Қазақстандық Артём Саркисян үздік ондыққа еніп, жетінші орынға ие болды. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапониялық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді – 14:15. Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы 31, Назарабай Саттархан 36-орынға тұрақтады.
София Актаева Азия чемпионатын 8-орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті. Күлжан Түсіпбекова 28, Алёна Гноева 31-орынды еншіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуден Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болғанын жазған едік.