Медиацияда жеңілген тарап болмайды.

Ел мүддесіне қызмет еткен,өзінің өміршеңдігін көрсеткен реформалар сот саласында аз емес. Соның арасында медиация институтының шоқтығы биік. Он бес жылдан бері қоғамда үздіксіз қолданылып келе жатқан «Медиация туралы» заң елге керек екенін толық дәлелдеді.Әрине осыдан 15 жыл бұрын,яғни 2011 жылғы тамызында «Медиация туралы» заң бүгінгідей ең сұранысы жоғары заңнаманың біріне айналды десе көп адам сене қоймайтын еді. Себебі ол тұста азаматтар медиатор көмегіне жүгінбей түгілі, медиация деген сөздің қандай мағына білдіретінін, қандай мақсатты көздейтінін білмеді.Заңның басымдықтарын түсіндіру үлкен ақпараттық жұмыс жүргізуді, медиаторлар легін қалыптастыруды талап етті. Мұндай  жаңашылдықты алға сүйреу сот органына жүктелді. Ал соттар «Медиация туралы» заңды тәжірибеде қолданудың нақты механизімін үйретіп қоймай, медиация бұрышын,медиация кабинеттерін ашуда, медиаторлыққа оқытып, кәсіби медиаторлар тобын қалыптастыруда көштің алдында жүрді. Осындай ұйымшылдықпен жүргізілген жанкешті енбектің  нәтижесінде медиация елдегі ең танымал, ал медиаторлар ең қажетті мамандыққа айналды. Бүгінде кәсіби медиатор болуға ынталы жандар саны жыл санап өсуде. Әрі медиаторлардың араласуымен шешілетін даулар да көбейіп келеді.

Мұның себебі белгілі. Азаматтар медиацияның тиімді екеніне тәжірибе барысында көз жеткізді. Бұл институттың басты артықшылығы-дауларды бейбіт жолмен,талас-тартыссыз жылдам шешуінде. Келіспеушілік сотқа жеткізбей, сот барысында ортақ мәмілемен реттеу уақыт жағынан ұтымды,қаржылық жақтан да қалтаға түсетін салмақтан азайтуымен құнды. Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда азаматтардың сот ауресінен гөрі, медиацияны тандайтыны сондықтан.

Әрі тиынын теңгеге айналдыруға тырасатын азаматтар сот арқылы құқықтық қорғаудың шығыны көп екенін жақсы біледі. Ал медиацияда керісінше дауды шешу үшін адвокатқа ақша шығындаудың, жолға қаржы құртудың қажеті жоқ. Тараптар татуласқан жағдайда мемлекеттік баждың қайтарылуы да оң үрдіс. Сондай-ақ соттасу сыйластыққа сызат түсіреді, даукеспен достасуға көпшіліктің ынта таныта қоймайтыны рас.  Қазіргідей бедел мен танымалдылық басты орында түрған уақытта өз кәсібін өркендетіп, жұмысының алға басқанын қалаған азаматтар соттан гөрі, татуласуды жөн көреді.

Сонымен қатар, сотта бір тарап жеңіп, бір тарап жеңілсе, медиацияда екі жақ ортақ келісімге келетіндіктен, жеңілген тарап болмайды.Он бес жылдық тарихында медиация талай даудың бейбіт шешіліп, тараптардың өзара татуласуына мүмкіндік берді. Ел игілігіне жараған бұл заң алдағы медиаторлар санын арттырып, мемлекетте дауларды бітіммен аяқтау мәдинеиетін қалыптастуруға қызмет етері күмәнсіз.

Анар Асылханқызы Жанабаева

Егіндікөл аудандық сотының

 бас маман-сот отырысының хатшысы.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.