Aqorda 🇰🇿:2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін.

Біз энергетикалық әлеуетімізді нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын дамыта береміз.

Шағын және орта бизнес әрдайым мемлекеттің назарында болады. Барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделеді, сондай-ақ тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтереді.

Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ.

Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – басты міндетіміз. Менің бастамаммен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында осымен үшінші жыл қатарынан әр баланың есепшотына қаражат түседі.

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындай береді. Біз білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға әрдайым айрықша назар аударамыз.

t.me/aqorda_resmi

2026 год объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта

2026 год откроет новый этап модернизации Казахстана. Важное значение для благополучного будущего нашей страны будет иметь предстоящая конституционная реформа. Уверен, граждане поддержат эту реформу, которая ускорит движение Казахстана по пути развития и прогресса.

Будем работать над укреплением энергетического потенциала, решением вопросов агропромышленного комплекса, водного хозяйства, развития транспорта и логистики, жилищно-коммунальной инфраструктуры.

И, конечно, в фокусе внимания государства будет находиться малый и средний бизнес.

Во всех регионах откроются новые предприятия, будут ремонтироваться дороги, строиться жилые дома, школы, медицинские, спортивные и культурные объекты.

В Послании я заявил о необходимости превращения Казахстана в цифровое государство. Мною принято решение объявить следующий год Годом цифровизации и искусственного интеллекта. Внедрение передовых технологий позволит усилить потенциал страны во всех сферах.

Наша обязанность – в практическом плане проявлять заботу о подрастающем поколении. Совсем скоро в рамках моей инициативы «Нацфонд – детям» на счет каждого ребенка уже в третий раз поступят финансовые средства.

Государство продолжит выполнять свои социальные обязательства. Как это было и ранее, особое внимание уделим образованию и здравоохранению.

t.me/aqorda_resmi

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.