Оның айтуынша, қазіргі уақытта шығыстар сметасы әзірленіп жатыр, сондықтан нақты соманы атауға әлі ерте.
— Жалпы сметаның шамамен 75 пайызы 71 мың сайлау комиссиясы мүшесінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Бұл көрсеткіш өткен референдум кезіндегі шығындармен шамалас, — деді ОСК мүшесі.
Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін, ақпараттық плакаттарды және сайлау учаскелерінде орналастырылатын партиялар туралы материалдарды басып шығаруға қаржы қарастырылғаны айтылды.
Бұдан бөлек, сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге арналған бейнероликтер мен БАҚ-тағы акцияларға, сайлау комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, іссапар, көлік және байланыс қызметтеріне де қаражат бөлінеді.
— Бұл бағыттарға сайлау науқаны бюджетінің шамамен 25 пайызы жұмсалады. Нақты қаржы көлемі туралы кейінірек айта аламыз, — деді Михаил Бортник.
Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Дереккөз: kaz.inform.kz
