Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғам игілігі үшін бірлесе еңбек ету – әрбір азаматтың міндеті. Егіндікөл ауданының өркендеуі тұрғындардың белсенділігі мен ынтымағына байланысты. Бірлігімізді нығайтып, ортақ мақсат жолында күш біріктірсек, ауданымыздың дамуына және еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қоса аламыз.
Асай Егінбай жастар орталығының директоры