік держава­лар­да бұл сын-қатерге жауап ретінде регресс, этностық ұлтшылдық, ксенофобияның өр­шуі, оңшыл радикализмнің белең алуы, өңір­лік және ұлттық деңгейде оқшаулану, со­лардың салдарынан кері кету байқалғаны жа­сырын емес. Ал Қазақстан ішкі этномә­дени интеграция арқылы, ешкімнің құқы­ғына нұқсан келтірмей әрі ассимиляция­лаудан бас тартып, ұлттық жаңғыруға ұмтыл­ды.
Қоғамдық санада болашақтағы ұлттық құн­дылық пен мәдени-ақыл-ой негізін қа­лыптастыру және бекіту – күн тәртібіміздегі өзек­ті мәселе. Оның тартымды болуы Қазақ­станның әрбір азаматына жаңа мүмкіндік беріп, ел брендінің шетелде бәсекеге қабі­лет­ті болуын қамтамасыз етер еді. Бұл – ХХІ ға­­сырда ұлттық идеяға айналуға лайық та­ри­хи ауқымдағы мақсат.
Мемлекет басшысы: «Ең алдымен, біз ұлт­­тың жаңа сапасын қалыптас­тыру­ға баса мән беруіміз керек. Сонымен бір­ге қоғамды алға жетелейтін құнды­лық­тар­ды қалыптас­тыру қажет. Халықтың біре­гейлігі мен қо­ғам­дық сананы жаңартпай тү­бегейлі өзге­ріс­терді жүзеге асыру мүмкін емес», – деп, жаңа құндылықтардың бұл үде­ріс­тегі рөлін ерекше атап көрсетті.
Дәстүр мен қазіргі заманды біріктіретін жаңартылған ұлттық бірегейлік тұрақты мем­лекеттіліктің негізгі орталығына, ре­фор­малар драйверіне және дағдарыс уақытында дамудың жасампаз күшіне айналуы да керек шығар. Ол ХХІ ғасырдағы ұлттың деңгейіне сай келетін жаңа этиканы, рухани дамудың үштағаны – білім, ғылым және мәдениетті, ең­бек мәдениетін, цифрлық дәуірдің озық дағ­дыларын қалыптастыруды, сол арқылы смарт-ұлт құруды қамтиды. «Тоқаев моде­лі­нің» басты ұстанымы осы тетіктерді жал­пыұлт­тық бірегейліктің мәдени-ментальдық матрицасына енгізуді көздейді.
Қазір оны айқындайтын негізгі құн­ды­лық­тар мен мәдени үрдістерді атап көрсетуге бо­лады. Ол, ең алдымен, Мемлекет басшы­сы­­ның «Адал азамат» тұжырымдамасынан кө­­рініс тапқан әділдік, заң мен тәртіп. Бұл тұ­жырымдама Президентіміздің заң үс­тем­дігін, ашықтық пен азаматтық жауап­кер­ші­лікті нығайту жөніндегі саясатының маңыз­ды бағыты саналады. Бұл идея сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес саласындағы ре­фор­малармен, мемлекеттік қызметтерді цифрландырумен және жаңа қоғамдық сана қалыптастырумен тығыз байланысты. Адал азамат – сыбайлас жемқорлық ұят саналатын және заң, ашықтық, жауапкершілік қалыпты нормаға айналатын қоғам құндылықтары.
Мәдени мұра мен дәстүрдің жаңғыр­тыл­ған құндылықтары – жаңа бірегейліктің маңыз­ды элементі. Тыңғылықты зерделенген дәстүрлі негізге табан тірейтін қазіргі қазақ мә­дениеті халықаралық аудиторияға да өзек­ті және сұранысқа ие құбылысқа айна­лып келеді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ғана емес, бірегейліктің бастапқы әрі маңызды бөлігін біріктіретін мәдениет құра­лы ретінде аясының кеңейе түскенін де атап өткен жөн. Бұл үрдіс ұлттық ренессанстың негізгі элементіне айналып келеді. Наурыз тойлау, этностильдегі киім үлгісіне, халық аспаптарына, ұлттық тағамдарға сұраныс­тың артуы сияқты жаңартылған әдет-ғұрып­­тар мен салт-дәстүрлер де ұлт бірлі­гіне ық­пал ететіні анық.
