“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша Ақмола өңірінің барлық ірі қалаларында “Қауіпсіз қала” профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды.

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша Ақмола өңірінің барлық ірі қалаларында “Қауіпсіз қала” профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды.
Ауқымды жұмыстар ағымдағы жылдың 3 маусымында басталды.
Құрамына патрульдік полиция, ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар кіретін мобильдік топтар қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қылмыстың алдын алуға ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Іс-шаранының алғашқы тәулігінде ғана облыс полицейлері 270-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Рейдтер барысында жекелеген азаматтардан тыйым салынған шаншу-кесу заттары тәркіленді.
Қоғамдық орындарда мас күйінде азаматтардың болу фактілері құқық қорғау органдарының ерекше алаңдаушылығын тудырады. Тәулігіне қала көшелерінде алкоголь ішудің 130-дан астам фактісі тоқтатылды.
Мұндай адамдар көбінесе қылмыстардың, жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың құрбаны болады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.