Облыстық Жастар-ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» нарративі аясында Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұндай кездесулер қаладағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Кездесудің басты мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту, заң талаптарын сақтау қоғамның күнделікті нормасына айналуына ықпал ету.
Іс-шараға «AE Group consulting» ЖШС директорының орынбасары Әлішер Ерназаров, Ақмола облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі Разия Курсанова және Көкшетау қаласы полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Тимур Бажиров қатысты.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға қайшы әрекеттердің салдары және олардың болдырмау жолдары туралы маңызды тақырыптар қозғалды. Әр спикер студенттермен ашық диалог орнатып, кездесу еркін әрі түсінікті форматта өтті.
Полиция подполковнигі Разия Курсанова есірткі, психотроптық заттар және олардың заңсыз айналымы туралы айтып, жастарды оңай табыс табуға ұмтылудың соңы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, жасөспірімдердің заң талаптарын білмеуі, психологиялық ықпалға тез берілуі және оңай ақшаға қызығуы түрлі құқықтық мәселелерге себеп болады. Мұндай жағдайлардың алдын алуда отбасы тәрбиесі мен қоршаған ортаның әсері ерекше маңызға ие.
Ал полиция капитаны Тимур Бажиров интернет-алаяқтық, дропперлік әрекеттер және одан сақтану жолдары туралы түсіндірді. Ол жастарды күмәнді ұсыныстардан сақ болуға, қаржылық операцияларда мұқият болуға шақырды.
Дроппер ұғымын «AE Group consulting» ЖШС директорының орынбасары Әлішер Ерназаров кеңінен тарқатып, бұл құбылыстың қазіргі киберқылмыстың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, дроппер — алаяқтар ұрлаған қаражатты өз банк картасы арқылы өткізетін адам. Көп жағдайда жастар оңай табысқа қызығып, мұндай қылмысқа байқамай араласып кетеді.
Спикер өз сөзінде жастарға сыни ойлаудың, қаржылық сауаттылықтың және заңды білудің маңызын ерекше атап өтті. «Оңай ақша жоқ. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Әрқайсыңыз өзіңізді, жақындарыңызды және болашағыңызды қорғауға міндеттісіздер», — деді ол.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
Незнание закона не освобождает от ответственности
В Кокшетауском гуманитарно-техническом колледже прошла встреча со студентами в рамках нарратива «Закон и порядок», организованная Молодежно-ресурсным центром управления внутренней политики Акмолинской области. Такие встречи регулярно проводятся со студентами вузов и колледжей города.
Главная цель проекта — повысить правовую грамотность молодежи, укрепить доверие к государственным органам и сформировать понимание того, что соблюдение закона является нормой для каждого.
В мероприятии приняли участие заместитель директора ТОО «AE Group consulting» Алишер Ерназаров, старший оперуполномоченный управления по борьбе с наркотиками ДП Акмолинской области, подполковник полиции Разия Курсанова, а также капитан полиции, старший оперуполномоченный уголовной полиции Кокшетау Тимур Бажиров.
Во время встречи спикеры рассказали о наиболее распространенных правонарушениях среди молодежи, их последствиях и способах предотвращения. Разговор прошел в открытом формате, студенты могли свободно задавать вопросы.
Подполковник полиции Разия Курсанова напомнила об ответственности за незаконный оборот наркотических и психотропных веществ. Она подчеркнула, что стремление к «легким деньгам» часто приводит молодых людей к серьезным проблемам с законом.
Капитан полиции Тимур Бажиров рассказал о мошенничестве и явлении «дропперов» — людей, которые передают через свои банковские карты деньги, полученные преступным путем.
Эту тему подробнее раскрыл заместитель директора ТОО «AE Group consulting» Алишер Ерназаров. Он объяснил, что за внешне «простыми» предложениями быстрого заработка нередко скрываются схемы киберпреступности. Спикер призвал молодежь развивать критическое мышление, повышать финансовую грамотность и помнить, что легких денег не бывает.
В завершение встречи студенты задали интересующие их вопросы и получили подробные ответы от специалистов.
Пресс-служба
Молодежно-ресурсного центра Акмолинской области
Управления внутренней политики Акмолинской области
(конт.тел.: 50-72-69 Балабеков Женис)