Патриотизм мен ұлттық бірлік – ресми идеология ретінде емес, ел мен халық үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерге – Туға, Әнұран мен Елтаңбаға, ата-баба­лары­­­мыздың тарихи жады мен рухани мұрасына деген шынайы құрмет, азаматтық келісімнің, этносаралық және дінаралық толерантты­лық­тың маңыздылығын түсіну жолындағы не­гізгі құндылықтар.
«Смарт-ұлт» тұжырымдамасы «Қазақ ре­нес­сансының» айқындаушы құрамдас бө­лігіне айналуға тиіс. Ол – цифрлық транс­­­фор­мация жағдайында қатты да­мыған, білімді, технологиялық тұрғыдан ілг­ері және әлеуметтік жауапты қоғам қа­лыптастыру деген сөз. Смарт-ұлт – тех­но­логияны қол­да­на­тын қоғам ғана емес, сонымен бірге аза­маттардың білім деңгейі мен цифрлық сауат­тылығы жоғары, ин­но­вациялық ойлау қабілеті, қоғамдық игі­лікке деген жауап­кершілігі дамыған, өзін-өзі оқыту, бейім­делу және жұмылу дағды­ла­ры қалып­тасқан болашаққа лайық қоғам.
Сонымен қатар смарт-ұлт тереңнен ойлауды, когнитивті икемділікті, тех­нологиялық өзгерістер жағдайында оқу­ға және қайта үйренуге дайын болуды, жаңа идеялар мен тәсілдерге ашықтықты, креа­тивтілік пен инновациялық ойлауды да­мытады. Өмірдің барлық саласында цифрлық технологияларды белсенді қол­данумен қатар, смарт-ұлт инклюзивтілікті, барлығына тең мүмкіндіктерді қолдауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, «жасыл» технологияларды пайдалануды, азаматтарды бастамашыл, ойшыл, этика­лық өзгерістерге дайын тұратын тұлғалар ретінде тәрбиелеуді көздейді. Бұл тұжы­рым­даманың мақсаты – әрбір азамат әділ, тиім­ді және инновациялық мемлекет құру­дың белсенді қатысушысы бола алатын қоғам қалыптастыру.
Қазірдің өзінде алғашқы қадамдар жа­салды. Олар: «Цифрлық Қазақстан» бағ­дар­лама­сы, «ақылды» қалалар мен IT-білім беру саласының дамуы, Astana Hub-тың іске қосылуы, стартаптар мен жастар бас­та­маларына жүйелі қолдау көрсету. Смарт-ұлт көз алдымызда пайда болып жатыр. Бұл –халықаралық олимпиадаларда жеңіс­ке жеткен және беделді шетелдік жоғары оқу орындарына түскен оқушыларымыздың жетістіктері, шахмат сияқты ақыл-ой сайы­­сындағы зияткерлік серпіліс. Біздің жа­сөспірімдер жуырда Грекияда өткен әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын иеленіп, 6 алтын ме­даль жеңіп алғаны белгілі. Бұл қатардағы ең жас чемпионымыз Алиша Бисалиева не­бәрі сегіз жаста екенін ерекше атап өт­кен жөн.
Ата-бабамыздан қалған мол мұраны ХХІ ғасыр трендтеріне сай жан-жақты зер­де­леу, жаңартылған, цифрлық дәуірдің дағдыларымен, жаңа білім және ақыл-оймен толықтыру аса маңызды. Ол – пас­сионарлық өсудің өзегі, «цифрлық көш­пенділердің» жас ұрпағын жаңа биіктерге жетелейтін ішкі күш. Бұл ұлттың бірлігін, мем­лекет пен қоғамның күш-жігерін бірік­тіруді, жүйелі стратегияны және әбден зерттелген идеологиялық тетіктерді бірік­тіруді талап етеді. Сенат жанындағы Сарап­шылар клубы бастамашы болған «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы осы қағидатпен жұмыс істейтінін айта кетуге болады. Жоба мемлекеттік басқарудағы, БАҚ, ғылыми сараптама қоғамдастығы және азаматтық сектор қызметіндегі талдау тәсілдерінің сапасын көтеруді көздейді.
