«Таза Қазақстан» – бұл табиғатты қорғау ғана емес, бұл – болашаққа деген жауапкершілік.

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2029 жылға дейінгі өңірлік іс-қимыл жоспары бекітілді. Жоспарға 40-тан астам іс-шара енгізіліп, олардың басым бөлігі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Негізгі бағыттар – экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім беру және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін кеңінен насихаттау.

Ортақ мақсат – таза орта, жауапты қоғам және экологиялық тұрғыдан тұрақты өңір қалыптастыру. Әрқайсымыз табиғатты аялауға өз үлесімізді қосайық!

ТазаҚазақстан

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.