«Задача государства – создать благоприятные условия обучения для каждого ребенка независимо от места его проживания» Касым-Жомарт Токаев, Президент Республики Казахстан
В Казахстане сформирована устойчивая государственная политика, направленная на создание благоприятных, безопасных и комфортных условий для получения качественного образования каждым учеником, независимо от места проживания. Этому способствует масштабная государственная программа, реализуемая в последние годы. В стране ведется беспрецедентное строительство новых школ. По поручению Главы государства уже четвертый год подряд ежегодно модернизируется около 1000 сельских и районных школ. Это позволяет не только улучшать условия обучения, но и сокращать разрыв в качестве образования между городскими и сельскими организациями образования. За последние три года была обновлена материально-техническая база более 4 тысяч школ. Свыше чем в 2 тысячах организациях образования оборудованы современные предметные кабинеты по робототехнике, химии, биологии, физике и STEM-дисциплинам. Только по итогам 2024 года в 967 школах было установлено рекордное количество — 1621 современных предметных кабинетов. Работа в этом направлении продолжается: к 2029 году планируется открыть не менее 7000 современных предметных кабинетов. Важным фактором повышения качества образования стало внедрение цифровых технологий. В рамках национальных инициатив 100% школьных учебников переведены в цифровой формат, а в 95,2% школ повысилось качество интернета. Активно внедряются образовательные платформы, в учебный процесс интегрируются элементы искусственного интеллекта. Все эти меры направлены на подготовку школьников к вызовам будущего и формирование у них цифровых навыков с раннего возраста. Качество образования напрямую связано с уровнем профессионализма педагогического сообщества. В этой связи государство последовательно поддерживает учителей, повышает их статус и материальное обеспечение. С 2020 года заработная плата педагогов увеличена в 2 раза, а учителя, имеющие квалификационные категории, получают надбавки от 35% до 50% от должностного оклада. Сегодня из 400 тысяч педагогов, работающих в системе среднего образования, около 300 тысяч уже получают такие выплаты. Особое внимание уделяется поддержке сельских учителей: их заработная плата как минимум на 25% выше, чем у коллег из городов. Это способствует привлечению квалифицированных кадров в регионы. С сентября 2023 года, по поручению Президента, для начальных классов организуется бесплатное горячее питание. Также этой мерой охвачены учащиеся из категории социально уязвимых слоев населения. На обеспечение 1,7 миллиона учащихся из местных бюджетов выделено более 192 млрд тенге. Также приоритетом является повышение качества питания: ужесточены требования к персоналу пищеблоков, внедрена автоматизация учета получателей, усилен ежедневный контроль. Кроме того, в рамках фонда «Всеобуч» более 510 тысяч школьников из социально уязвимых категорий ежегодно обеспечиваются школьными принадлежностями. С 2025 года планируется распространить меры поддержки — бесплатное питание и обеспечение школьными принадлежностями — и на учащихся частных школ, относящихся к категории СУСН.
Рубрика:Архив|Комментарии к записи Как Казахстан преобразует образование: новые школы, повышение зарплаты учителям и бесплатное питание учащимся отключены
«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті» Қасым – Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде. Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған. Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы – цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білім беру сапасы педагогикалық қауымдастықтың кәсібилік деңгейімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан мұғалімдерді тұрақты түрде қолдау, олардың мәртебесін, материалдық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өту керек. 2020 жылдан бастап педагогтердің жалақысы 2 есеге артты, ал біліктілік санаттары бар мұғалімдерге ол үшін лауазымдық жалақысының 35%-дан 50%-ға дейін үстемеақы төленеді. Бүгінде орта білім беру жүйесінде жұмыс істейтін 400 мың педагогтің 300 мыңға жуығына осындай үстемеақылар төленіп келеді. Ауыл мұғалімдерін қолдауға ерекше назар аударылуда, олардың жалақысы қалалардағы әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25%-ға жоғары. Бұл өңірлерге білікті кадрларды тартуға ықпал етеді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту енгізілді. 1,7 миллион оқушыны қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттерден 192 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ тамақтану сапасын арттыру мақсатында асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды, күнделікті бақылау енгізілді. Сонымен қатар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген. 2025 жылдан бастап жекеменшік мектептердің оқушылары үшін де әлеуметтік қолдау шараларын енгізу көзделуде.
Рубрика:Архив|Комментарии к записи Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы отключены
Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Негізінен ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) мен әйелдер (72,2%) осындай пікірде. Халық саяси (76,5%) және әлеуметтік-экономикалық (67% ) жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр. Бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтар ауыл-аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау жүйесі ашық бола түсті. Конституциялық сот қалпына келтірілді. Гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласының қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттерді 89%-ы өз көңіл-күйін оң бағалайды. Негізінен 18-35 жас аралығындағы жастар, бойдақтар, отбасылы адамдар, жоғары білімі бар адамдар позитив көңіл-күйде.
Более 70% опрошенных считают, что страна развивается в правильном направлении
По результатам исследования Института общественной политики свыше 70% респондентов считают, что Казахстан развивается в правильном направлении. Такое мнение в большей степени свойственно сельским жителям (80,7%), молодежи до 24 лет (78,9%), женщинам (72,2%).
В оценках населением текущей политической и социально-экономической обстановки фиксируется более умеренный оптимизм – 76,5% и 67% соответственно.
Эти результаты связывают с положительным восприятием проводимых в стране реформ. Так, в общественно-политической сфере граждане получили возможность напрямую избирать акимов сельского и районного уровня, избирательная система стала более прозрачной, восстановлен Конституционный суд, инициативы по гендерному равенству открыли женщинам новые возможности для активного участия в политике и общественной жизни.
