Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің болашағы үшін маңызды саяси оқиға. Құрылтай құрамына елдің мүддесін қорғайтын, халықтың талап-тілегін жеткізе алатын азаматтардың сайлануы маңызды деп ойлаймын. Әрбір азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, сайлау үдерісіне белсенді қатысуы қажет. Біз үшін елдің тұрақты дамуы, заңның үстемдігі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және өңірлердің дамуына көңіл бөлу маңызды. Сондықтан Құрылтай сайлауы қоғамның пікірін ескеріп, ел болашағына бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін.
Нурдаулетов Қайрат тілдер оқыту орталығының директоры