Жалпы, «Тоқаев моделі» қоғам санасын­да бірыңғай мәдени-ментальдық кеңістік қалыптастыру процесін бастап берді. Ол құн­дылықтарға, мақсат-міндеттерге, тари­хи нарративтерге, мәдени трендтерге, эт­но­мәдени дәстүрлер мен цифрлық дәуір­дің негізгі мәніне табан тірейді. Бұл қадам қа­зақ ренессансын толық жүзеге асыруға жә­не ұлтымызды әлемдік дағдарыс жағ­дайында бәсекеге қабілетті етуге қанша­лық­ты қауқарлы? Бұл сұрақтың жауабы оның барлық қатысушысы мен игілігін көрушілер – мемлекетке, қоғамға, азамат­тарға, яғни сіз бен бізге байланысты.
Бұл жөнінде Президентіміз
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыз­дың сапасына байланысты болмақ. Қуатты ел боламыз десек, бірлесе отырып, бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Біз болашағы қандай мемлекет құрып жатыр­мыз? Ұлтымыз нені армандайды? Қазақстан азаматы қандай болуы керек? Еліміздің басты тірегі не? Миссиясы қандай?», – деп, нақты айтқан болатын.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи КЕЛЕШЕК КӨКЖИЕГІ отключены

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Ұлттық құрылтайдың 2022 жылғы мау­сымда өткен тарихи I отырысын­да ұлттық жаңғырудың негізі қаланды. Сол жиында Мемлекет басшысы: «Құрылтайдың басты мақсаты – жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту», деп, жаңа алаңның рөлін айқындап берді. Осы­лайша, ұлтымызға ұя болған қасиетті Ұлытау төрінде, қазақ хандарының атасы Жошы хан кесенесінің іргесінде тамырын тереңге жай­ған мемлекеттілігіміздің жаңа дәуірі бас­тал­д­ы деуге толық негіз бар.
Қазақтың мәдени және тарихи дәс­түрі­нен бастау алатын Ұлттық құрылтайдың фор­маты дала демократиясы институтының мә­нін жаңғыртып қана қоймай, халықтың тарихи жадына, ғасырлар бойы сақталған әдет-ғұрпына табан тірейді. Мұның мәні тереңде жатыр. Бұл даңқты тарихты еске алу үшін жасалып жатқан символикалық шара емес. Ол – болашақтың келбетіне ұлы тарих арқылы қарауға мүмкіндік беретін қадам.
Қазақстан тарихында ұлттық бірегей­лік­тің қалыптасуына әсер етіп, біздің мәдени-ментальды жадымызда терең із қалдырған үш маңызды кезеңді белгілі бір шартты­лық­пен бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – VIII ға­сырдан XII ғасырға дейін жалғасқан Ор­та­лық Азиядағы ағартушылық дәуірі болса, екін­ші кезең – Алтын орда уақыты. Ал үшін­ші кезең – Тәуке хан билеген Қазақ хан­дығының алтын ғасыры.
«Өркениеттер тоғысында болған Қазақ­стан өзінің көп ғасырлық тарихында әлем­нің сан алуан салт-дәстүрін бойына сіңірді. Бұл – мәдени кодымыздың ажырамас бір бөлшегі, ұлтымыздың баға жетпес байлығы және бәсеке жолындағы артықшылығы». Мемлекет басшысының бұл сөздері Орталық Азия өңірінде, оның ішінде біздің еліміздің аумағында өркениеттің өркендеген дәуірін дәл сипаттайды. Шын мәнінде, сол кезең адам­затқа Шығыста Екінші ұстаз атанған әйгілі энциклопедист әл-Фарабиді, Бируниді, Ибн-Синаны, алгебраның атасы әл-Хорезмиді, Қожа Ахмет Ясауиді, әл-Бухариді, Румиді, Жүсіп Баласағұнды, Омар Хайямды және басқа да ұлы есімдерді берді.
Бұл ғалымдар мен ойшылдардың, геог­раф­тар мен саяхатшылардың, философтар мен теологтардың, ақындардың, суретші­лер­дің, музыканттардың, сәулетшілер мен сау­дагерлердің дәуірі болды. Мұның бәрі Еу­ро­падағы ғылым мен өнердің даму кезеңінен бір­неше ғасыр бұрын болғанын атап өткен жөн. Бұл нағыз ағарту және 500 жылға жа­л­ғас­қан рухани гүлдену дәуірі еді. Ол кезде Орталық Азия бүкіл әлемнің ғылыми және мәдени орталығы, елдер мен халықтар ара­сындағы алтын көпір болғаны белгілі. Осы бірнеше ғасырға ұласқан интеллектуалды өрлеу кезеңінде жинақталған мол қазына бүкіл адамзаттың, соның ішінде XVIII ғасыр­дағы Еуропада ғылым мен білімнің серпі­лісіне жол ашты.
