Олардың айтуынша, Қазақстан Қытай, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақ елдері үшін маңызды серіктес саналады. Сондықтан парламент сайлауының табысты өтуі халықаралық серіктестердің сенімін нығайту тұрғысынан да ерекше мәнге ие.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан бірнеше жыл бұрын басталған реформалар бағытын дәйекті түрде жалғастырып келеді. Алдағы сайлау Қазақстан азаматтарына заманауи демократиялық мемлекетті одан әрі дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
