Президент Қазақстанның украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қарайтынын атап өтіп, бейбітшілікке қол жеткізу үшін дипломатиялық жолдарды іздеудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, қақтығысты уақытша тоқтатып, «Ыстанбұл формуласы 2.0» аясындағы келіссөздерге қайта оралу ұзақ мерзімді бейбітшілікке бастайтын маңызды қадам болуы мүмкін.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұл қақтығыста арағайын болудан бас тартатынын айтып, ең бастысы – адам өмірін сақтап, қантөгісті тоқтату екенін жеткізді.
Президент сөз соңында Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға бейілдігін тағы бір мәрте растады.
