Медиация –дауды шешудің ең жақсы тәсілі.

Дауды шешудің ең тиімді әдістерінің бірі- медиация. Бүгінгі таңда бұл рәсім еліміздің сот жүйесін дамытудағы басым бағыттарының бірі. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Кезінде азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер,шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі мақсаты-келген шығынды қалпына келтіріп,дауласушыларды бітімге жеткізу болған.

Медиацияның негізгі  принциптері-еріктілік, құпиялылық,өзара сыйластық, тараптардың теңдігі, медиатордың бейтараптығы мен әділдігі,рәсімнің ашықтығы. Медиация істердің барлық санаттары бойынша және тіпті онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша да қолданылады.Қазіргі таңда татуласу,бітімгершілік рәсімнің аясын кеңейтуге, халықты дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеліністі төмендетуге оң ықпал ететін «Медиация туралы» заң қарқынды жалғасуда.

Тараптар өзара жол беру негізінде сот процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Жауапкердің қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Сот тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды,оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі. Мұндай келісімді, егер оның шарттары заңға қайшы келетін болса немесе басқа да адамдардың құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін бұзатын болса,бекітпейді. Егер тараптар татуласу, медиация  немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісімнің шартын бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.Дауды осы рәсіммен аяқтау сотқа қарағанда, дау талаптардың мүддесіне тікелей байланысты.

Ең бастысы сот табалдырығын тоздырып шаршаған, ыза мен кектенген дауласушыларға тиімді тәсіл. Сондықтан, ежелгі бітім салтына байланатын бүгінгі медиацияны таңдау- ата жолымыздан айнымағанымызды көрсетеді.

Анар Асылханқызы Жанабаева

Егіндкөл аудандық сотының

 бас маман, сот отырысының хатшысы

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.