Қорғалжын ауданы 100 жылдық мерейтойына дайындалуда

Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданында жаңа даму кезеңі басталды. Бірегей табиғи қорығымен және дәстүрлі «Қызғылт қоқиқаз» фестивалімен танымал өңір өзінің 100 жылдық мерейтойына экономикалық және әлеуметтік жағынан тың серпінмен қадам басып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Алмас Алин брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммцникациялар қызметінен.

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығы. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 21,2 млрд теңгені құрады. Әсіресе, егін шаруашылығы қарқынды дамуда. Өсім екі еседен асты. Орташа гектар түсімі 13 центнерге жетіп, жалпы жиналған өнім 198 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 79% жоғары. Мал шаруашылығы да қарқын алуда: өндіріс көлемі 28%-ға артып, сүт өндіру 5,8 мың тоннадан асты.

“Ауыл шаруашылығы техникасын белсенді түрде жаңартылудамыз. Бір жыл ішінде 1 млрд теңгеге 42 бірлік техника сатып алынды. Құрылыс саласы да жоғары қарқынмен дамып келеді: жұмыстардың жалпы көлемі 5,6 млрд теңгеге жетіп, 2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді” , деді әкім.

Шағын және орта бизнес те өсім үстінде. Ауданда 730-дан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5,2 млрд теңгеден асып, екі есеге ұлғайды. Сауда саласы да дамып келеді. Бұл жаңа сауда нысандарының ашылуымен байланысты.

Инфрақұрылымды жаңғырту басты назарда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жолдарды жөндеу, көше жарықтандыру және ауызсумен қамту жобалары іске асырылуда. Тек 2024 жылы Нұра топтық су құбырының қайта жаңғыртылуы аясында 184 бақылау құдығы орнатылып, 98 шақырым құбыр тартылды. Бүгінде тұрғындардың 94%-ы сапалы ауызсумен қамтылған.

Жергілікті халық үшін үлкен маңызға ие жобалардың бірі Қорғалжын ауылындағы алғашқы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Бұл спорт нысанынан да артық, жастар үшін өсу алаңы мен ауданның өзгерістерінің символына айналды.

“Алайда, биылғы жылдың басты тақырыбы ауданның 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай бірқатар ірі жобалар қолға алынған: аудан энциклопедиясын шығару, қоғамдық музей ашу, көшелерді абаттандыру, ұлттық нақыштағы кіру аркаларын орнату, 3200 ағаш отырғызу, естелік саябақ салу және Кеңбидайық ауылында құс шаруашылығын іске қосу” , деді спикер.

Қорғалжын ауданы бұл тек ерекше табиғат пен туризм әлеуеті ғана емес, сондай-ақ, біртіндеп сапалы өмір сүру ортасын қалыптастырып келе жатқан өңірдің үлгісі. Мерейтой тек тарихи күн ғана емес, жаңа кезеңнің бастауы.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қорғалжын ауданы 100 жылдық мерейтойына дайындалуда отключены

Права акмолинцев под защитой: за пять месяцев потребителям возвращено 19 миллионов тенге

В Акмолинской области за первые пять месяцев 2025 года проделана значительная работа по защите прав потребителей, контролю в сфере торговли и обеспечению ценовой стабильности. Об этом сообщил заместитель руководителя департамента торговли и защиты прав потребителей Самат Сайдалин.
По его словам, с начала года в департамент поступило 433 обращения от граждан. Из них 45% касаются некачественных товаров, 20% — неудовлетворительного уровня предоставляемых услуг, а 17% — нарушений в сфере электронной коммерции.
«Больше всего жалоб связано с некачественными товарами, низким уровнем сервиса и незаконными действиями в онлайн-торговле», — сообщил представитель ведомства.
Как уточняется, 75% обращений удалось решить в досудебном порядке. В результате потребителям возвращено более 19 миллионов тенге. Также было выдано 11 предписаний и возбуждено 11 административных дел.
«Важно, чтобы и предприниматель, и потребитель знали свои права и обязанности. Поэтому мы делаем акцент не только на проверках, но и на разъяснительной и обучающей работе», — отметил Сайдалин.
В настоящее время предельная торговая наценка на социально значимые продовольственные товары — муку, хлеб, рис, сахар, масло, мясо, овощи и другие 19 категорий — не должна превышать 15%. Нарушение этого требования считается административным правонарушением.
«В ходе проверок мы выявили 146 субъектов бизнеса, которые необоснованно завышали наценку. В отношении 52 из них уже наложены штрафы на сумму более 1,5 миллиона тенге», — сообщил спикер.
94 предпринимателям вынесено официальное предупреждение. Эта работа ведется совместно со специальной комиссией по сокращению посреднических цепочек.
На брифинге также рассказали о запуске с 17 июня в Кокшетау пилотного проекта, в рамках которого получатели адресной социальной помощи могут приобретать продукты питания со скидкой.
«Цифровой ваучер — это современный и адресный инструмент поддержки. Система работает автоматически через приложение eGov Mobile и не требует подачи заявлений от граждан», — пояснил представитель департамента.
Проект продлится до 17 сентября. Ваучеры применимы только к социально значимым товарам, при этом на них не будет накручиваться посредническая наценка. В ближайшее время департамент планирует выезды в районы для личных приемов граждан и внедрение цифровых каналов обратной связи.
«Наша главная задача — не только защитить права потребителей, но и сформировать справедливые торговые отношения. Для этого мы будем продолжать профилактику, разъяснение и системный контроль», — подытожил Самат Сайдалин.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Права акмолинцев под защитой: за пять месяцев потребителям возвращено 19 миллионов тенге отключены

