Отбасы – адамға күш-қуат беретін, өмірге сенім сыйлайтын ең қымбат құндылық. Әрбір жетістік пен қуаныштың артында жақын жандардың қолдауы мен мейірімі тұрады.
Бұл мереке – ата-анаға алғыс айтып, туған-туыстың қадірін сезінетін ерекше күн. Әр шаңырақта береке мен бірлік, махаббат пен шаттық орнасын!