Осыншалық даму мен ілгерілеу Ұлы Жі­бек жолының бойында болғаны айрықша маңызға ие. Бұл өркениет Қазақстанның оң­түстігіндегі қалаларды қамтыды. Мәселен, ежелгі Тараздың саудамен тығыз байланысты болғаны соншалық, кейбір деректерде шаһар­­­дың атауы «таразы» сөзінен шығатыны жөнінде айтылады. Коммерциялық белсен­ділік қалалардың дамуына, ауқымды тран­сұлт­тық байланыстарға және тұтас «халық­ара­лық инфрақұрылымның» пайда болуына ық­пал етті. Ол дегеніміз – қызмет көрсету са­ласы: қонақүйлер, керуен-сарайлар, базар­лар мен қоймалар. Сол кезде дүниенің әр түп­кірінен саудагерлер мен қолөнершілер, саяхатшылар мен ғалымдар, өнерпаздар мен суретшілер бай қалаларға ағылды. Әлемді танып-білген, өз бетінше шешім қабылдай ала­тын, жеткілікті салық төлейтін, өздерімен би­лік санасатын деңгейдегі саудагер кәсіп­керлердің тұтас шоғыры қалыптасты.
Орталық Азиядағы ағарту дәуірі еліміз­дің ілгерілеуіне үлкен әсерін тигізіп, халқы­мыз­дың ұжымдық санасында айқын із қал­дырды. Бұл кезең әлемге ашық болу, мә­де­ниеттер полифониясы, толеранттылық, бә­рімен тіл табыса білу, дипломатия өнері, бі­лім жолындағы талпыныс сияқты хал­қы­мызға тән қасиеттердің қайнар көзі екені сөзсіз.
Біздің бірегейлігіміздің қалыптасу жолындағы екінші маңызды кезең – Алтын Орда дәуірі. Шын мәнінде, дәл осы жерде XIII-XV ғасырларда халықтардың тарихи қауымдастығы қалыптасты. Одан Жошы Ұлысының аумағын, тілін, дәстүрі мен болмысын мұра етіп қабылдаған қазақ этносы бөлініп шыққаны белгілі.
Кеңес тарихшыларының «Алтын Орда езгісі», басып алған халықты найза мен қы­лыш арқылы қорқытып ұстаған жабайы көш­пенділер ордасы туралы айтқан стерео­типті тұжырымына қарамастан, Жошы Ұлысы орта ғасырда өркениеттің ошағы бол­ды. Бірін-бірі толықтыра түсетін қалалық жә­не көшпелі мәдениеттердің синкре­тика­лық үйлесімділігінен оның бірегейлігі қа­лып­тасты. Көшпенділердің жауынгерлік ай­быны қала қолөнершілерінің өнерімен ұш­тасып, сауда керуендері әлемнің үздік сар­баздарының қорғауымен шығыстан ба­тысқа қарай ағылып жатты. Базарлар Ой­куменаның әр түпкірінен келген тауарларға толы болды. Ал, діни төзімділік өзара қып­шақ диалектісінде сөйлесетін мұсылман­дар­ға, қырым иудей-караимдарына, несториан-хрис­тиандарға және православие өкілдеріне бей­біт қатар өмір сүруге мүмкіндік берді.
Жошы Ұлысының мәдени алуандығы философия, дін, медицина, математика, парсы және түркі әдеби дәстүрімен қатар, Орталық Азия ислам ағартушылық мұрасын, сондай-ақ өзінің бай фольклорын, оның ішінде батырлар жырын бойына сіңірді. Алтын Орда бірнеше ғасыр бойы Қытай жә­не Үндістан, сондай-ақ Ресей және Қырым­дағы италиялық (генуэзиялық) факториялар арқылы Шығыс пен Батыс арасында Ұлы Жібек жолындағы сауда және мәдени көпір, Транскаспий дәлізінің баламасы болды.
Тіл осы этномәдени әралуандықты бірік­тірген құрал ретінде қызмет етті. Ол – жазбаша оғыз-қыпшақ түркі тілі мен lingua franca – қыпшақ тілінің халықтық диа­лектілері. Тұрпайы латыннан француз және испан тілдері пайда болғаны сияқты бұ­лардың бірі қазіргі қазақ тіліне айналды.