Изменения в социально-экономической сфере позволили значительно повысить доходы работников бюджетной сферы, запустить масштабные программы поддержки, обеспечить справедливый доступ к земельным ресурсам, снизить пенсионный возраст для тех, кто работает на опасных и вредных производствах.
В целом, согласно результатам опроса, 89% респондентов характеризуют свое настроение как положительное. Позитивный настрой в большей степени характерен молодым людям от 18 до 35 лет, холостым/незамужним и семейным, респондентам с высшим образованием.
Рубрика:Архив|Комментарии к записи Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеуҚоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Более 70% опрошенных считают, что страна развивается в правильном направлении отключены
Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды.
2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.
2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды.
Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері қатысушылар 1,2 млрд теңге сомасына салық төледі. Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттер беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл тетік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асырылады, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жануарлары, жабдықтар, көшеттер және басқа да құралдар түріндегі тауарлық кредитті орта және ірі ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері АӨК субъектілеріне және жеке тұлғаларға, оның ішінде жұмыссыздарға және кепілді мүлкі жоқ атаулы әлеуметтік көмек алушыларға беретін болады. Әрине, бұл құрал, сайып келгенде, ауыл халқының табысының өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Өңірлерде тауарлық несие ретінде 300-ге жуық жылқы, 1600 бас ірі қара және 4,5 мыңнан астам ұсақ мал бөлінген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы қуатты және дамыған ел құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың табысын арттыру және жұмыс орындарын құру Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Өңірлер мен ауыл тұрғындарын қолдау бүкіл ел үшін қозғаушы күшке айналып, оның одан әрі өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Кредиты под 2,5%: как программа «Ауыл аманаты» помогает сельчанам повышать достаток
Сельское хозяйство является одной из приоритетных отраслей в экономике страны. В сельской местности проживает 38% жителей Казахстана, это почти 7,6 млн. человек. Повышение доходов и создание новых рабочих мест являются приоритетными задачами государственной политики. В этой связи программа «Ауыл аманаты», запущенная в 2023 году по поручению Президента открывает возможности для многих людей начать, развивать свой бизнес, внести вклад в развитие своего региона. «Ауыл аманаты» – это уникальный проект, который входит в национальный проект «Сильные регионы – драйвер развития страны». Программа «Ауыл аманаты» направлена на поддержку жителей сельской местности и малых городов через предоставление льготных кредитов для развития предпринимательства, особенно в сферах животноводства и сельского хозяйства. Кредиты предоставляются под 2,5% годовых на срок до 5 лет, а для проектов в сфере животноводства — до 7 лет. Максимальная сумма займа составляет до 2,5 тыс. МРП, а для развития сельскохозяйственных кооперативов — до 8 тыс. МРП. В 2025 году на выдачу новых микрокредитов и создание 8,1 тыс. рабочих мест предусмотрено 50 млрд тенге. Планируется внедрение информационной системы микрокредитования, которая обеспечит прозрачность процедур, унификацию обработки заявок и детализированный мониторинг данных. Система будет интегрирована с государственными базами данных, что повысит эффективность работы программы и ускорит процесс подачи заявок и получения кредитов. В 2023-2024 г. на реализацию программы было выделено 120 млрд тенге из республиканского бюджета. Эти средства позволили выдать более 16,2 тыс. микрокредитов на сумму 107,9 млрд тенге, было создано 17,8 тыс. новых рабочих мест. С начала реализации программы в регионах создано более 540 сельскохозяйственных кооперативов, из которых 537 получили финансирование на сумму 12,1 млрд тенге. Ключевым элементом программы является механизм револьверного кредитования, который позволяет акиматам областей без привлечения дополнительных бюджетных средств расширять доступ сельских жителей к микрокредитам для развития предпринимательства и увеличения доходов. За счет возвращенных заемщиками средств револьверным методом дополнительно было выдано около 1 тыс. микрокредитов на сумму 7 млрд тенге. С начала реализации программы участниками выплачены налоги на сумму 1,2 млрд тенге. В лидерах Актюбинская, Туркестанская и Жамбылская области. По поручению Главы государства утверждена Дорожная карта по реализации механизма выдачи товарных кредитов в сельских населенных пунктах и малых городах. Механизм осуществляется в рамках социальной ответственности бизнеса, а товарный кредит в виде сельхозживотных, оборудования, рассады, саженцев и других средств для производства сельхозпродукции будет выдаваться представителями среднего и крупного сельхозбизнеса субъектам АПК и физическим лицам, в том числе безработным и получателям адресной социальной помощи, у которых отсутствует залоговое имущество. Безусловно, данный инструмент в конечном итоге способствует росту доходов сельского населения и созданию новых рабочих мест. В регионах в качестве товарных кредитов уже распределено около 300 лошадей, 1600 голов крупного рогатого скота и более 4,5 тыс. голов мелкого рогатого скота. Программа «Ауыл аманаты» является важным шагом на пути к созданию сильной и процветающей страны. Развитие сельских территорий, повышение доходов населения и создание рабочих мест способствуют укреплению экономики Казахстана. Поддержка регионов и сельского населения становится движущей силой для всей страны, способствуя ее дальнейшему росту и развитию.
Рубрика:Архив|Комментарии к записи 2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі\Кредиты под 2,5%: как программа «Ауыл аманаты» помогает сельчанам повышать достаток отключены
IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000–ға кіреді?
IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады.
Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peerжобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі.
Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanatжобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.
IQanat Олимпиадасы жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University ofChicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.
Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.
IQanat Олимпиадасы – білім сынағы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшыларға арналған ұмытылмас тәжірибе, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер!
Рубрика:Архив|Комментарии к записи Баспасөз хабарламасы отключены