Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды

Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған профилактикалық мультфильм дайындады.

📌 Білгеніңіз абзал

🌊 Балаларды өзен, көл немесе бассейн жанында қараусыз қалдырмаңыз.

🚦Серуендеу, велосипед және самокат тебу кезінде жол жүру ережелерін үнемі еске салып отырыңыз.

🏠 Бала жүретін таныс аумақтың өзі ересектердің ұдайы назарында болуы тиіс.

📱Балаларға ғаламторда бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке деректерді бөлісуге болмайтынын түсіндіріңіз.

👨‍👩‍👧‍👦 Қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу балаларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

👮‍♂️ Полиция ата-аналарды жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады.

🌞 Әрбір баланың жазғы демалысы жарқын, мазмұнды әрі қауіпсіз болсын!

📱 POLISIA.KZ

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.