Жаңа буын экономикасы: әртараптандыру Қазақстан ЖІӨ өсуіне сеп

Investing.com Қазақстанның экономикасы әртараптанып жатқанын айтады. Бұрын негізгі драйвер тау-кен өндіру секторы болса, қазір қосылған құны жоғары өнімдер өндіретін салалар басты орынға шығып жатыр. Былтыр елдің ЖІӨ 6,5% өсті. Негізгі үлес қайта өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салаларының еншісінде. Бұл тенденция биыл да жалғасып жатыр. Қаңтар-маусым аралығында экономика 4,1% өсті, ал құрылыс саласы 15% артқан. Осындай жоғары көрсеткіштер көлік, логистика және қайта өңдеу саласында сақталды.
Инвестиция құрылымы да өзгеріп жатыр. Қазір капиталдың негізгі көлемі қайта өңдеу, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс салаларына бағытталады. Инвестор үшін бұл маңызды көрсеткіш. Өйткені, экономикада өсу көзі көп болған сайын, оның жаһандық шикізат құнына тәуелдігі азаяды, сол арқылы сыртқы сынақтарға төзімділігі артады. Бүгінде шикізаттық емес саланы дамыту – экономикалық саясат мәселесі ғана емес, елдің тұрақтылығының көрсеткіші.
Дәл осындай әртараптану ғана ұзақ мерзімді өсім кепілі бола алады, Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.