2026 жылғы 1 наурызда Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алакөл сайлау округі
Алакөл ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 295 азамат енгізілді, олардың 235-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –14, «Бәріне қарсымын» деген
жолда белгі қойылған – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ғайнуллина А.А.- 26; Жылқыбаев М.К. – 174; Қарабекова А.К. – 17.
1988 жылы туған, ЖШС «Стройсервис MGK» басшысы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Астана қаласында тұратын Жылқыбаев Марат Құтанұлы Алакөл ауылдық
округінің әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
