eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталының басты беттерінде «Референдум» арнайы баннері орналастырылған. Баннерге өткеннен кейін пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру сервисіне өтеді, онда ол өзінің ЖСН-ін және өңірін көрсетуі қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, өңір мен ауданды, сондай-ақ дауыс беру орнының нақты мекенжайын көрсетеді.
Сондай-ақ осы бетте «Жиі қойылатын сұрақтар» бөліміне сілтеме қолжетімді, онда азаматтар референдумға қатысты пайдалы ақпаратты таба алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1174981?lang=kk
