NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келіп, Астанада өтетін AI MONTH шарасына арнайы қонақ ретінде қатысады.
Сапар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен, Astana Hub қолдауымен өтеді.
📅 23 қыркүйек – 23 қазан аралығындағы AI MONTH AI мамандарын, әзірлеушілерді, стартаптар мен технологиялық компанияларды біріктіреді.
Бағдарламада HackAlem AI, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы және 2–3 қазанда өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы бар.
🌐 AI MONTH – Қазақстанның AI және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға арналған маңызды алаң.
