Ақмола облысында 2 мыңға жуық үйде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілдіӨңірде өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда.

Ақмола облысында 2 мыңға жуық үйде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді
Өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлері мен волонтерлердің қатысуымен тұрғын үй секторын аралап, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 2 мыңға жуық жеке үй қамтылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылыту маусымында өңірде 325 өрт тіркелді. Өрт кезінде 10 адам құтқарылғанымен, 7 адам қаза тауып, тағы 6 адам жарақат алған. Бір адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмса, екі адам жарақат алды. Материалдық шығын 46 млн теңгеден асты.
Өрттің негізгі себептерінің бірі – пештерді пайдалану талаптарының бұзылуы. Осындай жағдайлардың салдарынан 149 өрт тіркеліп, бұл жалпы өрт санының 45,8%-ын құрады.
«Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үй секторында өрт шығу қаупі дәстүрлі түрде артады. Сондықтан профилактикалық жұмыстар суық түскенге дейін алдын ала жүргізіледі», – деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Досбол Жақсыбаев.
Айлық аясында мамандар аулаларды аралап, жылыту пештері мен мұржалардың жағдайын тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруде. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға және басқа да әлеуметтік осал санаттарға ерекше көңіл бөлінуде.
Профилактикалық жұмыстар барысында шамамен 80 түтін және көмірқышқыл газы датчигі орнатылып, 42-ден астам мұржа тазартылды. Өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз ету үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағындағы 12 бетон блок және басқа да кедергілер алынды.
Айлықтың маңызды бағыттарының бірі – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында 273-ке жуық материал жарияланып, әлеуметтік желілерде 400-ден астам жазба орналастырылды. Тұрғын үй қорында шамамен 400 профилактикалық жадынама таратылып, дауыс зорайтқыштар арқылы халыққа 700-ден астам үндеу жасалды.
Құтқарушылар тұрғындарға пештерді, мұржалар мен электр сымдарын алдын ала тексеріп, ақауы бар құрылғыларды пайдаланбауды және балаларды қараусыз қалдырмауды еске салады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.