Сайлауға қатысу – қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі. Сайлау – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың маңызды тетігі.

Дауыс беру азаматтардың елдің болашағына деген көзқарасын, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға және мемлекеттің дамуына ықпал етуге дайын екенін көрсетеді.

Сонымен қатар қоғамның саяси кемелдігі тек сайлаушылардың белсенділігімен ғана емес, кандидаттар мен саяси партиялардың бағдарламаларын, мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсініп, саналы таңдау жасауымен де айқындалады.

Сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін дауыс беріңіз!

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.