Осы этностық, діни және мәдени то­лерант­тылықтың нәтижесінде Алтын Ор­дада өмір сүрген халықтар ерекше көп­мә­дени жүйе ретінде қалыптасты. Лев Гуми­лев­ше айтқанда, оны суперэтнос деуге болады. Бұл – белгілі бір өңірде бір уақытта пайда болған, экономикалық, идеологиялық және саяси тұрғыдан өзара байланысты және та­рих­та мозаикалық тұтастық танытқан эт­нос­тар тобы.
Қазіргі Қазақстан – Ұлы Даланың дәл жү­регінде, Алтайдан Каспийге, Сібірден Сырдарияға дейінгі Жошы Ұлысының негізгі аумағын сақтап қалған және оның мәдени-ментальдық парадигмасын қабылдап алған жалғыз егемен мемлекет. Содан қазақтың бүгінгі бірегейлігі бастау алды. Оның мәні – түркілік, еуразиялық, шығыс, батыс және дәстүрлі қазақ құндылықтарының синтезі, дінаралық және этносаралық толерант­тылық, табандылық, байсалды авантюризм, бостандық пен жаңа көкжиектерге ұмтылу.
Бірегейлігіміздің қалыптасуындағы үшінші маңызды кезең – халық арасында әз-Тәуке – Дана Тәуке атанған ұлы реформа­тор, Қазақ Конституциясы әйгілі «Жеті жар­ғы» заңдар жинағын қабылдаған Тәуке хан би­лік құрған уақыт. Халық арасында бұл ке­зең қазақ үшін алтын ғасыр саналғаны те­гін емес.
Тәуке хан басқару және құқық жүйе­сін­дегі реформалардың арқасында ішкі саяси қатынастарды реттеді. Ол билік қатынас­тары­ның жүйесін өзгертті. Билікті бір қолда шоғырландырмау саясатын жүргізді. Ескі бай-сұлтандарды ығыстырып, халық өз ара­сынан сайлаған ру билерін мемлекетті бас­қаруға тартты. Билер билік пен халық ара­сындағы кері байланысты және даулы мә­селелердің әділ шешілуін қамтамасыз етті.
Консенсус, яғни ортақ мәміле басқару­дың негізгі қағидаты ретінде жарияланды. Элита арасындағы қақтығыстар тоқтап, заң­ның әділдігі мен үстемдігі орнады. Эко­номика дамып, сауда өркендеді. Тұрақты өт­кізіліп тұрған билер құрылтайы жал­пыұлт­тық мәселелер шешілетін маңызды мем­лекеттік органға айналды. Еліміздегі бү­гінгі Ұлттық құрылтай осы демократиялық дәстүрдің тікелей жалғасы екені анық.
Сол кезең халықтың санасында алтын ға­сыр, игілік пен бейбітшілік салтанат құрған әділетті әрі жайлы дәуір, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» болып, мәң­гіге қалды.
Ұлы бабаларымыз бізге жақсылық пен жа­мандықтың аражігін ажырату, қашанда әділ­дік пен ар-намысты ту ету, қарапайым әрі қайсар болу, білімге талпыну, жақынға қам­қорлық таныту, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, Тәуелсіздікке ұмтылу, жаңашылдықты мең­геру, балалардың еркіндігі мен дұрыс мақсат сияқ­ты құндылықтарды баға жетпес мұра етіп қалдырды. Біздің ендігі міндетіміз – осы бай қазынаны әрі қарай дамыту және соның айналасына топтасу. Сол арқылы Ұлы Дала­ның жаңарған және мәңгілік жүрегінде бо­ла­шаққа лайықты ұлт қалыптастыру.
Біздің ренессанс қазірдің өзінде бас­та­лып кетті. Соның нәтижесінде ұлттың өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашылды. Даңқты жауын­герлер мен саудагерлерден, ғалымдар мен ақындардан, хандар мен билерден, қо­ныс аударушылар мен жер аударылғандардан, ағартушылардан, Алтын Орда, Қазақ хан­ды­ғы, Алаш ордасы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дәуіріндегі зиялы қауым мен жұ­мысшылардан бізге жеткен ДНК код – со­ның кепілі.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ отключены