Ақмолалықтардың құқығы қорғалуда: бес айда тұтынушыларға 19 миллион теңге қайтарылды

Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы бес айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда саласын бақылау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшының орынбары Самат Сайдалин мәлім етті.
Биылғы бес айда Департаментке 433 азаматтан өтініш келіп түскен. Шағымдардың 45 пайызы – сапасыз тауарларға, 20 пайызы – қызмет көрсету сапасына, 17 пайызы – электронды коммерцияға байланысты.
«Тұтынушылардың ең көп шағымы сапасыз тауарларға, көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына және онлайн саудадағы заңсыз әрекеттерге қатысты болды», – деді департамент өкілі.
Мекеме деректеріне сүйенсек, барлық өтініштің 75 пайызы сотқа дейінгі тәртіппен оң шешімін тапқан. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Сонымен қатар, 11 нұсқама беріліп, 11 әкімшілік іс қозғалған.
«Кәсіпкер де, тұтынушы да өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Сондықтан біз тексерумен қатар, түсіндіру және оқыту шараларына да басымдық беріп отырмыз», – деді спикер.
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына – ұн, нан, күріш, қант, май, ет, көкөніс және басқа 19 өнім түріне сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. Бұл талапты бұзу – әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
«Біз тексеру барысында сауда үстемесін негізсіз көтерген 146 кәсіпкерлік субъектісін анықтадық. Оның 52-сіне жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», – деді Самат Сайдалин.
94 кәсіпкерге ресми ескерту берілді. Бұл жұмыс өңірде құрылған делдалдық тізбекті қысқарту жөніндегі арнайы комиссиямен бірлесіп жүргізілуде.
Брифинг барысында 17 маусымнан бастап Көкшетау қаласында іске қосылған пилоттық жоба туралы да хабарланды. Жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтар азық-түлікті жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болады.
«Цифрлық ваучер – бұл заманауи әрі адресті қолдаудың жаңа тетігі. Жоба eGov Mobile қосымшасы арқылы автоматты түрде жұмыс істейді, азаматтардан ешқандай өтініш талап етілмейді», – деп атап өтті спикер.
Жоба 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Ваучер тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қолданылады және тауарларға делдалдық үстеме қосылмайды. Департамент алдағы уақытта тұтынушылармен тікелей байланыс орнату мақсатында облыс аудандарына шығып, қабылдаулар өткізуді, сондай-ақ цифрлық кері байланыс құралдарын енгізуді жоспарлап отыр.
«Біздің басты мақсат – азаматтардың тұтынушылық құқығын қорғап қана қоймай, әділетті сауда қатынасын қалыптастыру. Бұл үшін алдын алу, түсіндіру және жүйелі бақылау жұмыстары қатар жүргізілетін болады», – деді қорытындылады спикер.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмолалықтардың құқығы қорғалуда: бес айда тұтынушыларға 19 миллион теңге қайтарылды отключены

Фонд Кулибаева открывает цифровую арену для молодежиКиберспорт больше не “просто игры”.

Сегодня это глобальная индустрия, с миллиардными оборотами, официально признанная на уровне государств и университетов по всему миру — от Сеула до Стэнфорда. В Южной Корее он стал частью национального бренда. В США за достижения в киберспорте дают студенческие стипендии и визы. В Казахстане это движение только набирает силу — во многом благодаря частным инициативам.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Фонд Кулибаева открывает цифровую арену для молодежиКиберспорт больше не “просто игры”. отключены

Зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өседі – Еңбек министрлігіҚазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері айтарлықтай өседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Базалық зейнетақы 6,5 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға артты. Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляция болжамына сәйкес жүргізілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын ұлғайып, 2028 жылға дейін күнкөріс минимумының 70 пайызына дейін жетеді, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызға дейін өседі.

Министрлік мәліметінше:

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 65%-ынан 70%-ына дейін өсіп, 32 360 теңгені құрады;
Ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін көбейіп, 50 851 теңгеге жетті.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа жиынтық зейнетақы мөлшері 143 502 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 814 теңге, базалық зейнетақы — 47 688 теңге болды.

Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы әр зейнеткерге жеке тағайындалады. Есептеуде адамның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Бұл өтілге:

1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі;
Міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады.
Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса (немесе мүлде болмаса), базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 70%-ына тең болады. Әр қосымша жыл үшін бұл көрсеткіш 2%-ға артады. Мысалы:

20 жылдық өтіл — 90%;
30 жыл және одан көп — 110% (максималды мөлшер).
Ай сайын БЖЗҚ-ға бірнеше мәрте жарна төленсе де, есептелетін өтіл бір ай болып саналады.

Министрлік ескертуі:

Қаншалықты тұрақты және толық көлемде міндетті зейнетақы жарналары төленсе, зейнет жасында базалық зейнетақы мөлшері де соғұрлым жоғары болады. Ал ынтымақты зейнетақы төлемі азаматтың 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кемінде 6 ай болуға тиіс) және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты есептеледі.

Бұған дейін елдегі зейнетақының орташа мөлшері туралы жазған едік.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өседі – Еңбек министрлігіҚазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері айтарлықтай өседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. отключены